ВЕРНУТЬСЯ

Орталық көшелердің бірімен сіңлісімен қызу әңгімелескен Қыз келеді.Сіңлісінің күйеуі Ерлан, бір топ пакеттерді жымыра көтеріп, енжар кейіпте соңдарынан ілбіп келеді.Сіңлісі: Сенімен не жөнінде әңгімелеспекші болғанымды білесің бе? Біз Парижге барамыз!ҚЫЗ: Құттықтаймын... Жолдарың болсын!..Сіңлісі: Жоқ, сен түсінбедің. Парижге бәріміз бірге барамыз! Солай ғой, Ерлан?ЕРЛАН: Иә, солай...Сіңлісі: Ерлан екеуміз ақылдасып, сенсіз кеткеніміз жөнсіз деп таптық. Оның үстіне қазір сенің Парижде тығыз шаруаң бар. Қандай тамаша!.. Парижде жұмыс істеу! Ал біз болсақ, – әрі сені шығарып саламыз, әрі сауда жасап, демалысты пайдалы іспен ұштастыра қайтамыз.ҚЫЗ: Сендер шын айтасыңдар ма? Мен Париждегі жұмысым жөнінде әлі еш тоқтамға келген жоқпын.Сіңлісі: Бұл орайы келіп тұрған шаруа емес пе? Мұндай мүмкіндік өмірде бір-ақ рет болады. Өйткені, Парижге екінің бірін жұмысқа шақыра бермейді. Несіне бөгелесің? Мен сенің орныңда болсам, бір сәт те ойланбас едім.ЕРЛАН: Шынында, несіне ойланасыз? Шақыру қағазы келгелі бір ай өтті, ал, Сіз әлі екіойлы жүрсіз.Қызда үн жоқ. Сіңлісі мен күйеу баласы шарасыздықтан бастарын шайқап, бір-біріне қарады. Жасыл шам жанып, олар көше қиылысынан өтіп кетті.