ВЕРНУТЬСЯ

Көп адам –желдің желбең ебелегі...Туа сап – Күнді қуып жөнеледі!..Жүргенде: «Әне, жетем! Міне, жетем!..»-Босайды буынының «шегелері»... «Апыр-ау, бұл жүгіріс не береді?..Мұрса жоқ!.. Маңдайдан – тер себеледі!Алқынып екі өкпесі түске жетпей –Байғұстың еріндері кезереді!.. Түс қайта- қажығаны сезіледі...Жүйкелеп, еңсе шіркін езіледі!..«Жоқ,-дейді,- жер-жаһанда Күннен озған»-Бұл кісі кімге өкпелеп, егіледі?.. «Сорлым-ау!.. Аптығың бас! Күн кешкірді!..»(Осы өзіме де мұңды естілді)...Алақтап – аспан жақтан не қарайсың?..Әдет қой есек дәме... Бұл да ескірді!.. Күн батса: «Ертең тағы шығамын!..»- дер...Тағдырың: «Сені – жерге тығамын!»-дер...«Адамдар – бойына шақ іске ұмтылсын!» -Балаға осыны айтың, мұғалімдер!..                                           Ақпан -2007 ж.