ВЕРНУТЬСЯ

Шымқайы гүлді жайғасып алаң төріне,Шабыттың жойқын шомылғандай селіне,Шашырай шыққан күн сәулесіне малыныпШұғылаға бөккен отырсың қарап жеріңе. Шын көңілменен ден қойып сендей ұлыға,Шығысың бүгін сусындап отыр жырыңа,Шағала жырың-топшысы болат серіппеліШайырлар қанық шамырқанысты сырыңа. Шыңы болдыңыз, өлеңдей асыл өлкенің,Шәрбаттай сөздің көкіректі өртер көркі едің,Шыңыраудан тартқан алмастай өткір өлеңдіШиырығы жазып, әділетсізді өртедің. Шамырқанғанда найза ғып қалам сермедің,Шау тартпас жырмен қара ниетті жерледің,Шапағатыңды тигізіп туған халқыңаШөлдегендерге шәрбат-жыр еді бергенің. Шынайы сөздің алқаны бермес шешені,Шайырлардың шалғайға мәшһүр көсемі,Шырақтай жанып артыңда қалған жақұт-жырШашасына шаң жұқпай ғұмыр кешеді.                               25. 09. 1984 жыл.