ВЕРНУТЬСЯ

Жаралдың мұнша неге делдуана боп?!Жалғанды жалғыз басқан сен ғана боп;Мақтанып: «Менің жалғыз ұлым бар, ал, -Дедің-ау, - мына сенде ер бала жоқ». Бейшара, бері қара, міскін бала,Торына Ібілістің түстің, бала.Азғырған ақ шайтанның арбауындаЖазғырған жаман ойды құштың, бала! Артылған мойынында Ар қамыты,Ақынның сендей емес, алда үміті.Аманат қылып берген, сенікі емес,Бала, ол – біле білсең, Алланікі. Жақсының жатар мәңгі тарап аты,Жабыспас жамандардың балағаты.«Алланың бергеніне мың шүкір!» деп,Айтылар ала таңнан қанағаты.Жалғыз ұл, жаны бөлек бала түгіл,Араша тұра алмайды анаң аты.Кеудеңде шыбын жан да – сенікі емес,Жасаған бір Алланың аманаты.Не болды жай отырған бізге ұрынып,Адасып ашық күнде, сөзге ілігіп?!Күніне мың бір пәле көрсем-дағы,Сонда да бір Алладан үзбен үміт. Алланың шүкір етсең, берері – шын,Пенденің салған іске көнері – шын.Шалдарым сан қайтара қақсап кеткенДәл осы ақиқатқа көнемісің?!Оларды қыстырмайтын, пысқырмайтын,Төменге түспейтұғын төремісің?Төрең де төбесінен Құдай ұрса,Еңкілдеп қарашыға ерері – шын.Жайықта жүзген жайын секілденгенЖоқ әлде кең айдында кемемісің?!Кемең де кебежедей төңкеріліп,Дағдарып, дауыл соқса желеді шын.Алла өзі асқақтықты ұнатпайды,«Адамнан ақылым артық, - деме, - күшім».Ешкімнен ешкім артық емес, шырақ,Адамның Алла шешер ерегісін.Парқыңның дәрежесі биік болса –Халқыңның сонда ғана керегісің.Ал сенің жалғыз ұлың ертеңгі күнАман-сау жүреріне сенемісің?!Қайыртпас Қашаған да – баласыз ғой,Бермесе бедеу тағдыр – шарасыз ғой.Саңлақ жырларымен саңқып өткенСәтеке, даңқы бөлек, дарасыз ғой.Он екі перзентінен айрылса да,Сабырын жоғалтпаған сарасыз ғой.Дәуіттің отыз ұлын бір күнде алғанАлланың ісіне ем табасыз ба-ой?!Осындай мысалдарды ойлана айтсам,Керегін кертіп, елім, аласыз ғой.Ал енді ақылсызға ем қона ма,Ақымақ – ажал сынды дауасыз ғой.Бейшара, сен де – бір сол семген қарын,Кемақыл, кенже қалған баласыз ғой.Әкесі алты қыздың ЖетекеңдіҚапқан да – сен сияқты санасыз ғой. Сені де тапқан бір қыз – ана емес пе ед?!Сезіммен сүйген қызың – жар емес пе ед?!Қыз деген – дүниенің қызғалдағы,Қимайтын қымбат, әсем ән емес пе ед?!Ал айтшы, қыз болмаса, қайдан шықтың,Алтын күн, атқан аппақ таң емес пе ед?!Бұрды ма көңіліңді шайтан малғұн,Тұрды ма тұла бойыңа бәле дос боп –Өзіңе қыз бергенде әуелі Алла,Көзіңе еркек кіндік жан елестеп?!Кім айтты «Ер бала тек – елге тұтқа,Ал енді қыз дегенің – бала емес» деп?!Қыз деген – қызыл жеміс жігіт үзген,Көктемдей аяқталар жыры күзбен.«Үш қызды үлбіретіп берген ҚұдайБір ұлды бермейді» деп үміт үзбен. Баланы «ұл» деп, «қыз» деп мен бөлмеймін,Перзентті періштеге теңгермеймін.Үш қызым үмітті ақтар аман болса,Ешқайсын ер баладан кем көрмеймін. Ұл туса – ұлтанды елі қуанады,Жайқалып жасыл орман, гүл алабы.Асыл жар аман болса, Алла берсе,Арыстай ер бала да туар әлі. Отыр ма тілің тығып, тістегің кеп?!Оспадар, орашолақ істерің көп.Құдайым қубас қылып, қуратпағай,Мен әлі тұғырымнан түскенім жоқ.Білесің жоқ нәрседен бар болғанның,Жасаған Жаббар Ием жар болғанның?!Басынан бағы ұшқанда пенде байғұс,Он сегіз мың ғалам да тар болғанның?!«Қарғысына қаламын» деп қорықпайсың ба,Құдайы қолдай қоймай, қор болғанның –«Ұл емес, қыз да болса, бере гөр!» деп,Жалынып, шикіөкпеге зар болғанның?! Тегің боп жазылғанмен ұл қағазға,Текті боп туған қыздан гүлдер аз ба?!Ерінін жібітетін ешкім таппай,Бір қызға зар болып та жүрген аз ба?! Азынап, азбан аттай кісінесің,Өзіңнің бағаңды өзің түсіресің.«Екі ауыз ел алдында ән айттым» деп,Несіне бұтқа толып, ісінесің?!Парасат-пайым бар ма, ойың бар ма,Айтардай үлкенге – ақыл, кішіге – сын?!Ісініп, ісіп-кеуіп, ақырындаЖарылған кезде барып түсінесің!Беу, байғұс, болайын сол мақтаныңа!Мұндар ит, мұқатар сөз тапқаныңа.Мәз болып жүрмісің сен, мәңгүрт неме,Байлардың басқан ізін баққаныңа?!Хақыңды хан түгілі, халқың бермей,Ақынды қаншық болып қапқаныңа?!Әкімнің итаяғын ит боп жалап,Әркімнің арқаңнан сәл қаққанына! Айта алмай жүргенің де – сол екен ғой,Ылығу, ішің лас, боқ екен ғой.Дауысың дарылдаған болғанымен,Басыңда бір шөкім ми жоқ екен ғой. Мұнафиқ, мұндарлармен тең екенсің,Мұныңмен талайды әлі жер етерсің.Құрбақа құрлы байғұс құның да жоқ,Құбылған құла түзде жел екенсің.Қашықтан дауылпаздай дауысы бар,Қасыңа келген кезде кем екенсің.Балаңның әумесерлеу әкесымақ,Адамның әупілдегі сен екенсің.Білмеймін ұқпағаның, ұққаныңды,Арқалап жүрсің босқа боқ қарынды.Алдымен кірмей тұрып кең сарайға,Ұмытпа қай есіктен шыққаныңды! Атадан туған кезде алтау ма едің,Атандай ауыр жүкті тартар ма едің?!Дос тұтқан дорақ неме, долы әйелдей,Тас тыққан қойыныңа қорқау ма едің?! Аузыңа келгенді айттың, тойынғасын,Алдыңа арақ-шарап қойылғасын.Несіне адам болып жер басасың,Не пайда ар-ұятың жойылғасын?!Ел қалды басын шайқап, жағаны ұстап,Нең қалды жаманатың жайылғасын?!Ар жағы ниетіңді ақтардың ғой,Әніңнің айтпай-ақ қой қайырмасын.Жүргенше сендей итпен жолдас болып,Жасаған жалғыздығын дайындасын.Дәл сендей дәлдүріштен айырса да,Құдайым қыздарымнан айырмасын!2011 жыл, 11 қыркүйек.Ақтау.