ВЕРНУТЬСЯ

        Маңдайыма сезбеппін сыймасын-ай,

Сөз қадірін сезінген,

сыйласым-ай.

Қоңыр кеште мен сені есіме алдым,

Суық қырда қап қойған,

қимасым-ай.

Топырақты
лақтырып,

құрбым-ау тұр,

Жалбарындым,

тұрмадың,

тұрдым-ау тұл.

Меніменен қосыла құлазыды,

Ішке тартып өксігін мұндылау қыр.

Мұндылау қыр...

жетті енді сабырсыз дер,

Тұлпарлардың байлайтын бағын сіздер.

Қатпарланған қайғымды көтерістің,

Қара суық жалаған сағымсыз бел.

Аманыңда қадірінді кім білген,

Суық сөздер жүрегімді тілдірген.

Қимас кезім құс боп ұшты,

жоқ болды,

Жастық шағым өтпейтіндей жүрдім мен

Елес болды бозбала кез,

қимас шақ,

Есті жандар ерте бастан сыйласпақ.

Тағдыр мені кезек-кезек лақтырды,

Бірде оңға,

бірде солға «қиғаштап».

Өлең етіп түсірсек те хатқа ойды,

Менсіз биыл тойлап жатыр бақ тойды.

Қимас дәурен, айтпадың не,

айттың не,

Ақ сағымның ар жағында қап қойды.

Сыйлады тағдыр ақындық ғұмыр,

Жанымды мәңгі қинады.

Арадағы бұл жақындықты біл,

Маңдайға бақыт сыймады.

Ақындық ғұмыр - cop менен бақыт,

Көктем мен күздей алмасар.

Ақындық ғұмыр - көр менен уақыт,

Жағаңа қабат жармасар.

Ақындық ғұмыр - өткінші жаңбыр,

Күркірер,

қияр,

селдетер.

Екінші өмір...

басталар таң тұр,

Туған топырақ
тербетер.

Ақындық ғұмыр қалар дәптерде,

Азабы жүк қой жүз нарға.

Жабыққан жалғыз қиын сәттерде,

Сүйендім ерке қыздарға.

Ақындық ғұмыр - көздің жасы бұл,

Аяулы сәтте таматын.

Ақындық ғұмыр - сөздің басы бұл,

Әдемі ән боп қалатын.

Ақындық ғұмыр - күлкісі қыздың,

Нәзік қоңырау сыңғыры.

Ақындық ғұмыр -

түлкісі түздің...

...Үзеңгі,

жүген сылдыры...

Құрып барады
даламның гүлі,

Ұлыды қасқыр
алыста.

Құрып барады Анамның тілі,

Белшеден баттым борышқа.

Жағымнан тартты мұңы халықтың,

Жынданып кете жаздадым.

Бәсіреге мен жырын алыппын,

Бұл жолда азап,

аз ба мұң.

Сары адыр анау жуған селіңмен,

Парықсыз ойнап-күлмедім.

Бұ дүние түгіл,

туған жеріммен

О дүниеде мен біргемін.

Жемісін күзде бағында үзгем,

Торғайдан қорып жасымнан.

Еңістер...

қырлар...

сағымдар жүзген,

Шалдардың жүзін жасырған.

Жабықты жалғыз балаңның бірі,

Тұлпарлар өткен қырат бұл.

Анамның тілі,

даламның гүлі,

Сағым ішінде жылап тұр.