ВЕРНУТЬСЯ

   Қуаныш боп кеудемді кернесең де,

Шаңборатып, ұйтқыған желгесенбе.

Азаттығым, бақ бар ма саған жетер,

Қазына боп,байлық боп келмесең де.

Жас баладай алданып,ештеңе етпес,

Бордақылап жемқорды жемдесең де.

Бостандыққа бұғаудан босап шығып,

Сыймай келе жатамын кең көшемде.

Саясаттың-сайқалдың сөзіне ерген,

Сақтанарсың сұмдардан көзі мерген.

Сені, Азаттық, сүйемін, қыз болсаң да,

Ғашық болып жігіт кезі келген.

Шыбынжаны шырқырап күйгенде елдің,

Ат құйрығын бәрі де түйген бе ердің?

Ақ жүрек деп ойлама бәрін бірдей,

Үстеріне ақ көйлек кигендердің.

Күн жарқырап көзіңнен көрінгенде,

Жеттің бе ұшып қазақтай көңілді елге?

Сені аңсағам, Азаттық,Бабалардың

Қаны судай шашылып төгілгенде.

Көкжиектің көз алмай жиегінен,

Еркіндікті ел едік сүйе білген.

Сені аңсағам, Азаттық,

Аштық жылы

Тұрғызғанда мұнара сүйегімнен.

Қара бұлттың көбесі сөгілген бе,

Түңілгенде заманнан, өмірденде,

Сені аңсағам, Азаттық,

Тепкіленіп,

Қара жерге өр Рухым көмілгенде.

Жамандықтың ұрығы жері ме өнбей,

Болашаққа жол тарттық шеру етпей.

Аш-жалаңаш жетсеңде өліп-талып,

Жол үстінде тоналған керуендей,

Азаттығым, кім сүйсін сені мендей.

Нұрсұлтанын хан сайлап, өсіргенде,

Түзу жолға бастаған көшін ел де.

Сені қорғап, Азаттық,Елбасы еді

Астананы Арқаға көшірген де.

Арқар ауған екен деп жасқана ма,

Жұрт көшуде сәулетті Астанаға.

Ұйғырларда тұра алмас көшіп бармай,

Көрік беріп,сән болған асханаға.

Тасжігері шарықта қайралғасын,

Жұрттың қалай орманы жайқалмасын.

Жер кіндігі болса егер бұл Астана,

Кіндігіне неге елдің айналмасын?!

Астананың бір үйі дүйім елдей,

Көркін көрмей сөз айтпа, сыйын көрмей.

Кіндігі осал болса егер,

Табаныңда

Айнала ма Жұмыр Жер диірмендей?!