ВЕРНУТЬСЯ

(Кинохикаят)ЖІГІТСалтанаты келіскен жаңа үй. Бөлмелері әлі жиһазсыз, бос болғандықтан, басқан аяқтың дыбысы жаңғырып естіледі. Ол, жасы 40-тар шамасындағы жігіт ағасы, үстіне ала комбинезон киген құрылысшылардың басшысымен кең пішілген еңселі бөлмелерді аралап келеді. Міне, олар үлкен холлға өтті. Жігіт ортадағы орындықтардың бірін төрде тұрған үлкен үстелге жақындатты. Қолындағы папкасын оның үстіне қойып, сызбалардың түрлі нұсқаларын аударыстырып, мұқият қарай бастады.ЖІГІТ: Бәрі орнында, жобадағы нұсқаға сәйкес...ҚҰРЫЛЫСШЫ: Барынша тырысып жатырмыз. Бүгін, тіпті, едендерді де мұнтаздай ғып жуып қойдық.ЖІГІТ: Жақсы.Ол үстелдің жанындағы жұмсақ диванға жайғасып, сигара тұтатты.ЖІГІТ: Әйткенмен, мынау даңғырлаған кең сарай – тұрғын үйден гөрі мейманханаға көбірек ұқсайтын сияқты. Сізге олай көрінбей ме?Құрылысшы иығын қақты.ЖІГІТ: Жә, мейлі! Дегендері болсын. Айттым оларға, құрқылтайдың ұясындай жып-жинақы, сәнді жоба жасайық дедім. Көнді ме, қыңырайып?! Қай жерге қол қояйын?Құрылысшы бір парақ қағаз салынған папканы ұсына берді. Ол әріптесінің қоса ұсынған қарапайымдау қаламын місе тұтпай, қалтасынан қымбат қалам алып, қол қойды.ЖІГІТ: «Жұмысты қабылдадым». Қалған соманы ертең аударамын. Қарсы емессің бе?ҚҰРЫЛЫСШЫ: Жоқ, қарсы емеспін.Жігіт айнаға қарап, шашын түзеді.ЖІГІТ: Ал, мен кеттім. Сау болыңдар!Ол орнынан тұрып, түтіндеген сигарасын құрылысшының қолына ұстата салып, жүре берді. Шылымды қайда қоярын білмей сасқалақтап құрылысшы қалды.ҚЫЗАсүйге кірер есіктің көзінде кейіпкер Қызымыз телефонмен әлдекіммен сөйлесіп тұр. Әңгіме француз тілінде:ҚЫЗ: Non, non… Je me plait cette position, que vous m averpropose… Le salaure est correcte… Et, l autant plus, jadore la France… c’ est pour quelle duree, ce contrat? Sept ans? Parfait… Non, j ai pas des doutes… Simplement j’ ai besoin du tems… J’ ai le déjà dit… Bon… Merci… Au revoir…(Сіз ұсынған жұмыс маған ұнайды, ақысы да көңілге қонарлық. Мен Францияны жанымдай жақсы көремін, оның үстіне шақырып отырған – әйгілі Сән үйі... Келісім-шартымыз қанша мерзімге? Тамаша. Менде ешқандай күмән жоқ, айттым ғой, аздаған уақыт керек. Жақсы. Сізге көп рахмет! Сау болыңыз!Ол тұтқаны орнына қойды. Саз ойнатқышқа күйтабақ салды. Күйтабақ айналып, ән қалықтады. Француз әні. Терезе жақтан асыр салып ойнаған балалардың айғай-шуы естіледі.Ендігі мезгілде Қыз көбік толы ваннада жатыр. Басы шалқаюлы. Музыка үні мұнда да естіліп тұр, Қыздың иығынан мөлдіреп су тамшылары ағады.Міне, оның бейнесі – ванна бөлмесіндегі айнада. Бетіне қызғылт рең опа салып, ернін бояйды. Макияж дайын.Ол енді, міне, үстел басында, жападан жалғыз шай ішіп отыр. Нәзік саусақтарымен қобыраған шашын тарақтап қояды.Шайын тауысып, лезде киініп алды да, кіреберістегі айна алдына келіп, маңдайына түскен бұйрасын кейін қайырды. Оқтаудай тіп-тік балтыр. Жеңіл қимылмен биік өкшелі туфлиін киді. Мойнына жеңіл шәрпін тастай салды да, сыртқа шықты. Тарс етіп есік жабылды. Сол-ақ екен, сырғанап барып, күйтабақтың инесі де тоқтады.