ВЕРНУТЬСЯ

   Бауыржан әманда ой үстінде жүретін кісі еді. Өлең де
жазатын. Мақал-мәтелдер де шығаратын. Соларын күн демей, түн демей жақсы
көретін аға, іні, дос-жарандарына телефонмен оқып беретін, пікір тыңдағысы келетін
әдеті бар болатын.
          Оның бұл
қасиетін білмей тұрған ертерек жылдардың бірінде кештетіп телефон шылдыр ете
қалды. Көтерсем, жуандау келген қатқыл дауыс - Бауыржан даусы. Жаңылмасам,
телефонды алғашқы рет шырылдатып тұрғаны.
 - Иә, Бауке, құлағым
сізде, - деймін жүрек лүпілін басқан болып.
 Қолыңа қағаз бен
қарындаш алғын, - деді Бауыржан.
- Ал алдым.
-        Жазғын ендеше,-
деп Бауыржан өзі шығарған екі шумақ өлеңді жіктеп оқи бастады. - Жазып болдың ба?
-        Болдым, Бауке.
-      Қалай екен?
-        Айтары жоқ-ау,
тіпті.
-        Өтірік мақтап
тұрған жоқсың ба?
-        Өтірік мақтап
не құдай атыпты, Бауке...
-        Ендеше
қайталап оқығын өзіме...
          Менің үнім өшті де қалды.
-        Ау, неге
үндемейсің?
        Ал мен болсам,
не дерімді білмей түрмын. Өйткені қолымда қағаз да, қарындаш та жоқ. Тексереді
деп ойламағанмын ғой.
          Содан былай
қарай Бауыржан Момышұлы телефон соғар болса, қағаз бен қарындашты ала отыру
әдетіме айналған еді.