ВЕРНУТЬСЯ

Әйелдер залында Қыз шашын қидыртуда. Шақшадай басын шар айналдырған Шаштараз әйелдің аузына тыным жоқ.ШАШТАРАЗ ӘЙЕЛ: Қан сорғыш дейді... Мені сөйтіп айыптайды... Көрсетермін оған, қансорғышты!..Шаштараздың кіреберісінде кезегін күтіп журнал парақтаған Жігіт отыр.ШАШТАРАЗ ӘЙЕЛ: Сіз мені білесіз ғой... Екі жыл бойы алақаныма салып, тілегенін алдына тостым! Ал, ол болса... Жақсылық білмейтін ақымақ боп шықты. Оңбағанның аты – оңбаған! Міне, енді, мен тағы да ешкімге керегі жоқ, соқа басты сорлымын. Иә... Әйел байғұстың көрер күні осы... Артын қысқартайын ба, әлде жай тегістеп берейін бе? Аһа, түсіндім.Жігіт мырс етті. Екінші шаштараз – әйел қылықты жас жігіт есіктен ентіге кірді. Табалдырықтан аттар-аттамастан сөйлей кірді:ШАШТАРАЗ: Ой, кешіріңізші, ағатай, сұмдық көлік кептелісіне тап болып!... Көп күттіңіз бе?ЖІГІТ (сағатына қарап): Небәрі жиырма бес-ақ минут.ШАШТАРАЗ: Ой, ұят болған екен...ЖІГІТ: Ештеңе етпейді. Ішім пысатындай болған жоқ.ШАШТАРАЗ: Залға кіріп, жайғаса беріңіз. Мен қазір! Ленажан, бізде салқын су бар ма, тамағым құрғап кетті, тегі!ШАШТАРАЗ ӘЙЕЛ: Білмедім, тоңазытқыштан қарасаңшы.Шаштараз бала жұмыс бөлмесіне қайта кіргені сол, моншақ тағылған перделер сыңғыр қақты.Шашын қидырған Жігіт дәлізге шықты. Қалтасынан ұялы телефондарын алды. Сол мезетте залдан шыға келген Қыз оны байқаусызда қағып өтті. Жігіт телефондарының біреуін жерге түсіріп алды.ҚЫЗ (қарамастан): Кешіріңіз!ЖІГІТ (жерден телефонын алып): Оқасы жоқ!Қыз шаштараздан асыға шығып, қарсы көшеге бағыт алды.Ал, Жігіт күтіп тұрған «Мерседес» көлігіне мініп, өз жөніне кете барды. Көлігінің артқы оң терезесін түсіріп, жан-жағына көз тастап, өтіп бара жатқан адамдарға қарағыштап қояды. Қалта телефоны шырылдады.ЖІГІТ: Не боп қалды? Жарайды, тағы он минуттай шыдай тұр! Дүние бүлініп кетпес. Қазір барамын!Қыз жаяу жолмен кетіп барады. Көкөніс дүкенінің алдына тоқтады. Орташалау бір ананас жемісін қолына алды. Таразыға салды. Сатушы ананасты қағаз ыдысқа салып, Қызға ұстатты. Қыз ақша санап жатыр.Осы кезде Жігіттің мәшинесі де көкөніс дүкенімен қатарласты. Бағдаршамның қызыл түсі жанып, мәшине тоқтады. Мәшиненің бүйір айнасынан сатушымен есептесіп жатқан кейіпкер Қызымыз көрінді. Міне, бағдаршамның жасыл түсі жанды. Мәшине әрі қарай жөңкіліп кете барды.Жігіт те, Қыз да бір-біріне назар аударған жоқ.