ВЕРНУТЬСЯ

Қыздың қою, қолаң шашы жастыққа жайыла түскен. Ұйықтап жатса да әсем өңі алаулап, жанып жатқандай. Аунап түсіп, көзін ашады. Жүзіне күлкі үйірілген. Терезеден күн сәулесі сығалайды. Жайылма диванда жатқан Қыз жалаңаш, тек көрпенің шеті ғана тәнін жапқан. Ол аударылып түсіп, сонда ғана Жігіттің жоқ екенін байқады. Жатқан орнына бір жапырақ қағаз қалдырыпты. Онда: «Кешікпей келемін» деген екіауыз сөз. Оқып, Қыз мырс етті. Әлгі қағаз жастықтан жылжып барып, еденге түсті.Есіктің қоңырауы шылдырлады. Қыз орнынан ұшып тұрып, халатын апыл-ғұпыл жамыла сала ауызүйге жүгіре шықты. Сұрамастан, есікті серпіп ашты. Келген – пошта қызметшісі екен.ПОШТАШЫ: Қолма-қол жеткізілім қызметі. Алыңыз! (Ораулы картинаны береді).ҚЫЗ: Мәссаған, тарс есімнен шығып кетіпті.ПОШТАШЫ: Мына жерге қол қойыңыз. (Кетеді).Қыз ораманы ашып жатыр. Өзі таңдаған «Есік алдындағы әйел» картинасы. Есік алдында кірер-кірмесін білмей, именіп тұрған жалғызілікті Әйелдің бейнесі. Оң қолы есікті қақпақшы болып жоғары көтерілген. Бірақ батылы жетпейтіндей. Сол қолы дәрменсіздіктен сұлқ төмен түсіп кеткен. Екіұдай сезім арпалысының үстінде, қалың ойға шомған бойжеткен.