ВЕРНУТЬСЯ

     Бірі емес ең жел қуған ебелектің,

Хабарласпай еліңе неге кеттің?

- Ақын досым, жол жүріп барам, -десең,

Алматыда ұстайды
шегелеп кім?

Тал бойыңда
бұлқынып, тасып қаның,

Жөн де шығар еліңе асыққаның.

Құрманғазы, бірақ та хабарласпай,

Жігерімді бұ қалай
жасытқаның?!

Туған елдің қол бұлғап белестері,

Асыққаның көзіме елестеді.

Маңайына сыр шашпай қашып кету -

Қыздарға тән
қасиет емес пе еді.

Алтын бесік, еңселі елге барып,

Жүрсің, сірә, алаңсыз  сен демалып.

Қалың елдің ішінде жалғызсырап,

Қалтырадым ызғарлы желде
қалып.

Жаратқанның тұрған соң уысыңда,

Өзің едің досым да, туысымда.

Өмір деген
тартылған сызық болса,

Жүрмекпісің алыстап, бір ұшында.

Қос терекке ұқсаушы ек қатар өскен,

Қоңыр үйдің шығыс жақ бұрышында.

Бәрі өзіңе жете ме
бақан беттің,

Жұртқа түгелой салып саналы еттің.

Исатайдың сен егер көзі болсаң,

Көзін неге ұмыттың
Махамбеттің?!

От шашқанда найзағай тулап өктем,

Түстің бе әлде салбырап қырға көктен.

Көзсіз батыр, ер жүрек Исатай да,

Махамбетті пір тұтып, тыңдап өткен.

Құрманғазы,
жол жүріп сабылғанда,

Әлі талай сынарсың бағыңды алда.

Алматыға әйтеуір бір келерсің,

Мені емес,әйелінді
сағынғанда.