ВЕРНУТЬСЯ

(«Мың бір түннің» желісімен)Екі бөлімді хикая Негізгі кейіпкерлер:Сиқыршы (әрі уәзір)АладдинШешесіСұлтанБадр аль-Будур (Сұлтанның қызы)Жүзіктің перісі ЖынШырағданның перісі ЖынКәмилә  күтуші қызЖұлдыздар, сарай қызметшілері, құл мен күң. Қалтарыс-қуысы мол қараңғы бөлме. Ортада бұрқ-сарқ қайнаған тайқазан. Айнала толған шыны ыдыстар. Әрқайсысында түсі өзгеше сұйықтықтар.Бөлменің төбесі жоқ, ашық. Жалпы сахна шартты түрде болса да, үш жікке бөлінген. Үстіңгі қабат – аспан, жұлдыздар әлемі. Ортаңғы қабат – жер, күнделікті тіршілік алаңы. Төменгі қабат – жер асты әлемі.Сиқыршы әлденені күбірлеп, сиқыр жасап тұр. Жоғарғы қабатта, яғни, аспанда бір шоқ жұлдыз ерекше жарқырайды. Сол шоқ жұлдыздың сәулесі сиқыршының тайқазанына түсіп тұр.Сиқыршы. – О, самаладай жарқыраған алтын жұлдыз! Кімнің бағына жандың сен? Қай пенденің маңдайына жазылдың?Мен – Абур-ра-шайтан, Әспахандүр Мукалай, жарты әлемді шарлаған әулетті сиқыршы!Әпассан-ахир, массумбаКобарджи тахир тусулай...Болдым-ау, мен Хиндыда,Үйрендім сиқыр Синдыда,Бар қаласын МагрибтыңШарладым осы жасымда.Әпассан-ахир, массумба,Кобарджи тахир тусулай.Кеше болдым, Мысырда,Бүгін көрдім, Алла куә,Жарқыраған Мәдина.Әпассан-ахир, массумба,Менен сиқыр қашпаған.Адамзат білмес ғажайып,Кітабымда жазылған.Жарқырайсың, жылтылдап,Ашылып кімнің бағына,Жұлдыздар жанып тұрсыңдар?Қай маңдайлы адамға?Әпассан-ахир, массумба...Кобарджи тахир тусулай...анындағы шыны ыдыстың біреуіндегі сұйықтықты бұрқ-бұрқ қайнаған тайқазанға құяды. Әлгі шоқ жұлдыз одан сайын жарқырай түседі).Сиқыршы. – Әпассан-ахир, массумба...Көгілдір желек аспанда,Жұлдыздар салған өрнек бар,Көрінер көзге жолақтар.Сол өрнекте массумба,Жазылған адам - тағдырлар.Кобарджи тахир тусулай...(Бұрқ-сарқ қайнаған қазан кенет ыс-пыс етіп бу шығарады). Сиқыршы. – Құдіретті күшті сиқыр бар,Қайнаған мынау сұйықта,Жарқыраған жұлдыздың,Жасырынған сыры бар...Әпассан-ахир, массумба...Қолдаса Алла тағала,Құпиясын ашармынӘпассан-ахир, массумба...Қолдаса Алла тағала,Құпиясын ашармынӘпассан-хани, ассулай...Көтерілген будан әлдекімнің сұлбасын ажырата бастағандай.Сиқыршы. – Иә, иә, сәт! Иә, сәт!Әпасса-хани, харун-ра,Мысық жылы туылған,Білгісі – Жақұт, - асылтас.Жасапты жалғыз мүшел жас......Бір мүшел жастан енді асыпты... Боқмұрын бала ғой, мынау... Жаратқан Алла, шынында да, адам пендеге деген мырзалығыңда шек жоқ-ау...Исфаханаки, мукаммал,Жұлдыздың жөнін білген бар,Қаперіне ілген бар...Исфахани массанба...Жұлдызы жанған аспанда,Жер бетінде пенде бар...Боқмұрын бала, жас бала,Жұлдызды тағдыр, – мас бала.Тұрады екен, өзіҚалқас деген қалада...Ассаухари, амандин,Тассаухари, жаландин.Аш-жалаңаш, жақыбай,Баланың аты – Аладдин.Сол қаланың маңында,Бау-бақшаның жанында,О, жасаған, мукаммал...Жер астыңда – қазына...Исфахани массамба,Жер жүзінің бар ханы.Әулетті байы, сұлтаны.Бар байлығын жиса да,Ондай болмас, жамағат!..Ассаухари, массумба!..(Көтерілген бу арасынан жарқ-жұрқ етіп, мол қазына – асыл тастар жалтылдайды).Сиқыршы. – Егер де мен, мукаммал,Қазынаны алмасам,Мол байлыққа кенеліп,Атағымды дүйім ел,Жер-жаһанға жаймасам,Құдіретіңнен не қайыр?Сиқырымнан не қайыр?Жер-жиһанды шиырлап,Құдірет-күш жиям депЫсырап қылған жылдарым,Қайран қалар, не тәйір?!(Тайқазанға шыны ыдыстардағы сұйықтарды өршелене құя түседі).– Олай, болса, жарайды!Өзім тірі тұрғанда,Көзім жеткен қазынаны –  Сиқыр ашқан байлықты.Әулетсіз, тексіз, боқмұрынҚаңғыған жаман балағаҚолдан бере қоймаспын!Әссафахани, тағала!Қор қылғандай табалап,Осыншама байлықты,Қиғаның ба, балаға?Аспандағы құндызым,Мөлдіреген жұлдызым!Тағдырымды ал, менің,Көз алдыма сал менің –Қазынаның құлыбын...(Сол-ақ екен, аспаннан тағы бір жұлдыз жымыңдап, қайнаған сұйыққа сәуле түсіреді. Бұрқ-сарқ қайнаған қоймалжыңнан «ыс-пыс» етіп тағы да бу көтеріледі. Сол будан сиқыршы енді өз тағдырын көреді. Ішін ұстай, етпетінен сұлап сиқыршы жатыр. Қорылдап ұйқыға басқан. Жанында шарап құятын алтын пиала ұстаған ғажайып сұлу қыз. Кенет әлдеқайдан ширақ басқан жас жігіт шыға келіп, алдаспанын жарқ еткізіп, жерде жатқан сиқыршының басын қағып алады. Лезде көрініс жоғалады).Сиқыршы. – О, Алла, сұрарым сауға, бір рақым!Күткенім сенен, осы ма еді?!Хиндыдан да, Синдыдан да,Ежелгі сонау Мысырдан,Іздегенім сиқыр емес,Құдірет те емес,Жалаңдаған ажал ма еді?!О, сұрқия жұлдыздар!Кеудемде тірі жан тұрғанда,Құдірет-күшім сай тұрғанда,Сиқырымды-қуатымды жұмсармын!Мақсатыма жетермін!Әссафахани ар-рамба!Қолымды салып шеңгелдеп,Алтын-жауһар күмістен,Уыстап алып, көсермін!О, сұрқия жұлдыздар!Өмір бойы дегеніңмен жүріп, бергеніңе шалқыдым! Сондағы тапқаным осы ма? Алыстан жымыңдаған құпияңды ашам деп, жер-жаһанды кезбеп пе ем?! Аштыққа да, жоқшылыққа да төзбеп пе едім? Сондағы бергенің осы! Жымың-жымың, жылбысқы жұлдыздар! Ысырап қылған жылдарым! Жо-жоқ! Оныңа көне қоймаспын! Жолымда бере алмаспын! Тәбәрік етсең тәнімді, құпияңды тарттым жолыма!Әс-сафаһани, массумбаКобарджи тахир туссулай...(Тайқазанды айналып, сиқыр жасай бастайды. Аспандағы ерекше жымыңдаған сол жұлдыздың сәулесі жер асты қабатын тіміскілегендей. Алайда, төменгі қабат – қараңғы).2-көрінісАладдиннің үйі. Шағын ауласы бар, жұпыны жер үй. Аладдиннің шешесі мақтадан жіп иіріп отыр. Шетте, аула сыртында Аладдин бір топ балалармен асық ойнап жатыр. Сырттарынан бір адам кеп тоқтайды. Өзі қымбат киімдермен малына киінген, жүріс тұрысы әулетті кісіге ұқсайды. Шеттегі бір баланы әрірек шақырып алып, екеуі біраз уақыт ымдасады. Содан соң ол баланың қолына теңге ұстатып, бері қозғалады. Аладдиннің жанына келіп еңіреп жылап жібереді де, құшақтай алады.Бейтаныс. – О, Алла-тағала бергеніңе шүкір! Таптым, таптым! Осы күнге жеткізгеніңе мың алғыс! Шүкір, шүкір!(Аладдин бейтаныс адамның ерсі қылығынан шоршып, шегіншектей береді).Бейтаныс. – Айналып кетейін-ау, құдды өзісің ғой! Аумай қалыпсың, аузынан түскендейсің... Сен менен шошыма! Мен сенің көкеңмін.Аладдин. – Көкем?Бейтаныс. – Иә, иә, жаным! Көкеңмін! Сен осы қаладағы тігінші Смаил Мустахидың баласы емессің бе?Аладдин. – Иә... Бірақ, менің әкем әлдеқашан қайтыс болған!(Бейтаныс одан сайын жылап, көз жасын көлдетті).Бейтаныс. – Алла, жазғаның сол болса, қай-те-е-ейін!Бауырым-ай! Жалғызым-ай, кеткен екенсің ғой, өткен екенсің ғой!Аладдин. – О, бейтаныс жолаушы! Неге сонша жылайсың? Көзіңнің жасын бұлайсың? Мені қалай таныдың, әкемді қайдан білесің?Бейтаныс. – Қалай ғана жыламайын, жаным-ау! Мен – сенің әкеңнің жан дегенде жалғыз туысы – ағайы емеспін бе? Жер-дүниені аралап, жарты әлемді шарлап, арып-ашып, шаршап-шалдығып жеткенімдегі бар мақсатым да – бауырымды бір көріп, мауқымды басып, тірлігімді білдіру емес пе еді?! О, Алла, сенің жазғаныңнан қай адам баласы күтылып ед, қай пендең ұтылып ед?! Оның орнына неге мені алмадың?! Неге менің дәм-тұзымды тауыспадың?!Жаным балам, сен... сен... ендігі менің өмірім де сен, тірегім де сен! Айналайын... түріңнен... Бұған да шүкір! О, Алла тағала, артынан ілесер тұяқ қалдырғаныңа да шүкір. Сендей ұл қалдырған ол да нәпахасыз емес екен! Шүкір, шүкір...Ал, балам, үйлерің қайда? Шешең қайда? Көрсетпейсің бе, көкеңе?(Аладдин бейтаныс жолаушыны үйінің жанына алып келеді).Бейтаныс. (Қалтасынан он динар алып) – Айналайын, бүгінге маған осы бақыт та жетіп қалар. Артығын жүрек көтере алмас. Мә, мына он динарды шешеңе жеткіз, менен сәлем айт. «Әкемнің жалғыз ағайы – көкем оралыпты» де. Дәм бұйырса, ертең онымен де сәлемдесермін, бауырымның көтерген шаңырағының табалдырығынан да аттармын... Басына да барып, мінәжат етіп қайтармын!..Ал, қош сау бол! Көріскенше күн жақсы!.. (Кетеді).(Аладдин үйіне жүгіріп кіреді. Ентігіп кіргені сол, шешесінің құралдарын шашып жібере жаздайды).Шешесі. – Қап, қу шұнақ-ай, қу шұнақ, жүрісің қалай? Шаштың ғой, ақтардың ғой, жиған-тергенді!.. Алда, қара басқыр тірлік-ай!Аладдин. – Шеше, шеше деймін!Шешесі. – Не болды сонша, топалаң келгендей?Аладдин. – Шеше, көкем келді! Алыс сапардан көкем оралды! Жаңа мен көрдім оны! Міне, міне! Маған он динар берді!Шешесі. – Не дейді? Қайдағы көке? Қайдағы ақша? Не деп тұрсың, өзің?Аладдин. – Алыс сапардан көкем оралды, көкем! Мен жаңа ғана өзім кездестім, онымен! Жаңа ғана!Шешесі. – Қой, балам! Қайдағыны айтпа! Сенің әкеңде көзі тірі туысқан қалған жоқ. Бір ағайы болып еді, ол ілгеріректе қайтыс болған... Басқа, басқа еш туысы жоқ.Аладдин. – Жоқ бар! Мен жаңа ғана өз көзіммен көрдім! Міне, міне, он динар беріп жіберді! (Шешесіне береді). Ертең келем деді, үйімізге. Бауырымның көтерген шаңырағын өз көзіммен көрем деді.Шешесі. – Япырмай, ә! Әкеңнің мен білетін туысқаны, тіпті, бауыры жоқ сияқты еді. Кім болды екен? Ертең келе ме?Аладдин. – Иә, иә, шеше! Келеді!(Екеуі қатты ойланып қалды. Қараңғылық).Ертеңіне Аладдиннің шешесі дастархан қамымен жүр. Аладдин әлсін-әлсін аулаға шығып жол қарайды.Шешесі. – Япырмай, дегбірім қашты ғой, тегі! Бұл дүниеде бір-ақ бауыры бар секілді еді... Өзі берген он динары болмағанда дастарханға қоятын да ештеңе таба алмас едім. Көрінбей ме?Аладдин. – Жоқ шеше!(Осы кезде біреу қақпаны қағады. Аладдиннің шешесі селк етіп, сүрініп, құлап кете жаздайды).Шешесі. – Қазір, қазір!(Аладдин тез қимылдап қақпаны ашады. Жанында жүзім шарабы құйылған үлкен құмыра асынып, дәм-тағамның түр-түрін ұстаған құлы бар бейтаныс адам кіреді. Құл әкелген тағамдарын дастарханға жайғастырып, кетіп қалады).Бейтаныс. – Ал, сау-саламатсыңдар ма, есенсіңдер ме? (Аладдинмен де, оның шешесімен де жылап көріседі). – Сор маңдайым-ай! Ай, сор маңдайым-ай... Арманда кеттің-ау! Көруге Алла жазбапты-ау! Соншама жер ала өкпе болып келгендегі көрейін дегенім осы ма еді?! Қарағым, бауырымның отыратын жері қайсы еді?Шешесі. – Мынау болатын...Бейтаныс. (жата қалып сол жерді сүйе бастайды). «Қу тағдырым тәлкек етсе қайтейін?» Жұлдыздарым жамандық жазса қайтейін? Көзімнің қарасы, жанымның сарасы... Ай-ай, бауырым-ай, ой, бауырым... (Өзін-өзі тоқпақтап, баын жерге ұрады).(Аладдиннің шешесі мұны көріп, есі шығып кетеді).Шешесі. – Қайнаға, қайнаға, оныңыз не? Жазым боп қаларсыз? Қойыңыз. Алланың жазғаны сол болса, қайтеміз енді? Қойыңыз... Бізді де қинамаңыз?Бейтаныс. – О, жалғаңдағы жалғыз туысым! Көзі тірісінде қызығын көре алмай, қызығы түгілі, жүзін көре алмай арманда қалдым-ау. Мені танымауыңның жөні бар, әрине. Өйткені, мен бауырыммен осыдан қырық жыл бұрын қоштасқанмын. Содан бері болмаған жерім жоқ, көрмеген құқайым жоқ.Хиндыда да болдым мен,Синдыда да болдым мен.Бірін қалмай аралап,Магрибты да тауыстым.Мысырдың да көшесін,Табаныммен тоздырдым.Қасиетті Мәдина.Онда да уақыт оздырдым.Одан кейін, келінжан,Қасиетсіздердің елінде,Кәпірлердің жерінде,Он төрт жылды қор қылдым...Несін сұрайсың, мынау жалпақ жалғанда, менен өткен мүсәпір қалған ба? Жарты әлемді түгесіп, дәулет байлық жиған соң, есіме түсті бауы-ры-м. Ішімнен бір үн айтты. «Ей, адам пенде, өз қолым өз аузыма жетті деп жүрсің, дәулеттімін, әулеттімін деп жүрсің, оныңнан кімге пайда? Жалпақ жалғанда жалғыз бауырың бар емес пе еді? Мықтымсысаң соған жетпейсің бе, көрмейсің бе хал-жайын? Мүмкін аш-жалаңаш, тарығып жүрген болар, бәлкім, Алласына сыйынып, қолын аспанға жайып, сенен жәрдем тілеп жүрген болар? Бүйтіп жиған байлығыңнан не қайыр?» Содан бауырым есіме түсіп, қамығып, ағыл-тегіл жылайын. Жылайын да, бесін намазды оқып алып, атқа қонайын. Жолда көрмеген қиындығым, кездеспеген қиянатым жоқ. Әупірімдеп бұл қалаға жетсем, көшеде кездескенім осы балам болды ғой. Алланың жазуы осы шығар. Көзіме оттай басылды... Мынандай ұл қалдырған бауырымды өлдіге қалай санайсың? Келші айналайын! Еміреніп бір құшайын! Әпассан-ахир-массумба!(Сөйтіп, бейтаныс кісінің өзімізге таныс сиқыршы екендігін білеміз. Аладдин мен шешесі әбігерленіп, қонақты жайғастырып әлек).Шешесі. – Иә, Алла оған Сізді көруді де жазбапты-ау. Арманда кетті-ау, байғұс... (Кемсеңдеп жылайды).Сиқыршы. (Аладдинді алдына алып еркелетіп отыр). – Ендігі менің қызығым да сен, қуанышым да сен! Өмірімнің қалғанын сен деп өткерермін...(Бәрі асқа отырады. Аз сәткі іркілістен кейін еркін араласа бастайды).Сиқыршы. – Ал, Аладдин жаным, сен немен айналасып жүрсің, қандай кәсіппен шұғылданып жүрсің? Шешеңді асырауға халің жетті ме? (Аладдин күмілжіп қалады).Шешесі. – Қайнаға, кәсіп жағын айта бастасаңыз, мұның мазасы кетеді. Ер жасына жетіп, міне биыл он беске толды. Әлі не таңдаған кәсібі жоқ, не қолға алған тәсілі жоқ, жүрісі осы. Таңертеңнен қара кешке дейін көшедегі бұзық балалармен ойнағаны – асық, боратқаны – бұзықтық. Әкесі марқұм осы баласын бір кәсіпке үйрете алмай ерте шашы ағарып, қамығып, демікпеден өлді ғой, несін айтасыз?!Ендігі халіміз мынау – қызыл іңірден тұрып алып, күн демей, түн демей мақтадан жіп иірем. Соны өткізіп күніне екі шелпек нан аламын. Күнделікті талғажу етіп отырғанымыз – екі шелпек нан. Әлім құрыды, қажыдым, талдым. Мынадай соқталдай жігітті асырау да күннен күнге қиындап барады.Сиқыршы. – Аладдин балам, мұның жігітке жараспайтын тірлік. Шешеңнің шынында да құр сүлдері қапты. Сен жігіт болсаң да қарақан басыңның қамымен көше қуып жүрсің. Қалаларыңда қандай атақты ісмер, шеберлер бар? Қалаған кәсібіңмен айналысуыңа толық мүмкіндікті мен жасайын. Тек сен кесімді сөзіңді айт. Сөйт балам! Өзіңді де, мына жалғыз шешеңді де асырайтын тірлік жаса.Ал егер, «мына кәсіпті таңдадым «көке», деп айтатын болсаң, бірден-ақ тілеуіңді орындауға мен сөзімді берейін. Оған жарамасақ, несіне жер басып жүрміз. Сөйт, қарағым. Кәсіп таңда, үйрен!..(Аладдин үндемей тұнжырап қалады).Шешесі. – О, кері кеткен бәле! Мұның еркіне жіберсеңіз, оқу, үйрену, білу дегеннен ат-тонын ала қашады, сорлы!Сиқыршы. – О, жан дегендегі жалғыз бауырымның ұлы! Олай болса қамықпа. Алыстан ат зорықтырып келгенде сенің басыңа жақсылық жасай алмасам, мынау қасиетті қара жерді баспай-ақ қойдым. Егер кәсіп үйренгің келмесе, оған да жол табармыз. Ертең осындағы ең үлкен базардан таңдап жүріп дүкен сатып әперейін. Оны ең қымбат деген боз матаға толтырып берейін. Сауда жаса. Үйрен. Дүниенің парқын сонда білерсің. Пенде тірліктің нарқын сонда түсінерсің... Ал, дәм-тұздарыңа рахмет! Рұқсат болса, мен қайтайын, Аладдин, ертең мен келемін. Дайын бол. Базарға барамыз. Өзіңді де моншаға апарып, үстіңді үлде мен бүлдеге орармын. Ал, жақсы, ағайын! Қош сау болыңдар! (Апыл-ғұпыл орнынан көтеріліп, кетеді).Шешесі. – Сау болыңыз, қайнаға! Алла разы болсын! Жақсылығыңыз жаратқан иемнен қайтсын!Аладдин. – Көке сау болыңыз! Ертең сізді күтемін!Сиқыршы. – Күт, күт, балам, келемін.Тағы да сиқыршының бөлмесі. Бұрқ-сарқ қайнаған қазан. Сиқыр жасап, әулекленген сиқыршы.Сиқыршы. – Әпассан-ахир, массумба,Кобарджи тахир тусулай...Жымыңдаған жұлдыздар,Сырыңды енді ашарсың.Шырайыңды берерсің.Құлдық еткен пендеңеНұр шашылған аспаннан,Жақсылықты төгерсің...Әпассан-ахир, массамба...(Жоғарғы қабаттан жұлдыздар жымыңдап, сәулесін төменгі, жер асты қабатына түсіреді. Сол-ақ екен, таңғажайып асыл тастар, алтын, күміс теңгелер сәуле нұрымен жалтырап, әлемді ашық-жарқын түске бөлейді).Сиқыршы. – Әпассан-ахир, мусумба,Осынша мол қазынаТиесілі қай жанға?Әпассан-ахир, массумба...Таңжағайып қазына,Жұлдыздардан – сыбағаҚай пендеге жазылған?(Бұрқ-сарқ қайнаған қазаннан «ыс-пыс» етіп көтерілген будан сиқыршы бұл жолы да басқа адамның сұлбасын көреді. Көреді де, аласұрып, жынданып, жанындағы шыны ыдыстардағы сұйықтықтың бәрін шолпылдаған қазанға құяды. Сөйтіп қайта сиқырға кіреді. Жымыңдаған жұлдыздар жоғалған).Сиқыршы. – Әпассан-ахир, массумба,Кобарджи тахир тусулай.Жымындаған жұлдыздар,Маған деген не сыр бар?Тағдырым менің қалай-ды?Жақсылыққа балай ма?Жамандықтан ада ма?Тайқазаннан көтерілген қалың будың арасынан – шарап құятын ыдыс ұстаған әсем қыз бен алдаспанын жалтыратқан жас жігіт шығады. Жас жігіттің бізге таныс Аладдин екенін білеміз. Сиқыршы одан сайын жынданып, шыны ыдыстардың бәрін қазанға лақтырып, оны теуіп, сұйығын шашып әуре болады.Сиқыршы. – Неге? Неге? О, жымысқы жұлдыздар! Неге? Қолынан келер ісі, кісі сүйсінер қылығы жоқ, боқмұрын, әулетсіз, тексіз, кірқожалақ жақыбай – Аладдинге осыншама қазына жасырдың, жер астына! ... Неге? Несімен алды сені? Әрине, әр адамның атына бұл дүниеде бір қазына жазылған. Білемін, сеземін... Бірақ, менің не кінәм бар, алдыңда?! О, сұрқия, сұқсыр жұлдыздар! Жоқшылықты аз көрдім бе? Алдау, арбау, сатқындықты аз көрдім бе? Адамдар мені аз талап па еді? Айдалада, шөлейт құмдардың ішінде бүкіл құлын мүшем кеуіп, семіп, о дүниелік боп жатқанда мынау жүзікті сыйлап, өзің құтқармап па едің, бір тамшы суды аузыма өзің тамызбап па едің? Ендігі мынау құқайың не? Сиқыр үйренем деп, ең алдымен, мына сенің сырыңды ұғам ба деп, аз шарладым ба, дүниені! Жоқшылықтан шығам деп тауға, тасқа аз ұрдым ба, басымды?! Мына керенаулығыңа не жорық? Бақ-дәулетке, ең бастысы, өзің берген мына жүзіктің арқасында құдірет-күшке, сиқырға жеттім бе дегенде, шыр айналып артыңды бергенің қалай? Жүзіңді бұрғаның қалай? Мен кіммін, анау боқмұрын кім? Оның басына, құдай-ау, не үшін, қай қызметі үшін, осынша мол қазынаны үйіп-төгіп бере салғалы отырсың? Жер бетінде менен сиқыры асқан, менен құдіретті кім бар еді? Қай пенде бар еді?.. (Қазанды тебеді).Жо-Жоқ! Оныңа көне қоймаспын! Мына мен!.. Мына мен... Сондықтан мен... ана боқмұрын баланың қолынан қаза табамын ба? (Қарқылдап күледі). Жоқ, оның бола қоймас! ...Қараптан-қарап ондай зорлыққа көне қоймаспын! Құдайға шүкір, құдіретім-күшім, сиқырым-жүзігім өзімде! Қарсыласып бағармын!– Ассафахан-а иррау-раӘпассан-ахир массумбаҚұдірет менен қашқан ба?Жұлдыздар салған теріс жолМен дүзеуге жазған ба?Әссафахан-ахир, ассумба,Қолыма түссін, қазына.Жұлдыздың жазған ақырын.Көрейін, содан, қолға ала.Апассан-ахир, массумба...Жо-жоқ! Менің тағдырымның олай жазылуы мүмкін емес!.. Мүмкін емес... Қате! Теріс! Дұрыс оқылмады. Қателесесің, жұлдыздар! (Аспанға жұдырығын түйеді). Аладдиннің үйі. Бұрынғы сурет. Қақпаның алдында Сиқыршы мен Аладдин қоштасып тұр. Аладдин адам танығысыз. Үсті-басы әлем-жәлем, небір қымбат киімдер. Сәнді киім киген соң, өңі де құлпырып кетіпті.Сиқыршы. – Нағыз ханзада боп шыға келдің, көрмеймісің! Қымбат киім кім-кімді де жарқыратып жібереді-ай!(Аладдиннің шешесі шығады. Баласын тани алмай аң-таң).Шешесі. – Япырмау, мынау менің балам ба? Аладдинім бе? Пах-пах, нағыз ханзада боп шыға кепті ғой! Астапыралла!Сиқыршы. – Жаңа ғана мен де соны айтып тұр едім...(Аладдин айналып, киімін көрсетеді).Шешесі. – О, қайнаға, Алла атымен ант етейін, сөйлеуге тілім күрмеліп тұр. Қайтып ризашылығымды білдірсем екен?.. Ту-у, аузыма сөз түспейді... (Тізерлеп отыра кетеді). – Істеген жақсылығыңыз Алладан қайтсын, о, қайнаға! Біздің шаңыраққа істеген жақсылығыңыз... ұшан-теңіз... Ұшан-теңіз!Сиқыршы. – Жә, жә, келін! О, не дегенің! Тұр, тұра ғой! (Қолтығынан демеп көтереді). Мұның не? Жақсылық дейсің, ол парызым емес пе? Жалғыз бауырымның соңында қалған жалғыз тұяғы емес пе? Оған азын-аулақ қызық көрсетсем, тіршілікте жолыға алмаған кінәмды жуғаным болмай ма?Аладдин. – Ертең...Сиқыршы. – Иә, Алла жазса, Аладдин осы қаладағы ең үлкен саудагерге айналады. Бауырымның баласы – менің балам...Аладдин. – Ертең көкеммен бірге тағы қыдыратын болдым...Сиқыршы. – Иә, ертең жұма намазынан кейін мен Аладдинді алып, осы қаланың ең сәнді, жанға жайлы саябақтарын аралатпақпын. Бұрын-соңды көрмеген жерлеріне апармақпын. Ертең...Шешесі. – Сауда дүкені жөнінде...Сиқыршы. – Есімде, есімде... Мені қынжылтып тұрған бір жәй да сол – ертең жұма. Саудагерлердің бәрі дүкендерін жауып, намаздан кейін бау-бақша, жайлы саябақ аралап кетеді. Біз ертең әрі серуендеп қыдырамыз, әрі саудагерлермен танысамыз. Сосын, сосын... Алла жазса, бүрсігүні кішігірім сауда дүкенін сатып алып беремін.Аладдин. – Естідің ғой, шеше! Мен саудагер боламын!Шешесі. – Мына көкеңнің шапағатының арқасында. О, Алла, бұл күнге де жеткіздің бе. Көрер ризығым таусылмаған екен ғой!..Сиқыршы. – Ал, жақсы сау болыңдар! Аладдин! Ертең... Ертең...Аладдин. – Әрқашанда дайынмын.Шешесі. – Құлдығым, жарығым, сәулем, нұрым!(Бәрі тарасады).3-көрінісАладдин мен сиқыршы бау-бақша, саяжай аралап келеді. Аладдиннің сілесі құрып шаршаған. Отыра кетеді.Аладдин. – Көке, қайда барамыз? Қаладан тым ұзап кеттік қой. Сілем құрып шаршадым. Қайтайықшы!..Сиқыршы. – Жоқ, қымбаттым! Мынау жол ең ғажайып баққа алып барады. Жетіп те қалдық. Жүр қозғал! Енді аз-ақ қалды. Жігіт емессің бе?(Аладдин орнынан тұрып, ауыр басады).Сиқыршы. – Міне, көрдің бе? Жүре аласың, әлі!(Биігірек, жартастың жанына келіп тоқтайды).Сиқыршы. – Міне, келдік айналайын! Көрдің бе, жетіп қалдық. Ал, сен жүре алмаймын дейсің.Аладдии. – Сілем құрыды, көке!Сиқыршы. (Беліне түйген орамалын алып, Аладдиннің алдына қояды). – Ал, қане! Мына тағамнан алып, тыңайып ал! Ал, ал!(Екеуі ас алады).Сиқыршы. – Сен ал, сенің алғаның керек, маған! Қарағым, тыңайып ал. Күш жина. (Асты-үстіне түсіп, жік-жаппар болды).Аладдин. – Көке, ғажайып нәрсе көрсетемін деп едің ғой, қане?Сиқыршы. – Көресің, көресің әлі, тек күш жинап ал! Содан кейін... Бұрын-соңды көрмеген ғажайып көресің...Аладдин. – Болдым, көке!Сиқыршы. – Енді сәл тынығып ал. Содан соң майда ши, ағаштың қабығы, не кепкен тамыры болса, жиып әкеп, мына жерге үй. Ғажайыптың көкесін сосын көрсетемін...(Аладдин шыдай алмай жүгіріп кетіп, әлгі айтқандарын жиып әкеледі).Аладдин. – Міне, көке! Жиып әкелдім.Сиқыршы. – Жарайсың, жарайсың! Міне, жігіт деген осылай болуы керек. Жетеді, осы жетеді.(Сиқыршы соны айтты да, қалтасынан шақпақ тасын алып, бір-біріне шағып, үйілген ағашты тұтатты. Сәлден кейін үйінді тұтана бастаған шақта, тағы да қолын қалтасына салып, ақ ұнтағы бар шыны ыдыс алды. Ыдыстағы ұнтақты отқа саудыратып құйып жібергені сол еді, қалың түтін шықты. Түтінмен бірге өзі де түсініксіз сөздер айтып, сиқыр жасай бастады.Кенеттен дүниеге тас қараңғылық түседі. Шатыр-шұтыр найзағай ойнайды. Жер сілкініп, ойылып кеткендей болады. Аладдиннің зәресі ұшып, қаша жөнелейін дегенде, сиқыршы жұдырықпен қойып қалады. Аладдин етпетінен құлап, талып қалады. Тек сәлден кейін ғана есін жияды).Аладдин. – Көке, осынша аямай ұрғаның не? Есімнен айрылып қалдым ғой.Сиқыршы. – Түсін мені, қарағым! Осынша ақ тер, көк тер боп жүргенім сенің қамың. Жігіт болсын дегенім. Мен қазір әкеңнің орнында емеспін бе? Қарсыласпа, жаным! Түсінуге тырыс. Анау ғажайыпты көрген кезіңде бәрін ұмытасың әлі. Сабыр ет.(Жер сілкініп қозғалып, ойылғанда оның астынан үлкен ақ мәрмәр тас шығады. Тастың орта тұсында мыс шығыршық).Сиқыршы. – О, кең дүниедегі жалғыз бауырымның баласы! Аладдин! Мені мұқият тыңда. Егер айтқанымды бұлжытпай дәл орындайтын болсаң, сен жер жүзіндегі ең бай жігітке айналасың. Мұрсатта. Өйткені, мына жердің астында көл-көсір, ғажайып қазына жатыр. Жаңа шыдамай қаша жөнелейін деп жатқаныңда салып жібергенім де сол. Мұндай қазына – иеленбек түгілі, әлемдегі ең бай, әулетті-дәулеттінің түсіне кіріп көрген жоқ. Ал, енді, мені мұқият тыңдап ал. Анау мәрмәр тастың орта тұсындағы шығыршықты көрдің ғой. Жаңағы мен айтқан байлыққа барар жол осы. Бірақ, жер бетінде оған тек бір ғана адам бара алады. Өйткені, бұл қазынаны мынау зеңгір аспан, анау жымыңдаған жылбысқы жұлдыздар бір адамның ғана маңдайына жазған, соның ғана атына бұйырған. Дүниеде басқа ешбір адам оған жол таба алмайды. Сол адам, сол таңдаулы пенде – мына сенсің Аладдин! Аладдин Смаил Мұстахи ұлы! (Қарқылдап күледі, күлкісінде ашу, ыза басым). – Иә, бұл қазына сенің атыңа сақтаулы. Сенің атыңмен қорғалады. Мына мен де... Сенің қасыңда – сиқыр-құдіреттің бәрін жарты әлемді табаны тозып жүріп жинаған мына мен де... дәрменсізбін!..Тыңда, мұқият тыңдап, құлағыңа құйып ал, оу, адам-пенде! Жұлдыздардың қалаулысы!Аладдин. – Мен тыңдап тұрмын, көке!Сиқыршы. – Көке? Қайдағы... Иә, иә, тыңда. Ендігі жерде бар тағдырымыз сенің қолыңда! Мынау мол қазына – бұл дүниеде ешкімнің қолына түспек емес. Ол – екеуміздікі! Сенікі және менікі!.. Менікі және сенікі!..Аладдин. – О, көкешім менің! Шыдамымды тауыспай айтсаңызшы, енді! Мен әр сөзіңді екі етпей орындауға әзірмін!Сиқыршы. – Тыңда, тыңда балам! Менің бұл дүниедегі жалғыз мұрагерім – сенсің! Бар тартқан азабым, көрген қорлығым – сен үшін. Енді бар да, анау шығыршықты тарт. Оған тек сенің ғана күшің жетеді. Тартып жатқаныңда өзіңнің есіміңді, әкеңнің, атаңның, сосын, шешеңнің әкесінің аттарын бұлжытпай қайтала! Сонда анау есік тарс ашылады.(Аладдин барып шығыршықты тартады).Аладдин. – Бісміллә, мен – Аладдин, әкемнің аты Смаил Мұстахи, атамның аты...Сиқыршы. – Тоқта, Аладдин! «Әкемнің, атамның аты» дегенді айтпай-ақ қой! Бірден есімдерін ата. Тек есімдерін ғана!..Аладдин. Аладдин, Смаил Мұстахи, Әубәкір, Нәзира, Ибрагим... (Созып айтып бола бергенде есік тарс ашылады).Сиқыршы. – Енді мына шырақты қолыңа алып түс. (Береді). Түспестен бұрын мұқият тыңдап ал! Алдындағы – жер астындағы қазынаға апарар жол. Он екі басқыштан тұрады. Сонымен мұқият түс. Жер түбіне жеткеннен кейін алдыңда төрт бөлікке бөлінген үлкен бөлме кездеседі. Олардың әрқайсысында – алтын, күміс қортпаларына, асыл тастарға толы құмыралар самсап тұрады. Бірақ мұқият бол! Ешқайсысына тиіспе! Жандарынан мұқият өтіп кет. Киіміңнің жеңі, етегі тиіп кетпесін, әйтпесе, құрисың!Төртінші бөлікке жеткенде алдыңда есік тұрады. Қолыңды оның тұтқасына қой да, жаңағыдай өз атыңды, әкеңнің атын айт, есік ашылады. Оған кіріп, әсем баққа тап боласың. Небір керемет жемістері бар ағаштарды көресің. Алдындағы жолға түсіп ал да, елу қадам алға жүр. Сол жерде басқышқа тап боласың. Оның отыз шақты тепкіші бар, мұқият басып шықсаң, үстінде жанып тұрған шырағдан көресің. Ал да, сөндір. Одан кейін қалған майын төк. Сөйт те, қалтаңа салып ал, қайтар жолда, қорықпай жаңағы ағаштың жемістерінен қалағаныңды үзіп ал. Өйткен себебі, шырағданды қолыңа түсіріп алсаң, ондағы байлықтың бәрі сенікі болады. Ал, қарағым, қараңғыда Алла қолдасын! Тоқта, тоқта! Мына менің жүзігімді тағып ал. Бұл сені көлденеңнен, кездейсоқтықтан сақтайды.Әлқисса, Аладдин сиқыршының айтқанын бұлжытпай орындайды. Сахнаның ең төменгі қабатына түсіп, әлгі айтқан есікті өзінің, әкесінің атын айтып ашады да, гүл жайнаған баққа тап болады. Одан өтіп, басқышқа мініп, шырағданға тап болады. Шырағданды сөндіріп, майын төгеді. Қайтар жолда ағашта өсіп тұрған жемістерді, әр түрлі әсем тастарды жұлып, қалтасына толтырып алады. Енді шығар есікке келсе, ең үстіңгі басқыш биік екен, қалтасы толы, қапелімде шыға алмай қиналады.Аладдин. – Көке, көке деймін! Қолыңызды беріп жіберіңізші, мынау басқыш биік екен, шыға алмай тұрмын.Сиқыршы. – Балам, алдымен шырағданды бер. Сені ауырлатып тұрған сол шығар.Аладдин. – Жоқ, оның түк ауырлығы жоқ, қалтамда. Мынау басқыш биік екен. Қолыңызды берсеңіз болды. Шыққан соң алып беремін.Сиқыршы. – Ау, мен саған алдымен шырағданды бер деп тұрған жоқпын ба?Аладдин. Алдымен шығуға көмектеспейсіз бе? Содан кейін аласыз ғой.Сиқыршы. – Жоқ, қазір бер! Сосын шығарып аламын!Аладдин. – Қалтамда дедім ғой! Бақтағы жемістерден көп алып едім, қапелімде таба қою да қиын!Сиқыршы. – Не дейді? Тап қане тез! Өй, тексіз неме! Тап! Тап та, маған бер! Әйтпесе, шығармаймын!(Екеуі ұзақ тәжікелеседі. Айқайынан еш нәрсе шықпайтынын көрген соң, сиқыршы шашын жұлып, жындана бастайды. Әр нәрсені айтып, айқайлап, отқа тағы ақ ұнтақ сеуіп, оны пышырлатып түтіндете бастайды).Сиқыршы. – «Үп, сүп, үп» еткін!Құдірет-күшім «сүп» еткін!Абар-ра, қаба-дар-ра!..(Сол кезде қайтадан шатыр-шұтыр найзағай ойнап, жер қозғалып, әлгі қазына жатқан үңгірдің аузы жабылып қалады).Сиқыршы. – Солай ма екен?! Менімен тәжікелессең, осындай күйге ұшырайсың!.. Қаршадай боп, қарай гөр! Жабысып алып, жібермейді. Оған да байлық керек! Ха-ха-ха! Менің айтқаныммен жүрмедің бар ғой, күнің осы! Жат енді көміліп, жеті қат жердің астында. Қазынаңмен бірге. Көртышқанға жем болып! Оу, қатыгез де, жылбысқы жұлдыздар! Сендер сызған тағдыр жолының қателігін мен осылай түзедім! Сиқыр-құдіретімнің күшімен!(Қарқылдап күліп кетеді).Жер астында жанған балауыз ұстап Аладдин отыр. Төңірек тас қараңғы.Аладдин. – Айналып, толғанғаның жаман еді-ау... қалай сезбегенмін? Ештеңеге жете мән бермейміз-ау!.. Қап, қапыда қалдым... Мынау қапас дүниеге қамалып қалғаным ба, мәңгілік? (Аласұрып, шығар тесік іздейді. Бірақ таба алмай қиналады. Сәлден кейін балауызы да сөніп қалады).Аладдин. – О, сұм тағдыр! Алдың ба, шеңгеліңе!(Осы кезде аспандағы жымыңдаған көп жұлдыздың бірі үш қабат дүниені тесіп өтіп, қараңғы, көр дүниені жарығымен жарылқай Аладдиннің саусағындағы жүзікке түседі).Аладдин. – О, жұлдыздар! Нұрлы сәулеңе мың рахмет, үзілер шақта тамызған нәріңе мың тағзым! Қалай ұмытып кеткенмін. Әлгі жалмауыздың өзі беріп еді ғой... «Қиын-қыстауға тап болсаң, осыны сипа, қандай қиянпұрыс қиындыққа тап болсаң да, алып шығады» деген жоқ па еді? Ха-ха! Мені көрге көміп, одан шығудың амалын қолыма ұстата кетіпсің ғой! Қане!..(Қолындағы жүзігін сипап қалғанда еңгезердей, алып жын күркіреп шыға келеді).Жын. – Құзырыңа құлдық, тақсыр! Не бұйырсаң да, бұлжытпай орындауға мен даяр!(Аладдиннің алғашында зәре-құты қалмады).Жын. – Құзырыңа құлдық, тақсыр! Мен анау жүзіктің сиқыр-жынымын! Не айтсаң да, орындауға даярмын!Аладдин. – О, жүзік иесінің қара құлы. Мені лезде жердің бетіне шығаруыңды сұраймын.(Сол-ақ екен, жер қозғалып, селкілдеп, Аладдин лезде жер бетіне топ ете қалады. Жан-жағына қараса, құдды бұл жер бұрын айрылмағандай теп-тегіс).Аладдин. – Ғажап екен! Мен бұрын-соңды жердің астында болмағандаймын да, түге! Қой, қайтайын. Аманымда үйіме жетейін. Сорлы шешемнің етегі жасқа толған шығар, ендігі! (Кетеді).(Аладдиннің үйі, Аладдин табалдырыққа жете жығылды. Іс тігіп отырған шешесі селк етіп, құлап қала жаздайды).Шешесі. – О, Алла тағала, жазғаныңа шүкір! Көз жасымды көрген екенсің ғой! Сорлы кейуананың жалғыз тілегін берген екенсің ғой. Құлыным, жалғызым! Шешеңді аңыратып қайда тастап кеттің? Құлы-ны-м!Аладдин. – Шеше! Су, су!..(Шешесі қалбалақтап су әкеп береді. Төрге жатқызып барып алдына тосады).Шешесі. – Іш, же, жалғызым! Тыңайып ал! Содан соң, содан соң.Аладдин. (шелпекті апыл-ғұпыл аузына тығып жатыр). – Шеше, шеше деймін. Сен мені кімнің қолына қиып бергенсің? Оңбаған, алдамшы, сиқыршы... Мені жер астына тірідей көміп кетті ғой! Сонау Магрибтен – менің қолыммен мол қазынаға ие болып, өзімді көміп кету үшін арнайы келген сұрқия екен ғой...Шешесі. – Астапыралла! «Адам аласы ішінде» деген осы екен-ау. Жылмиған түрінен біртүрлі тіксініп едім... Ішім сезген екен, сезген екен... О, көріңде өкіргір, кәрі сайтан! О дүниеде де тыныштық көрмегір жалмауыз. Алла тағалам, бергеніңе шүкір. Жалғызымның ажалдан арашалап қалған саған мың алғыс!..(Екеуі бір-біріне арыздасып көп отырды. Аладдин аз тағамды тез тауысады).Аладдин. – Тағы берші. Қарным тоймай қалды.Шешесі. – Алда, қарасан келгір-ай! Сені жоғалтқаннан бері, күндіз-түні жылаумен есім ауып, асқа қараумен де ісім болмапты-ау. Тоқтай тұр, тоқтай тұр, айналайын! Аздаған тоқыма жібім қалыпты. Қазір базарға барып сатып әкеле қояйын.Аладдин. – Жә, қоя ғой, шеше! Анау шырағданды маған алып бере қойшы. Базарға апарып сатайын. Сенің тоқымаңнан осы қымбаттау түсетін шығар.(Шешесі шырағданды қолына алып қызықтайды).Шешесі. – Мынауың шаң басып, әбден кірлеген екен. Тазалап жіберейін. Сөйтсек, қымбаттау алар.(Шешесі жерден құм алып, шырағданды бір ысығаны сол еді... Тура алдынан күжілдеген алып жын шыға келеді. Шешесі шалқасынан түсіп, талып қалады).Жын. – Құзырыңа құлдық, тақсыр! Не бұйырасың? Мен мынау шырағдан иесінің көз жұмбас кұлымын!(Аладдин жерде жатқан шешесінің қолынан шырағданды алады).Аладдин. – Олай болса, тыңдап ал, менің қарным аш. Сондықтан, тура қазір, көзді ашып-жұмғанша, алдыма сұлтандарға лайық ас әкел!Жын. – Ләппай, тақсыр!(Сол-ақ екен, көзді ашып-жұмғанша әлгі жын Аладдиннің алдына күмістен қиылған домалақ дастархан әкеліп, оның үстін түрлі тағамдармен сықайды. Сөйтіп, өзі ғайып болады. Аладдин талып жатқан шешесіне су бүркіп, әрең тұрғызып алады).Шешесі. – Ойбай, әлгі құбыжық қайда, кетті ме?Аладдин. – Кетті, кетті. Ал, шеше, енді асқа кел.Шешесі. – Масқара! Мынадай, тек сұлтанға лайық асты бізге кім жіберіпті? Құдай біледі, соның өзі шығар.Аладдин. – Оны қайтесің, одан да «піскен ас - аузыма түскен ас» деп ала бермейсің бе?Шешесі. – Балам, әлгі мені есімнен тандыра қорқытқан жын ба? Өзі қайда кетті?Аладдин. – Ас ал. Сол жын – бізге мынау асты әкелген жарылқаушымыз. Жаңағы өзің сүрткен шырағданның перісі, құлы.Шешесі. – Сені жер астынан алып шыққан жын сол болды ғой?Аладдин. – Жоқ, шеше. Мені жер астынан алып шыққан мына жүзіктің жыны.Шешесі. - Ту-у, жын қаптады десеңші, онда үйімізді! Балам, жаңа өз көзіңмен көрдің ғой. Зәре құтым қалмады. Егер екінші қайтара әлгі гүжілдеген құбыжығыңды көретін болсам, шейіт болып кететінім анық. Аманымызда көзін құрт. Сатып жібер!Аладдин. – Әрине, сенің айтқаның – мен үшін бұлжымас заң. Алайда, бұл тілегіңді орындай алмаймын. Өзің ойлашы. Жаңа ғана аштықтан сілеміз құрып, жейтін ас таба алмай отыр едік. Шырағданды бір ысқылап, мынау көл-көсір байлыққа кенелдік те қалдық. Содан кейін, әлгі оңбағыр, жалмауыз сиқыршы мені жер астына түсіргенде, қаптап жатқан алтын, күміс теңгелердің біреуіне тиістірмей, осы шырағданға сілтеп еді ғой. Мұның құдіретін білмесе, өйтер ме еді?! Тіпті сол үшін, күллі дүниені шарлап, ақ тер, көк тер боп мені іздеп келген жоқ па?Шешесі. – Ибай-ай, бетім-ау, солай екен-ау... Мейлің онда, мейлің. Мен ешқайсысына өлсем де жоламаспын. Өзің біл, қалқам. Құрысын, ана гүжілдеген бәлені ендігөрі көруден аулақ қылсын, тәңірім!(Қараңғылық).Жарық түскенде баяғы көрініс. Аладдиннің үйі. Бірақ бұрынғыдай жұпыны емес, шаңыраққа қонған бақ-дәулеттің табы бар, ортада үлкен дөңгелек стол. Мол дастархан. Ішіп-жемнің түр-түрі бар. Аладдин мен шешесі қара терге түсіп, сораптап шәй ішіп отыр.Аладдин. – Анау саудагер сондай алаяқ болып шықты. Есіңде ме, ең алғашқы күміс тостағанды сатқаным?Шешесі. – Иә, есімде. Шырағдан перісін алғаш көруім емес пе? Ой, сондағы қорыққаным-ай!Аладдин. – Алғашқы күміс тостағанды базарға сатуға барғанымда жолыға кетпесі бар ма? Желімдей жабысып, қыр соңымнан қалмай қойды ғой, ақыры. Әр барған сайын сол қаба сақал ыдысымды 1 динарға сатып алып тұратын. Бүгін алла жазып, мен барғанда болмай қалды. Содан базар жағалап жүрсем, бір иманды саудагерге тап болдым. Ыдысымды өлшеп көріп, «мынау тап-таза күмістен екен» деп, қолма-қол бақандай 70 динар санап берді. Енді тұрмысымыз түзеледі, шеше! Жер астындағы... Айтпақшы, осы үйде әр жерде шашылып жататын шыны секілді кесек тастар қайда?Шешесі. – Қайдам? Күлмен шығарып тастамасам?!Аладдин. – Ойбай, не дейді? (Орнынан атып тұрып, үй ішін астан-кестен қылып жүгіріп, жинап алады). Бұл кесектер бар ғой, апа! Әрбіреуі қыруар байлық. Мен базар аралап жүріп, мұндай тастарды көп көрдім. Сатушыларымен әңгімелесіп, нарқын да білдім. Бұл асыл тастар. Әрбіреуі – қыруар байлық. Сондықтан күтіп ұстау керек!Ой-хай, дүние жалған-ай! Біз енді баймыз, дәулеттіміз! Жоқшылықтан «не ішем, не кием?» деп аласұратын халден алыстадық! Бұл-дағы Алла тағаламыздың бізге жазған құты шығар! Шырағданды айтам. Солай!Енді бұдан да ірі істерге бел бууымыз керек. Бақыт деген – бір қадам болса да ілгері жылжуға мүмкіндік алу ғой...О, жұлдыздар!Жымыңдаған жұлдыздар!Не сыр бүгіп тұрсыңдар?О, жұлдыздар, жұлдыздар!Мен білетін сырың бар!..Әр пенденің атына,Бір қазына жаздыңдар.Кіші ме ол, үлкен бе, –Пиғылына сай пенденіңНесібесін қидыңдар...Жымыңдаған жұлдыздар!..(Аладдин тұрып, билеп жүр. Шешесі ыңылдап қосылады).ШымылдықБірінші бөлімнің соңы             2-бөлімСиқыршының бөлмесі. Сол баяғы қалпы, бұрқ-сарқ қайнаған тайқазан. Төбеде жымыңдаған жұлдыздар. Әсіресе, бір шоқ жұлдыз ерекше жарқырайды. Сиқыршы сиқырын жасап, оның сәулесін қазанына түсірді.(Шыны ыдыстағы түсті сұйықтықты қазанға құйып жіберген кезде, ол бұрқ-сарқ қайнап, бу шығарады).Сиқыршы. – Әппасан-ахир массумба,Қайнаған мынау сұйықта,Құдіретті күшті сиқыр бар,Жымыңдаған жұлдыздың,Жасырынған сыры бар.Әпассан-ахир массумба...Қолдаса Алла тағала,Құпиясын ашармын...Суфухани, ассалам...(Осы кезде көтерілген бу арнасынан жалт-жалт еткен алтынды күмбез сарай көрінеді. Сол сарай ішінде көздің жауын алатын әсем қымбат бағалы киім киінген Аладдин мен ғажап сұлу қыз дөңгеленіп билеп жүр екен. Сиқыршы алғашында әсем көрініске қайран қалып тұрады да, сәлден кейін Аладдинді танып, жынданып кете жаздады).Сиқыршы. – О, сұрқия, жұлдыздар!Менде нендей жының бар.Жерге көміп кеткенді.Жігерін құм еткенді,Жер бетіне алдырып,Қолына бақ қондырып,Жолына байлық сай қылып,Хан қызына қосақтап,Алтын сарай ішінеҚоя беріп, қаздаңдап,Үйіп-төгіп басына,Бар жақсыны беріпсің.Рахатқа кенелтіп,Дегеніңе жетіпсің!(Жынданып, қазандағы суды төгіп-шашып, шыны ыдыстардағы сұйықтарды ақтарып, әжептарқы күйге түседі).– Мені әбден табалап,Құдіретімді мазалап.Сиқыр-күшім - өткендей,Қайта айналмай кеткендей.(Лезде киімдерін лақтырып, тыпырлап, жер тепкілеп билеп жынын шақыра бастайды).– Сен көрсеткен жібек жол,Сен сілтеткен жұлдыз жол.Қате екенін дәлелдеп,Көз алдына екшелеп,Келтірермін, тоқтай тұр!(Тайқазаннан тараған будан шығар елес-көрініс тоқтар емес. Билеп жүрген екеуі тарасады. Қыз бір сәт ғайып болып, қолына күміс пиалай ұстап қайта шығады. Аладдин де бір сәт жоғалып, қайта пайда болады. Бірақ бұл жолғы көрініс тым сұсты. Аладдиннің бір қолында жалтылдаған алдаспан, екінші қолында – сиқыршының кесілген басы. Мұны көріп сиқыршы одан сайын жынданады. Аласұрып тайқазанды теуіп, итеріп, төңкеріп тастайды).Сиқыршы. – Жоқ, ала алмассың! О, құдай неге, неге? Не жаздым? Боқмұрын балаға таба қылғаныңша, алмадың ба, бұрыннан? Сиқыр құдіретін үйренем деп қанша ғұмырымды сарп еттім! Жұлдыздардың құпия сырларын ашам деп аштық-жалаңаштық, жоқшылықтың неше батпан қамытын арқаладым? Неге? Неге? Аузынан уызы кеппеген, кеше туған боқмұрынға бар жақсылықты үйіп-төгіп бере салдың? Онымен қоймай, менің тағдырымды да соның әлсіз, бөбек саусақтарына тәуелді еттің? (Пауза). Жоқ! Мұныңа көне алмаспын! Жолымды тек бере алмаспын! Көрсетермін, әлі. Көрерсіңдер, әлі! (Қараңғылық).4-көрінісСұлтан сарайы. Әулеттілері мен дәулеттілері қоршаған сұлтан мәслихатын аяқтап жатыр.Сұлтан. – Ал, менің жарлығым осы! Түп-түгел, сол қалпында халыққа жеткізіңдер! Мәслихатымыз аяқталды!әслихатқа қатысушылардың бәрі шығып кетеді. Тек сұлтан мен оның бас уәзірі қалады).Сұлтан. – Уа, бас уәзір!Уәзір. –  Әміріңізге құлдық, сұлтеке!Сұлтан. – Есіңде ме, мен саған кеше бір кемпір жөнінде әңгіме айтқанмын. Бес-алты күн болды, күнде келеді. Келіп алып үндемей мөлиіп тұрады да қояды. Не жөнін айтпайды, айтуға талпынбайды да. Әне, тағы келіп тұр. Қане, шақыршы өзін, алдыма алып келші.Уәзір. – Айтқаныңызға құлдық, тақсыр! (Қолын сарт еткізіп соғып, бір бағытқа сілтеп бұйрық береді. Сол-ақ екен сарай қызметшісінің бірі дедектетіп, сұлтан алдына жұпыны киінген кемпірді алып келеді). Сұлтан. – Уа, мұңлығым, сенің сарай қақпасын жағалағаныңа әлденеше күндер өтті. Бірақ әлі бір рет жөніңді айтуға талпынған да жоқсың! Мұнда не сыр бар? Өтініш-тілегің болса, неге айтпайсың? Тыңдап көрелік. Мүмкін, тілегің орынды болса, кәдеңе жарап қалармыз.(Кемпір тағзым етіп, сұлтан алдын сүйеді).Кемпір. – Уа, күллі дүниенің тетігі, жарылқаушы құдірет-сұлтанымыз! Сіздің алдыңызға әлденеше рет келіп тілегімді білдіре алмай жүргенімде бір себеп бар еді...Сұлтан. – Иә, ол не себеп?Кемпір. – Уа, тақсыр! Арқалап келген тілегім, не міндетім, асылы міндетім болар, тым ауыр болғандықтан, алдымен Сізден кешірім сұраймын. Егер, алдын-ала кешіріміңізді берсеңіз, келген мақсатыммен де бөлісер едім, сұлтеке! Бұл тілегімнің Сіз үшін тым тосын тиетінін сезіп, алдыңыздан өтіп алғым кеп тұр.Сұлтан. – Таң қаларлық жай екен, мынау. Ал, жақсы, бердім кешірімді!Кемпір. – Олай болса, сұлтеке, өз жөнімді айтайын. Уа, сұлтеке, менің мынау өгей өмірдегі жалғыз таянышым, тіренішім, жалғыз ұлым бар еді. Сол, адыраңбай ұлым, көше кезіп жүріп, қатаң тыйымға қарамастан, бір саудада қызыңыз Бадр аль-Будурдың ай жүзін көріп қойған екен. Сізден алдын ала кешірім сұрап жатқаным да сол еді. Содан бұл ұлымыздың өзіне дерт боп жабысып, күндіз-түні егіліп жылап, ішқұса боп өлермен халге жетті. Бала дегенде қайбір жетіскен ақыл болушы еді, «сол қызды алмасам, өлем» деп, мені Сіздің алдыңызға жіберді.(Бұл сөзді естіп, сұлтан қарқылдап күледі).Сұлтан. – Шынында бұл келісің ғажап екен!Кемпір. – Алдыңызға қайта-қайта келіп, кіре алмай жүргенімнің себебі де осы еді.Сұлтан. – Жә, жақсы, солай-ақ болсын делік. Ал, сенің балаң кім? Және құда түсіп келген екенсің, ырымдап әкелер сыйың қане? Бар болса, көрелік соны! Әйтпесе, сұлтанмен кімнің құда болғысы келмейді дейсің?Кемпір. – Иә, иә. Әкелген сыйым да бар. (Қолындағы түйіншекті ашып, күміс ыдысқа салынған, көздің жауын алатын небір асыл тастарды жалтылдатып, сұлтанның алдына қояды. Мұндай ғажапты көрем деп ойламаған сұлтан да, оның уәзірі де естері шығып, орындарынан тұрып кетеді).Сұлтан. – Ғажап, ғажап! Мынадай кереметті көрсем көзім шықсын! Мынадай асыл тасы бар сұлтан бұл әлемде әлі жоқ шығар, сірә? Сен не дейсің, уәзірім?Уәзір. – Иә, иә, тақсыр! Мынадай, ірі кесек асыл тастар, құдай куә, Сіздің қазынада да жоқ.Сұлтан. – Мынадай тарту-таралғы тартқан адам сұлтан қызын алуға шын мәнінде лайық болмай ма? Менің ойымша, қызым – ай жүзді Бадр аль-Будурға күйеу болар бір адам болса – сол!(Мұны естіген уәзір қыпылықтап, сұлтанды ымдап шақырып алып, құлағына сыбырлап таяп айтады).Уәзір. – Уа, күллі дүниенің тетігі, билеуші сұлтанымыз! Осының алдында ғана қызыңыз Бадр аль-Будурды менің ұлым Хасанға беремін деп уәде беріп едіңіз ғой. Үш ай мұрсат беріңіз. Алла жазса, мұнау жұпыны кемпірдің тартқан тартуынан он есе асырып беремін.Сұлтан. – Олай болса... Уа, Алла, жазғаныңа шүкір... Ал, болашақ құдағи! Балаңа айта бар... Уәдемді де, сөзімді де беремін! Алла жазса, менің қызым саған келін, ал сенің балаң маған күйеубала болып қалар... Тек бізге үш ай мұрсат беріңдер. Үш ай өткесін... Міне қолым, міне сөзім...Кемпір. – Ал онда уәде осы болсын... (Қараңғылық). Сиқыршының үйі. Бұрынғы бұрқ-сарқ қайнайтын тайқазан жоқ. Оның орнына үсті қара матамен жабылған ұзын, адам денелі ағаш мүсін.Сиқыршы. – Әпассан-ахир, массумба...Жұлдыздар салған сол жолдыБұзармын, болсам аманда...Жүзік деген не тәйірі?Шырағдан да?Менің адамдық айла-күшім тұрғанда!О, жұлдыздар! Жымысқы жұлдыздар!Аңдамаған бір сыр бар...(Мүсінге жабылған қара жамылғыны алып тастайды. Сөйтсек, ол сұлтан уәзірінің мүсіні боп шығады. Үстінде жамылған киімі де уәзірдікі).Сиқыршы. – Әуселеңді көрермін,Несібеңді төлермін.О, жымысқы жұлдыздар(Уәзірдің мүсінін айналып билей бастайды).Жымыңдаған жұлдыздар,Сазайларың тартыңдар.Мен – бірінші адаммын,Ал екінші – сиқырмын.Адам мен сиқыр қосылып,Сиқыр мен адам қосылыпҚандай күшті болсаң да,Тақтарыңнан тайдырар!..(Айналып жүріп, уәзірдің киімін тұтас киіп алады. Өзі де уәзірдің кейпіне енеді. Қолын сарт-сарт ұрып, аз-мұз жаттығып, шыға жөнеледі).Аладдиннің үйі. Аладдин дастархан басында ыңылдап ой үстінде отыр. Ентігіп шешесі кіреді.Шешесі. – Аладдин, балам! Балам! Естідің бе? Естідің бе?Аладдин. – О не боп қалды, шеше?Шешесі. – Ойбой, мен жайсыз хабар әкелдім... Ертең сұлтанның бізге берген үш айлық мерзімі бітпейтін бе еді?Аладдин. – Иә, тойға дайындалып жатқан жоқпыз ба?Шешесі. – Қайдағы той?! Нағыз той бүгін басталып жатыр?Аладдин. – Не дейді? Қайдағы той?Шешесі. – Сұлтанның қызының тойы!..Аладдин. – Не? Біз ше? Мен ше? Уәде қайда?Шешесі. – Ай, бір көргеннен-ақ суқаным сүймеп еді-ау, сол уәзірді! Жаңа далаға шықсам, базар жабық, бүкіл қала, көше-көшелер, тіпті, дүкендерге дейін алқызыл гүлдермен көркейтіліп тастапты. Ғажап! Кездескен адамнан сұрасам, «сұлтанның қызы Бадр аль-Будур уәзірдің ұлы Хасанға тұрмысқа шықпақшы, мынау солардың тойының құрметі» деп қарап тұр...Аладдин. – Мәссаған! Бұлары несі? «Сұлтан уәдесін берді дегенің қайда?»Шешесі. – Беруін берді ғой. Көрмейсің бе енді, содан не шыққанын?!Аладдин. – Қарашы-ай, ә! Қап, қолым енді жетті ме деп тұрғанда! Енді не істейміз? Енді қайттік?Шешесі. – Білмей тұрмын, қарағым...Аладдин. – Жақсы, жақсы... Ту, не деп кеттім? Бір реті болар... Көрерміз енді... Пешенемізге жазылғанын... Сонда, тойы бүгін бе екен?Шешесі. – БүгінАладдин. – Шеше, бір ретін табармыз. Шаруаларыңмен айналыса бер.Шешесі шығып кетеді. Аладдин төрде ілулі тұрған шырағданды қолға алады.Аладдин. – Көрерміз маңдайымызға жазылғанын! (Шырағданды сүртеді. Сол-ақ екен, күркіретіп, шырағданның жыны шығады).Жын. – Құзырыңа құлдық, тақсыр! Не бұйырсаң да дайынмын.Аладдин. – Олай болса, қымбаттым, былай істе! Бүгін сұлтанның аймаңдай асыл қызы – менің нақсүйерім Бадр аль-Будурдың үйлену тойы. Кешкісін, күйеу мен қалыңдық төсекте жатар кезде, екеуін де көшіріп менің үйіме әкел. Төсек-төсенішімен қоса алып кел. Алып кел де, әлгі күйеуді біздің әжетханаға таң атқанша көз ілдірместей қылып орналастыр. Ал, таңсәріде, ұйқыдан ояна сала, қайтадан өз жайларына көшіріп апарып таста. Осылай, өзім тоқтатқанша бірнеше мәрте қайтала! Ұқтың ба?Жын. – Құп, болады, тақсыр! Құзырыңызға құлдық!Аладдин. – Олай болса, кеш таяды, жөнел!(Сол-ақ екен, көзді ашып-жұмғанша әлгі жын Бадр аль-Будур жатқан төсекті алдына әкеледі).Аладдин. – Күйеу қайда?Жын. (күркіреп күледі). – Уа-ха-ха! Айтқан жеріңе орналастырдым, тақсыр! Дәл сол қалпында. Уа-ха-ха!Аладдин. – Жә, жарайды, онда! Таңертең келесің, қазір бара бер!Жын. – Құзырыңа құлдық тақсыр! (Ғайып болады).(Сұлтанның қызы – Бадр аль-Будур қараңғылау бөлмеде бөтен жігітпен жалғыз қалғасын, зәресі ұшып қорқып, қалтырап-дірілдей бастайды).Аладдин. – О, сүйіктім менің! Қорықпа! Мен сені сұлтан сарайынан намысыңды қорлау үшін алдырған жоқпын, әсте! Сескенбей жата бер! Саған дегенде көңілім таза, ниетім ақ!(Жалтылдаған алдаспанын алып, қыздың жанына қояды. Сөйтеді де, өзі алдаспанның бергі жағына жатады).Аладдин. – Ий, Алла! Бергеніңе шүкір!(Қараңғылық).Сұлтан сарайы. Бадр аль-Будурдың бөлмесі. Ол төсегінде кемсеңдеп жылап отыр. Сұлтан кіреді.Сұлтан. – Қызым, Будурым менің! Саған не болған? Күйеу қайда? Жар төсегінде жылағаның не?(Қызы жауап қатпай жылай береді).Сұлтан. – Кім ренжітті сені? Кімнің батылы жетті? Айтшы маған? Күйеу қайда? Сол ма ренжіткен?(Қызы жылауын тоқтатпай, ыңылдап басын шайқайды).Сұлтан. – Кім онда? Айтсаңшы, қызым! Айтып өлтірсеңші! Әй, күтуші, күйеу қайда?(Іле-шала «күйеу қайда, күйеу қайда» деген дауыстар шығып, іздеушілер көбейеді.Сұлтан. – Уа, жан дегендегі жалғыз перзентім! Кім тиді саған? Айтсаңшы енді! Әкеңнің ашуына тимесеңші!(Қызы ыңылдап жылай береді).Сұлтан. – Айтасың ба, айтпайсың ба? Бұ не деген қырсық еді?! (Ашуланып қынабынан қылышын суырады).Сұлтан. – Әкеңнің сөзін сөз демей отырсың ғой, сен! Ә? Бол айт, әйтпесе...(Қыз әкесінің ашуынан сескеніп, айтуға оқталады).Бадр аль-Будур. – О, әкешім! Мен кеше басымнан кешкендерімді айтып берсем, Сіз маған сенбей жазғырасыз, немесе жазықсыз адамның обалына қаласыз. Манадан бері үндемей отырғанымның бір себебі осы еді.Әкешім, мен соңғы екі күн адам айтқысыз ғажап түс көргендеймін.(Сұлтан қылышын қынабына салып, қызының жанына отырады).Бадр аль-Будур. – Алғаш той болған күні кешкісін, күйеуіміз екеуміз төсекке жата бергеніміз сол еді, әлдеқайдан бір үлкен құбыжық-жын пайда болып, екеумізді төсек-мөсегімізбен бірге көтеріп алып, ұша жөнелді. Содан қап-қараңғы, жағымсыз иіс сасыған бір үйге әкеліп тастады. Күйеуді қайда жібергенін білмеймін, екі күн болды, көргенім жоқ.Сұлтан. – Міне, ғажап! Ол жерде саған ешкім тиіскен жоқ па?Бадр аль-Будур. – Жоқ, тиіскен жоқ. Қайта бір жас жігіт... (Үндемей қалады).Сұлтан. – Иә, бір жас жігіт... Ол кім?Бадр аль-Будур. – Жо-жоқ, ол басқа әңгіме... Түс, түсім ғой ол...Сұлтан. – Ал жаңағы әңгімеңнің түс емес екендігіне кім кепіл?Бадр аль-Будур. – О, әкешім, Сізді алдап не көрініпті маған?! Сенбесеңіз күйеуден сұраңыз.Сұлтан. – Оның да жөн екен. (Өз бөлмесіне өтеді. Тағына отырып, «сарт-сарт» қолын соғады. Ілезде бір қызметші басын сұғады).Сұлтан. – Қане, табан астында уәзірді және оның баласы Хасанды алдыма жеткіз!Сасқалақтап уәзір келеді.Сұлтан. – Иә, кел, жайғас, қандай жаңалығың бар?Уәзір. – О, әміршім! Жаңалық ел билеуші өзіңізде болмаса, бізде қайдан болсын?Сұлтан. – Иә, күйеу қайда?Уәзір. – А-а, соны сұрап тұрсыз ба? Кешелі бері көре алмай қойып едім... Бүгін өзі кепті.Сұлтан. – Иә, жағдайы қалай екен?(Уәзір сұлтанның алдына тізерлеп отыра қалып жалбарынады).Уәзір. – О, құдіретті күшті әміршім! Қылша мойным талша! Егер таңдансаңыз, баяндап берейін.Сұлтан. – Сайра, бұлбұлым!Уәзір. – Ұлымның жайын мен де сұрағанмын. Айтқан әңгімесіне сенейін десем, ертегі тәрізді, сенбейін десем, соңғы екі күнде жағы солып, әбден құты қашып кетті.О, әміршім! Екі күн бойы, жо-жоқ, екі түн бойы оларды әлдеқандай, сұрқынан адам шошитын құбыжық-жын алып қашып жүрген көрінеді. Сіздің қызыңыздың жәйін білмеймін, ұлымның осы екі түнде көрмегені жоқ құсайды. Қап-қара, сұп-суық әжетханаға екі түн бойы қамап қойып, көрмегенін көрсетіпті. Кеше осы әңгімесін айтқанда сенбеп едім...Сұлтан. – Ә, сен кеше білген екенсің ғой! Маған неге айтпадың?Уәзір. – О, әміршім! Сенбеп едім. Жаңа үйленген баланың халі белгілі ғой. Соған жазып едім.Сұлтан. – Солай де... Екеуміздің осы ісімізге жұлдыздар қарсы екен...Уәзір. – Жо-жоқ атамаңыз! Ә, әміршім! Бұл таза сиқырдың, жынның ісі. Мен бұл бәленің қайдан келгенін де білемін.Сұлтан. – Иә қайдан?Уәзір. – Аладдиннен!Сұлтан. – Ол кім?Уәзір. – Есіңізде ме, осыдан үш ай бұрын баласына Сіздің қызыңызды сұрап, бір кемпір келіп еді ғой...Сұлтан. – Иә, иә. Әлгі өзі тым жұпыны көрінгенімен ғажап тарту-таралғымен келген кемпір-ғой. Оны неге еске алдың? Айтпақшы, мен сол кемпірге сөзімді берген жоқпын ба? Үш ай өтпеді ме?Уәзір. – Бұл іс – не де болса, сол кемпірдің баласы – Аладдиннің ісі.Сұлтан. – Сен оны танитын ба едің?Уәзір. – Жо-жоқ, сұлтеке! Жәй... кемпір келіп кеткен соң, адам салып сұратып едім...Сұлтан. – Ал, неге соның ісі дейсің?Уәзір. – О, әміршім! Әлгі кемпірдің баласы – жын-жыпырлармен байланыста көрінеді. Жаңағы өзіңіз еске түсірген тарту таралғыны алайықшы. Ондай қазына адамға тиесілі дүние ме? Ұсқыны әлгіндегідей кемпірге тиесілі дүние ме?Сұлтан. – Неге олай дейсің? Адам болмаса, маған тиесілі. Айтпақшы сен сонда кемпірдің бергенінен асырып беремін деп едің... Қайда сол уәдең?Уәзір. – Енді, сұлтеке-ау, тапқанымызды беріп жатырмыз-ау!..Сұлтан. – Ал, мына тығырықтан қалай шығасың?Уәзір. – Менің ойым – бүгін түнде жандарына қарулы күзет қойсақ...Сұлтан. Немене, не дейсің? Қой, осы көргені де жетер. Қызымда жазық жоқ. (Қолын сарт-сұрт соғады. Лезде халық жиналады). Уа, әлеумет! Сөзімді тыңда! Өздерің білесіңдер, «жан» дегендегі жалғызымды, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген сүйікті қызым Бадр аль-Будурды – мына уәзір баласы – Хасанға бермек боп, неше күннен бері ашылып-шашылып жатырмыз. Алайда, бүгін белгілі болды, осы ісімізді жұлдыздар қолдамай отыр. Алла куә, менен жазық жоқ. Бұл той менің қызыма қуаныш емес, уайым-қайғы әкеліп отыр. Олай болса, уа әлеумет, той тамам! Иә, той бітті! Тарқаңдар! Жарлық осы! (Жиналған жұрт тарқайды. Тек сұлтан мен уәзір қалады).Уәзір. – О, әміршім, не де болса, бұл оқиғаға сиқыр-жынның қатысы бар. Оған кәміл сенемін.(Осы кезде бір қызметшінің даусы шығады).Дауыс. – Уа, құдіретті күшті билеуші-сұлтанымыз! Сізге бір кемпір кіремін деп бізбен жағаласулы. Оның айтуынша «сіз шақырған екенсіз». «Уәдеңіз бар еді» дейді.Сұлтан. – Кірсін!(Аладдиннің шешесі кіреді. Тақ алдына келіп, иіліп тағзым етіп, жер сүйеді).Кемпір. – Уа, уақыт атаулы сусыма құмды өз қалауына бағындырған әміршіміз – сұлтеке! Өзіңіз берген уәде бойынша алдыңызға келіп тұрмын! Үш ай мерзім өтті. Не дейсіз?Сұлтан. – Иә, иә, есімде. Сұлтан екі айтпайды. (Уәзірге). Ал, уәзірім, сен не айтасың? Мына кемпірдің түріне қарағанда, өздері дәулетсіз, нашарлау, тексіздеу көрінеді. Көпе-көрнеу қызымды қай жарлының қолына ұзата аламын? Қайтеміз, шешуін қайтып табамыз? Қайтып құтыламыз бұлардан?Уәзір. – О, әміршім! Әрине, ай мен күндей Бадр аль-Будурды қай көрінгеннің қолына беріп жібергеніміз келіспейді.Сұлтан. – Онда не істейміз? Не амалын табамыз?Уәзір. – Былай істейік... Өткен жолы әкелген тарту сыйы бар емес пе? Бұл жолы қырық алтын ыдысқа, әрқайсысы дәл сондай көлемде тарту сый әкелсін. Және оларды қырық құл мен қырық күң иықтарына салып келетін болсын. Сондай тапсырма берсек, қолдарынан келмес.Сұлтан. – Дұрыс, дұрыс! (Кемпірге). – Ал, балаңа айта бар! Мен сөзімнен де уәдемнен де тайған жоқпын. Бірақ, бұл жолы қызыма көп мөлшерде қалың мал, яғни, тарту-таралғы, сый тілеймін. Балаң өзі бастап қырық құл мен қырық күң ерте келсін. Олардың әрқайсысының қолында бір алтын табақ, ал алтын табақ өткендегідей алтын-күміс, асыл тастарға толатын болсын! Егер осы айтқандарымды әкелетін болса, қызым – сендердікі. Бірден той жасап, балаңды қызымның ордасына бүгін-ақ кіргіземін. Ал, жасай алмайтын болсаңдар, сөз тамам!(Кемпір үн-түнсіз шығып кетеді).Сұлтан. – Мен шаршадым. Дем алайын.(Уәзір де жөніне кетеді. Берірек шығып, бір бұрышқа тығылып өз-өзімен сөйлесіп тұр).Уәзір. – Түндегі жүрістерді менің жүзігімнің перісі де істей алады. Ал, мына тапсырманы орындауға оның шамасы келмейді. Мол қазына шырағданның перісінде... Егер олар бұл жолы да көп тарту жасаса, шырағданның боқмұрынның қолында болғаны... Иә, анық солай болғаны... Демек, нағыз бел шешіп қимылдайтын кез енді келді... (Кетеді).Аладдин бастаған топ сұлтан сарайына кіреді. Оның соңынан алтын тостағанға небір алтын, күміс теңгелер, асыл тастар салған құл-құтан, күңдердің ұзын тізбегі ілескен. Топ басындағы Аладдин де, жанындағы оның шешесі де ханзада, ханымдай киінген. Құл-құтан мен күңдер де жалт-жұлт еткен әсем киімдер киінген, бұралып, иіліп, өзгеше салтанатпен ырғалады. Оларды сарай алдында нөкер-билермен, әулеттілері мен дәулеттілерімен сұлтанның өзі қарсы алады.Сұлтан. (қасындағы уәзіріне) – Мынадай мол байлықты, жер қайыстырар салтанатты ешбір хан баласы сыйлай алмас. Мұндай тартумен келген адам, Алла атымен ант етейін, менің қызыма әбден лайық. Тіпті, мұншама байлықты бір қызымның басына көп көріп тұрған жайым бар. Сен не дейсің?Уәзір. – О, не дегеніңіз, әміршім! Сіздің қызыңызға жер жүзіндегі бар байлықты әкеліп тарту етсе де аздық етеді.Сұлтан. – Қойшы сені. (Қолын бір сілтеп, ілгері жылжиды).Аладдин. – О, аспан асты, жер үстіндегі құдіреті күшті жалғыз билеушіміз! Жүзімді көрсем деген тілегіңіз бойынша, әрі шешімін күтіп зарыққан жүрегімізді алып алдыңызға келіп қалдық! Қаласаңыз – мынау азын-аулақ сыйымызды қабыл алыңыз. Сөйтіп, мен де бір балаңыз болайын. Қаламасаңыз, пәрша-пәрша жүрегімді арқалап, құрдым іздеп мен кетейін!Сұлтан. – Қаладым, жаным, қаладым! Балам! Құдағи!(Аладдиннің маңдайынан сүйіп, шешесімен қол алып амандасады).Сұлтан. – Ал, халайық! Бүгін той! Ойнаңдар! Күліңдер! Жыршылар қайда? Жар салсын! Бүгін - менің күлімкөзім Бадр аль-Будур мен Аладдиннің үйлену тойы! Қалыңдық қайда? Бадр аль-Будурды алып келіңдер! Уа, халайық, той! Тойла! Қыздыр думанды! Қызыққа толсын, мынау хан сарайы!(Бадр аль-Будур шығады. Сұлтан оның қолынан алып, Аладдинмен табыстырады).Сұлтан. – Бақытты болыңдар, балаларым! Бақытты болыңдар!(Екеуінің маңдайларынан кезек-кезек сүйеді. Лезде жиналған жұрт той-думанға айналып, сұлтан сарайы қызыққа толады. Көңілсіз тұрған жалғыз уәзір. Ішінен әлдене ойлап, өзімен-өзі күбірлескендей болып, шетке ығысады. Сұлтан мен Аладдин де оңашаланады).Сұлтан. – Ал, балам, қаласаң – бүгін қалындығыңның отауына кіргіземін.Аладдин. – Жоқ-жоқ, атеке. Болмайды.Сұлтан. – Неге?Аладдин. – О, әміршім! Менің сізден бір өтінерім бар.Сұлтан. – Ол не өтініш? Айт! Бүгін не сұрасаң да беремін.Аладдин. – Олай болса, маған жер беріңіз.Сұлтан. – Оны не қыласың?Аладдин. – О, әміршім! Сіздің қызыңыз, менің нақсүйерім – Бадр аль-Будурдың басына лайық сарай саламын. Оны салуға Сіз ойлағандай көп уақыт керек емес. Тек сол сарайға кіргеннен кейін ғана қалыңдығыммен табыссам деймін...Сұлтан. – Мынауың дұрыс екен. Олай болса, тура менің сарайымның алдында бос жер бар. Өзің де көрген шығарсың. Соны ал.Аладдин. – Маған керегі де сол еді. Таңертең ерте ертемен терезеңізден сол тақырға көз салыңыз. Будурдың сарайы дап-дайын болады. Ал, мен қайтайын. Сол сарайды көрген бойда қонақка келіңіз...(Аладдин шешесін алып қайтады).Аладдин. (Шешесіне). – Міне, қолымыздағы қазынамызды, ең үлкен қазынаны тағы бір сынайтын кез келді.Шешесі. Бұл не жаңылтпаш?Аладдин. (күліп). – Шырағданды айтам! Хан сарайының қасынан өзімнің сарайымды тұрғызбаймын ба? Сөйтіп, келініңді кіргізбеймін бе?Шешесі. – Шырағдан дегенше құбыжық-пері демейсің бе? Маған көрсетпей істеші, не де болса?Аладдин. – Құбыжық та емес, пері де емес, біздің үйге құт боп келді ғой, ол.Келесі күн. Аладдин мен шешесі ғажайып, алтын-күмістен, қымбат тастардан соққан сарай ішінде. Екеуі де жан-жағына қаранып, таң-тамаша қап тұр. Шешесі. – Мынауың хан сарайы ғой, балам-ау!.. Біздің сұлтанымыздың сарайынан да бір кем емес.Аладдин. – Бұл ендігі келініңіз үшеуміз тұратын үй. Сенің үйің, сенің сарайың, шеше!Шешесі. – О, Алла, бергеніңе шүкір! Қалған ғұмырымды саған қызмет етуге жұмсармын, енді. Жазғаныңа шүкір!Аладдин. – Қалған ғұмырыңды шеше, Бадр аль-Будур екеуміздің махаббатымыздан туатын немерелеріңе қызмет етуге арнайсың.Шешесі. – О, жасаған! Бүгін алсаң да арманым жоқ.(Кернейлетіп, сырнайлатып сұлтан мен оның нөкерлері, әулеттілері мен дәулеттілері келеді. Бадр аль-Будурды да алып келеді).Сұлтан. – Ғажап! Мынадай хан сарайын бір күнде, жо-жоқ бір түнде салып бітіру деген түске де кірмес. Адам кұлағы естіп-білмеген ғажайып қой, мынау. Солай емес пе?Қасындағылар. Солай, солай... Рас айтасыз, сұлтеке! Рас, рас.Сұлтан. – Қалай істедің мұны, балам? (Құшақтап сүйеді). Есенсіз бе, құдағи! (Шешесімен қол алысып амандасады).Аладдин. – Махаббат не істетпейді дейсіз? Жүректен істелген іс осылай болмай ма?Сұлтан. – Сендім, сендім. Қызым, айналайын бері кел! Сенің де бағың бар бала екенсің. Ал, табысыңдар! Бақытты болыңдар!Аладдин. – Ал, олай болса, қыздырыңдар ойынды! Той жалғасады! (Бір бұрышта орналасқан сазгерлер әр түрлі аспаптармен құйқылжытып, әсем саз ойнайды. Келгендер әр жерде, үсті дәмнің алуан түрімен майысқан дөңгелек дастарханға жайғасып жатыр. Тек уәзір ғана отырмай, бөлмелерді тамашалаған болып жүр).Уәзір. – Ғажап, ғажап! Мынау сан мыңдаған асыл тастармен өрнектелген сарайдың бір кесегінің өзі – бір адамның бүкіл ғұмырына жететіндей. Иә, ғажап! (Бөлмелерді жалғыз аралауға кірісті. Жан-жағына ұрлана қарап қояды). Ім, қайда екен? Өзімен бірге алып жүруі мүмкін емес. Көзден таса жерде тығылулы шығар... (Бір бөлмеде биік зат салғыштың үстінде тұрған шырағданға көзі түседі). Мынау... сол! Иә, сол! О, құдай, бар екенсің ғой! Менің көз жасымды көрген екенсің-ғой! (Ұрлана барып, шырағданды алып алады). – Е, қолыма түстің ғой! О, бәлем! Қолыма түстің бе? О, жылбысқы жұлдыздар! Сендер сызған жолдың қателігін дәлелдейтін менде мынау құдірет бар енді, күш бар! Ха-ха-ха! (Шырағданды қолына алып үйкейді. Сол-ақ екен, күркіреген жын-пері шыға келеді).Жын. – Мен мына шырағданның құлымын! Не бұйырасың тақсыр? Құзырыңа құлдық!Уәзір-сиқыршы. – Ал, балақай, сазайыңды тартатын кез келді! Тап қазір, табан астында Аладдинді, шешесін, сұлтанды, оның нөкерлерін, қысқасы, Бадр аль-Будурдан басқаларын тақыр жерге таста да, мені сұлтан қызымен мынау ғажайып сарайдың ішінде алысқа, сона-ау-у, Магриб еліне көшір. Сөйт!Жын. – Құп болады, тақсыр! Ләппай!(Көзді ашып-жұмғанша сарайды ұшырып әкетеді. Бадр аль-Будур мен уәзір-сиқыршыдан басқалары сыпырылып тақырға түседі).Сұлтан. – Ойбай, мынау не деген сұмдық! Ойбай, тақырға отырдық қой! Аладдин, балам! Мынау не? Ойбо-ой, қызым! Қызым қайда? Ел-жұртқа таба болатын болдық қой... Жендеттер, қайдасыңдар? Ұстаңдар, мынаны! Алыңдар басын! (Жендеттер келіп, Аладдиннің қолдарын артқа қайырып, басын алмаққа ыңғайланады).Аладдин. – Дат, тақсыр, дат!Сұлтан. – Алдағаны-ай, уәзірім бұл пәлеге сиқыр араласқан деп қоймап еді-ау... Білген екен ғой... Сезген екен ғой... Ий, айт, айтып қал! Жо-жоқ! Мұның басын алмайсыңдар! Алдымен қызымды тауып әкелсін! Оңай құтылғысы кеп тұр екен, оған көне қоймаспын! Осы ақымақ болғаным да жетер!Аладдин. - О, сусыма уақыт құйынын билеуші, құдіретті сұлтан! Бұл жағдайға сенімен бірге мен де таң болып тұрмын. Қырық күн рұқсат бер? Не сенің қызыңды, өзімнің нақсүйер құрбым – Бадр аль-Будурды алдыңа алып келемін, «не қылша мойным талша» деп, ғұмырымды талақ етуге қайтып келемін. Бәрібір Бадр аль-Будурсыз маған дүние тұл!Сұлтан. – Босатыңдар! Бердім мұрсатты! Егер аталған уақытта бір хабарыңды бермесең, жердің астына түсіп кетсең де тауып аламын!(Сұлтан мен нөкерлері кетеді. Аладдин жалғыз).Аладдин. – Дәу де болса, бұл – менің «көкемнің», Магриб сиқыршысының ісі... Қайда алып кетті екен?..(Қолындағы жүзігіне осы кезде аспаннан бір сәуле түседі. Шарасыздықтан саусақтарын қайырып отырып, сол жүзікті ұстағанын өзі де сезбей қалады. Сол-ақ екен, қарсы алдынан гүжілдеп жүзіктің құлы – жын-пері шыға келеді).Жын. - Құзырыңа құлдық, тақсыр! Не бұйырасың?(Аладдин қапелімде сасып қалып, бірте-бірте есін жияды).Аладдин. – Сен кімсің?Жын. – Мен анау саусағыңдағы жүзіктің құлымын! Не бұйырасың, тақсыр?Аладдин. – Тура қазір, табан астында, менің сарайымды, қалыңдығым –  Бадр аль-Будурды осы араға жеткіз, орнына көшір!Жын. – О, тақсыр, құдіретті ием менің! Ол мүмкін емес!Аладдин. – Неліктен?Жын. – Мұндай сиқыр тек шырағдан перісінің ғана иелігінде!Аладдин. – Өзім де солай ойлап едім-ау! Бұл, әрине, менің құрметті «көкемнің» ісі! Олай болса, сен мені дереу сол сарайдың жанына жеткіз!Жын. – Ләппай тақсыр!(Аладдинді ала ұшып, Магрибке көшірілген сарайының жанына топ еткізеді. Сарай ішіне келдік. Бадр аль-Будурдың бір күтушісі оның киімдерін алып, бөлмесіне кіреді. Жолай терезеден далаға қарай бере, сілейіп тұрып қалады. Қолындағы киімдері жерге сусып түседі).Күтуші қыз. – Ханым, бері келіңіз! Тез, тез! Тереземіздің астында сіздің күйеуіңіз, менің ием – Аладдин тұрған секілді...Бадр аль-Будур. – Не дейді? үгіріп барып терезеден қарап, айқайлап жібереді). – Аладдин, Аладдин! О, күйеуім менің, сүйіктім менің! Келген екенсің ғой, ақыры! Тапқан екенсің ғой! (Күзетші қызға) – Кәмилә, бар, анау ішкі қораға шығатын есікті ашып, Аладдинді осында алып кел! Тез! (Күтуші қыз жүгіріп кетеді). О, құдайым! Менің де көрер күнім бар екен ғой! Сүйіктіммен тез табыстыра гөр! (Ерсілі-қарсылы теңселіп жүр).Күтуші қыз бен Аладдин кіреді. Бадр аль-Будурмен шұрқырасып табысады.Аладдин. – О, сүйіктім менің!Бадр аль-Будур. – Нақсүйерім! Сені енді қайтып көрмейтін шығармын деп ем...Азаматым-ау, келген екенсің ғой!.. Алғаш басқаға күйеуге шыққан күні, жоқ, сол түні төсек-мөсегіммен ұрлап алып, қасыма жатқаныңда жүрегімді жаралап едің!..Аладдин. – Таусылма, жаным! Таусылма! Мен сені, моншаға шыққан күніңде, базардағы сөрелердің астына тығылып жатып көргенмін... Содан айықпас дертке шалдыққанмын!.. Ғашығым менің... Бір-бірімізге шерімізді ақтарар жердің – осы болғаны тағдырдың тәлкегі де... Әйтпесе, тірі жанға білдірмеген, тіпті, жанымдағы шешеме сездірмеген шерімді – алғашқы неке түні өзіңе ақтарам ба деп едім-ау!... Тағдырға дауа бар ма?(Екеуі әбден шер тарқатысып, көріседі).Аладдин. – Иә, енді қазіргі жәйіңнен хабардар етші!Бадр аль-Будур. – Несін сұрайсың, көрген күнімізді адам баласына бермесін! Дүрілдеген той үстінен қас-қағымда зымырап отырып, осында түстік қой! Одан бері қанша күн өтті... Әлге дейін көз алдымнан кетпейді.Аладдин. – Қалайша? Содан бері көп күн өтті ме?Бадр аль-Будур. – Иә, қымбаттым! Мынау – ішкі Магриб елі кілең қара нәсілдер тұратын жер. Сонымен, қойшы, әлгі бізді ұрлап әкеткен құбыжық, адам деуге тілім бармайды, күнде төрт мезгіл мені мазалайды. Төсегіме кіргісі келеді, сенің орныңа жатқысы келеді. Алысып-ақ келемін... Бірақ, көпке шыдайтын емеспін...Аладдин. – О, сұмырай, тұра тұр, сазайыңды тартқызармын!Бадр аль-Будур. – Ол айтады, – «менің әкем сенің басыңды әлдеқашан алып тастаған дейді. Содан соң, мынадай байлыққа, мол қазынаға сені іліктірген де менің өзім» дейді. Сені «боқмұрын» дейді, мазақтайды, ғайбат сөз айтады.Аладдин. – Қымбаттым, мынадай, ескілеу шырағдан көрген жерің бар ма? Бұрын төргі бөлмедегі зат салғыштың үстінде тұратын.Бадр аль-Будур. – Иә, көргенмін! Маған көрсетіп: «міне, менің бар байлығым да, қазынам да – осы» деп мақтанған. Бірақ, үнемі өзімен бірге, қойнына салып жүреді.Аладдин. – Жақсы, енді мені мұқият тыңдап ал! (Құлағына сыбырлап, әлденені айтып, қолына кішкентай түйіншек ұстатып, ішкі есіктен шығып кетеді. Бадр аль-Будур болса, жинақталып, әсем киімдерін киініп, үстіне жұпар сеуіп, әлденеге дайындалады).Бадр аль-Будур (күтуші қызға). – Ал, Кәмилә, сен ана құбыжықты алып кел. «Ханшам жалғыздықтан тарығып, шаршапты» де. Сізбен кездесіп, шер тарқатқысы келеді екен де. Жақсы шарабы болса, бірге ала келсін! (Күтуші қыз жүгіріп кетеді. Бадр аль-Будур әлгі кішкентай түйіншекті жеңіне тығады. Лезде қолына шарабы бар құмыра ұстаған сиқыршы кіреді).Бадр аль-Будур (қылымсып). – О, сүйіктім! Мен мынау самарқау жалғыздықтан қажи бастадым. Әке дейтін әке жоқ, күйеу дейтін күйеу жоқ... Сен солардың орнын баса ма деп едім... Келсеңші, шер тарқатып, бір сусындайық!Сиқыршы. – О, Алла, тілегімді берейін деген екенсің! Жүзіңді бері бұрған екенсің. Қане! Қане! Мынадай шарап дүниеде жоқ!Бадр аль-Будур. – Өз қолыммен құйып беріп отырайын!(Осыдан кейін ылғи өзіне жәй ғана тамызып, ал сиқыршыға толтырып құйып отырады). Қане, шын сүйсең, мынаны менің амандығым үшін алып жібер!Сиқыршы. – Оған сөз бар ма, қымбаттым!Бадр аль-Будур. – Мынаны не үшін аламыз?Сиқыршы. – Сенің мөлдіреген кездерің үшін!Бадр аль-Будур. – Мынаны ше?Сиқыршы. – О, сұлулардың падишасы! Осында әкелгеніме талай күндер өтті. Бүгінге дейін жылы қабақ танытып, бір күлімсіреген жоқ едің...Бадр аль-Будур. – Ал, мынаны не үшін аламыз!(Сиқыршы қызды сүймек болады. Қыз сүйгізбейді).Бадр аль-Будур. – Сосын, сосын...Сиқыршы. – «Сосын» деген сөзің үшін!.. Қандай мағына жатыр, бұл сөзде!...Бадр аль-Будур. – Мынаны ше?Сиқыршы. – Мұны... мұны... Менің құдірет-күшім үшін!Жұлдыздар сызған жолды бұрыс қып дәлелдегенім үшін!..Бадр аль-Будур. – Мынаны ше?Сиқыршы (қыза бастайды). – Білесің бе, қайда-а-ан білейін деп едің, сен! Жұлдыздар сызған тағдырым менің... Сол бойынша... Мен... әлгі боқмұрын бар ғой!..Бадр аль-Будур. – Аладдин ба?Сиқыршы. – Иә, сол, сол... Мен... Соның қолынан қаза табуым керек еді... ха-ха-ха! Қайда, сол Аладдин? Білем, сен мені сүймейсің... Алдайсың...Бадр аль-Будур. – Жә, қайтеміз соны!.. Одан да мынаны екеуміздің болашағымыз үшін алып жіберейік, ә?Сиқыршы (мас, күледі). – Иә, аламыз, аламыз!Бадр аль-Будур. (ебін тауып жеңіндегі түйіншектен ұнтақ алып, сиқыршының кесесіне салып жібереді). – Ал, мынаны?Сиқыршы. – Екеуміз үшін! (Тілі күрмеліп, әрең айтады. Ішіп жібереді де, сәлден кейін қылжиып, ұйықтайды да қалады).Бадр аль-Будур. – Кәмилә, ау Кәмилә!(Күтуші қыз шығады. Бадр аль-Будур оған ымдап, ішкі есік жақты нұсқайды. Кәмилә барып әлгі есікті ашады. Күтіп тұрған Аладдин шығады. Жайлап басып, қорылдап жатқан сиқыршының жанына келеді. Аяғымен түртіп, байқап көреді. Сөйтіп, оның шапанын шешіп, қойнынан шырағданды алып алады).Аладдии. – О, сұмырай! Жат сөйтіп, сілейіп! Жұлдыздардың сызған жолын келтіріп, басыңды қағып алайын ба? Сен үшін – ол тым жеңіл жаза болар-ау! Ессіз-түссіз жатып басыңа зауал тақағанын білмей де қаласың-ғой!(Қалыңдығымен қайта табысады).Бадр аль-Будур. – Қайтайықшы елге, сүйіктім!Аладдин. – Иә, қайтамыз! (Шырағданды сығымдап ұстап). Енді бізге еш уайым-қорқыныш жоқ! Сенің әкеңнің маған берген қырық күні де өтіп кеткен шығар?Бадр аль-Будур. – Әкетайым менің, сағындым ғой! Менсіз қалай жүр екенсің?Аладдин. – Қазір қайтамыз. Алдымен мынаның тағдырын шешіп алайын. (Шырағданды үйкейді. Лезде гүжілдеген пері-жын шығады).Жын. – Ләппай, тақсыр!Аладдин. – Жарлығымды тыңда, кымбаттым! Біріншіден, уа Алла, бір өзің кешіре гөр, мына сілейіп жатқан мұндарды, жер астындағы қазынаның ортасына апарып қама. Сол байлықтың ортасында жер бетіне шыға алмай, мәңгі-бақи күңіренумен өтсін! Менің жазам – сол! Осы қалпымызда, мынау сараймен бірге, елге жеткіз! Тұп-тура бұрынғы орнына қондыр! Ал, орында!Жын. – Ләппай, тақсыр! (Лезде ұшырып әкетеді).Қараңғы дүние. Сонау, аспандағы бір шоқ жұлдыз ерекше жарқырап, екі қабат дүниеден өтіп, жер асты қабатына түседі. Жалтылдап, алтын-күміс теңгелерге, асыл тастарға шағылысып, сәулесін жамыратады. Сиқыршы жалғыз, осынша есепсіз мол қазынаның бәрін қалталарына қотарып, теңгелерге, асыл тастарға толтырып, шықпаққа ұмтылады. Ұшпаққа талпынады. Бірақ, қараңғы қапас ашылар емес, құрсауын босатар емес. Қара тер боп жанталасады. Аспаннан түскен жұлдыздың сәулесі одан сайын жалтылдап, асыл қазынаны шағылыстыра түседі. Сиқыршы біраздан соң сол сәулені қуалайды. Отыра қалып, сиқыр жасамақ болады.Сиқыршы. – Әпассан-ахир, массумба,Кораджи тахир, тусулай...Болдым-ау, мен Хиндыда,Үйрендім сиқыр Синдыда.Бар қаласын МагрибтыңШарладым осы жасымда.Мынау қапас дүние,Сиқырменен ашылсын!Жер бетіне шығарсын!Әс-субх, суф! Суф!– Әпассан-ахир, массумба!..(Ашылмайды).Сиқыршы азанын айтып сарнайды. Бірақ жер қойны ашылмайды. Тек әлгі жұлдыздың сәулесі ғана, асыл тастарға шағылысып, сықылықтап ойнағандай. Сиқыршының есін шығарғандай...Тек, көктегі сол шоқ жұлдыз ғана, ешбір адам баласы білмес құпияны өзі арқалап тұрғандай, жымың-жымың етеді...Шымылдық