ВЕРНУТЬСЯ

Ей, Маңқыстау, Маңқыстау!Жапандағы жалғыз тау.Балдарың шықпай басыңа,Басқалар бұрын барғыш тау.Алғаның сенің алғыс па-ау,Арқалағаның қарғыс па-ау?!Алға жіберіп өзгені,Артында жұрттың қалғыш тау.Сен екеумізге үнеміСезімге толып жүрегі,Нағыз керек боп жүр едіНамысымызды шарға ұстау. Басқалар сені «төбе» деп,Басыңа сиді төбелеп.Байлығың болса болғаны,Басқаға өзге не керек?!Жез қанат тұлпар жебелеп,Жекенді суды көбелеп;Жел қуған сынды ебелек,Мекенін қимай айналғанМен де – бір жынды көбелек.Сен екеуміз – егізбіз,Сең көшірген теңізбіз.Сексен күн баптап бақса да,Семірмейтін өгізбіз.Қабылан-мінез алыптың,Қатепті жүгін халықтыңҚабағын шытпай тартатын,Қара нар зілін артатынМиы айналған мынау замандаМықшыңдап тартар әмандаБір өгіз керек жұртыңа,Жүгіңді сүйрер жұлқына. Сұрапыл сондай күші жоқ,Сормаңдай елмен ісі жоқ,Өгіздің күші түгілі,Өлген бурадай сұсы жоқ,Өңшең бір азғын, әйлеңкес,Өлімтіктер жайлаған,Қарақұрымдай қайнағанҚайран сенің биігің!Қайнатып көңіл күйігін,Кімдердің кір табаныныңАстында қалды десеңші!Ай нұрынан қорыған,Аппақ сүтке жорығанЖарық дүниеде жалғызым,Тоңыңды қалай жібітем,Толмаған орны есең ше?!Жан аяғы жетпеген,Жасанды гүлін екпеген,Жаралған берік сауытынЖау қылышы сөкпеген,Жалғыз биігім сен едің –Жаратқан берген ырысы әлі кетпеген. Сені де бүгін сетінетіп,Тектілеріңді тентіретіп,Отман тауың ойсырап,Ормандай жұртың қансырап;Жаттың қолы жағаңда,Жақсыңды асып бағанға,Жалыныңды өшіріп,Жалқы үмітің кесіліп,Жалынуға мұрға келтірмей,Жаулықсыз қалған кемпірдей,Айдап әкеп аранға,Жаулап алды-ау табанда.Ағысқа қарсы жүзетұғын шамам жоқ,Оңай болмай тұр маған да. Ей, жапанда жалғыз биігім,Еңкеймесін иінің.Ешқашанда ешкімненТұрмасын төмен иығың.Туыңды ерте құлатсаң,Ту-талақай еліңдіТұс-тұсына бөліндіТұрымтай қылып жылатсаң –Сен суалсаң, суалып,Сен қуарсаң, қуарып,Жүрегі бірге соғатын,Тілегі бірге болатын,Уығың болып сүйегенМен кімге барып сүйенем?!Із кесіп тұтас тұманда,Ілмиіп келед жылан да.Көк зеңгірді көретінБір биік керек қыранға.Жыланның тілін суырар,Жын тигендей қуырар,Кер заманға сай кемеңгерКерек-ау тәсіл кей-кейдеКейінгі туған ұланға.«Қиямет күні қылкөпірКүтеді» дейді Құранда.Құраннан құдірет болып па,Торықпа, жаным, торықпа.Жасыңды көзден шығарма,Жақсылық күндер тұр алда.«Жалғызбын» деп жасыма,Жау көрінсе, ұранда.Ту түбінде тұратынТұлғалар керек Тұранға.Жалғыздың жары – бір Құдай,Жар болғай саған бір Алла!..2002 жыл, 26 ақпан. Ақтау.