ВЕРНУТЬСЯ

Ие, тілдің
иесі - халық екені рас. Алайда сол халық атынан тілдің даму, толысу, өзгеру
заңын жолға қойып, бақылап отыратын, ережелерін негіздеп, тыянақтап, тағайындап
отыратын мемлекеттік мекеме, ғылыми орынды біз бұрын тілге иешілік ететін,
бедел тұтатын орталықтар деп ұғатынбыз.
Олар - Тіл ғылыми институты мен өкімет жанындағы терминком еді. Әрине, олардың
басында тіл мен әдебиеттің ел таныған оқымыстылары отыратын. Әріде бұлардың
біреуі де болмай тұрған уақытта Ахмет Байтұрсынов,
берірек Құдайберген Жұбанов, одан беріректе Нығмет Сауранбаев, Сәрсен
Аманжолов, Смет Кеңесбаев, Мәулен Балақаев, ал біздің күнімізде Ахмеди Ысқақов,
Төлеубай Қордабаев секілді кісілер еді олар. Бұларға қабаттаса Сәкен Сейфуллин
бастаған алыптар тобы Ілияс, Бейімбет, Сәбит, Ғабит, Ғабиден, Әбділдалар бар
еді. Осылардың бәрі қазақ тілінің иелері еді. Бұлар қазақтың өдеби тілін
қызғыштай қорыған, қорғаған адамдар болатын. Ешуақытта сөзді бүзбақ түгіл, сол
сөзді дұрыс жазбаған адамды да кешірмейтін. Біз солардың «қорқып» өстік. Ал қазір
не болып барады? Сол иелер, иелердің орнындағылар қайда? Әркім «бет-бетімен
түйе айдап»
кетті. «Мемлекеттік тіл», «Тіл
туралы заң», «Тіл қоғамы» деп жатырмыз. Осылар тек томаға-тұйық үғымдар ғой,
тілдің өз ішкі шаруашылығы туралы не ойлағанымыз бар?Тағы да науқанға басып
кеттік, жаппай қазақшалау басталды. Ау, осыдан жүз, жетпіс, елу жыл бұрын қолданып
келген сөздерді аударудың, түгел қазақшалаудың не қажеті бар еді? Әуелі
өзімізге түсінікті таза қазақшамызбен сөйлеп үйреніп алсақ, кейінгісі бола жатпай
ма? Ал тіл дегеніміз - тек қана ұлттық сөзден тұрады деп кім айтты? Тіл өзінің даму заңында талай тілдердің сөзін
бауырына басып, өз үндестік заңымен өзіне айналдырып алып, көбейе, молая
бермеуші ме еді? Жап- пай аударудың кесірінен, бір сөзді әркім әр түрлі
аударып, әр газет, журнал, радио өзінше айтып, әбден былықтырып барамыз.
Сөйтіп, байғұс тіліміздің басына тағы бір қырсық кезікті. Енді сол қазақшамызды
орысшаға аударып барып түсінбесек, түсінбейтін болдық. Оған мысал толып жатыр.
Мысалы: «үнпарақ», «үнқағаз», «күнтізбек» т.б. Ал орыс сөздері болса қайтесің,
мың жылдың ішінде орыс пен түркі сөздерінің қаншасы араласпады бір-біріне.
Алысқа бармай-ақ, Олжастың «Азия» кітабын алсаң да болады ғой. Одан беріде
«самауыр», «шана», «қамыт», «шай», «шәйнектерді» қайда қоясың? Аударма деп
отырған жоқпыз, әр нәрсенің реті бар ғой. Өлшемі, көлемі, тәртібі, заңы болады.
Қазақ тілі қазақтың қорадағы қойы емес сатып немесе айырбастай салатын. Бұл - ұлттық,
халықтық белгі, қазына, ұрпақтан ұрпаққа кететін мұра.
 Сондықтан бұл мәселеде мемлекеттік көзқарас, халықтың бәтуа, келісім,
иелік керек шығар.
Қаншама әкімшілік, өктемшілік дәуір
дегеніңмен, ол сенің жалпы ана тіліңе кедергі жасады дегенмен, сөзінді өзгертіп
берген жоқ қой. Сөз әкімдікке қарамайды, айтыла береді, ал тілге тиым салу
өзіне басқа шаруа. Тіл білу мәселесі жөнінен қазақ қауымы дөл осы тұста - үш топқа
бөлініп тұр. Біріншісі - мейлі аралас-құраласы болсын, қазақ тілін еркін
білетін қазақтар, екіншісі - шала білетін, мүлдем білмейтіндер, үшіншісі - өте
жас буын, жаңа үйреніп жатқандар. Ал әлгі біздің аударып жатқан сөздеріміз
осылардың қайсысына керек? Әрине, үшіншісіне шығар. Алдыңғы екеуі ол аудармаңда
шаруасы болмайды, одан екеуі де кешігіп қалған. Тілді қорғау, зандастыру жақсы
нәрсе ғой, сонны тағы да құр жалаң даңғырлата бермей, нақты іске, жүйелі жұмысқа
бағыттау керек. Мемлекеттік тіл бол- дың екен, оған шын мемлекеттік иешілік
керек. Терминком жаңадан құрылып, жоғарғы кеңестің жанында болсын, ғылыми
институт беделді орынға айналсын демекпіз.