ВЕРНУТЬСЯ

Шеберхананың нақ төріне орналасқан «Есік алдындағы әйел» деп аталатын картинаның алдындағы кішігірім кілемшеде – біздің кейіпкер Қызымыз малдасын құрып, тарс жүгініп отыр. Айнала қатар-қатар қойылған картиналар. Суретшінің өзі де осында. Кенет, Суретші үн-түнсіз орнынан тұрды да, негізінен ашық бояулармен салынған картиналардың ортасындағы − қою қара түстермен ерекшеленген біреуін әрегірек алып қойды. Картиналар шеңбері шектеле түсті. Сол-ақ екен, өңкей ашық, жадыраңқы түстер бір-бірімен қосыла кетті. Қыз бар назарын әлгі картинаға аударған. Жүзінде бір тылсым жұмбақ пен мұң барға ұқсайды. Әлдебір терең сезімге беріліп, кілемшенің үстінде қақшиып қатқан да қалған. Медитация жасап отыр.