ВЕРНУТЬСЯ

      Тасуын-ай,басынуы-ай
мынаның,

Жақпай қойды жұртым
ғашық жыр - әнім,

Өзімді әлді,
сөзім дәмді демейтін

Кердеңінен керең
болды құлағым!

Мен де елімнің
екі тумас ер ұлы ем,

Неге саған құбыжықтай
көрінем?

Нақұрыстау
"нәнің" де емес едім ғой,

Көрі жуық, кәрің
де емес, төрінен.

Төңірегің
толып алған құл мен күң,

Құл мен
күңге күңкіл-күңкіл тіл бердің.

"Көзіңді
ашып қарасаңшы, қалқам-ау, -

Дегім
келіп тұрады ылғи:

 Бұл - менмін!"

Мені де сол құлдың
бірі еткің кеп,

Жауыр аттай жайдақ міне кеткің кеп,

Нығыздала,тығыз ғана сызданып,

Артық-ауыр сөз айтасың екпіндеп.

Кеңістікті қимағандай, кеңсемді,

Езгің келіп ерге біткен еңсемді.

Қатар жұмсап
өрің менен зәріңді,

Жүргеніңді
қайдан білсін ел сорлы.

Әңгір таяқ үйірердей төбемнен,

Бөле жара түйілердей көп елден

Құлағымда
ойнайтындай құрбақа,

Құдыққа да
құлай қойған жоқ ем мен!

Дос та бола қоймаспын мен, қасың да,

Тісің кетер - тістенбей жүр асылға.

Ұры бұғар, ұлық ұғар тілім бар,

Тас жармаса - бас жарады басынба!

Текті де
едім,кешелер бетті де едім,

Билікке де біршама
жетті қолым.

Ақылым да бар еді кімге бірақ

Опа бере
қойыпты көптігі оның.

Жан болмаса жаныңда жүрген елеп,

Ақылыңның
бар-жоғы кімге керек.

Ажалдан да
құтылып арамзаң жүр,

Ебін
тауып,әйтеуір, бірдеме деп.

Шыр айнала шарқ ұрып
шағалалар,

Бір амалын
қайтсе де табады олар.

Айналыңыз сондықтан
біздің елде,

Ақылдыдан жоғары
бағаланар!

Мандайына бұйырған
бір ғана тіл,

Кімге дәрі деп
едің құрғақ ақыл.

Бұл сөзімді оқы
да,ағайын-дос,

Сен де біраз
ойланып ырғала тұр!