ВЕРНУТЬСЯ

       Мерген ауылы
Торғайда Совдеп.
Қызыл ту
Ең биік үйдің
үстінде.
Толастап айқас,
ызың-шу,
Білінді қазір
күш кімде.
Өңкей де қызыл
комиссар,
Үлкені соның
Иманов.
Жаңа бір тұрмыс
жан құштар,
Бетіне нұры
жиналып,
Өркендеп жатқан
кез еді-ау,
Болашақ қамын
ойлатып.
Болмасқа қамсыз
- келсе жау,
Үйретіп әскер
ойнатып.
Кигізіп әсем
формасын,
Самсатып сапқа
тұрғызып.
Кешкілік кернеп
қала ішін
Әндетіп өтсе бір
қызық.
Жарқылдап
қару-жарақтар,
Арындап аттар
ойқастап.
Дегендей бізге
қарап қал,
Қаланың халқы
кез тастап.
Хакімбек Токин
комиссар
Жер бөліс ісін
бастаған,
Мауыты киім
жарасар
Алтынмен зерлеп
тастаған.
Баяғы тұлпар Ақбұршақ
Әскери ермен
үйлескен.
Ол барған жердің
бәрі шат,
Жиналып жалшы
гулескен.
Асығып әсем
ертеңге,
Аптығып айтып
арыз-мұң,
Бәрі де шығып
бекерге
Қашанғы байға
қарыздың.
Байлаудан шыққан
малдай-ақ
Босанған кедей
мінезі.
Қандай бұл
заман, қандай бақ
Бәріне қожа бір
өзі!
Басталды тағы
дүрбелең,
Бастырды тозаң бұл
елді.
Азамат соғыс күн
деген
Астан да кестен
жыл келді...
Ал міне
төңкеріске төнді қауіп,
Сыртқы жау елге
кірер жолды жауып.
Қоршауда қалды
жап-жас қала мына
Ішкі жау іштен
талап, иттей қауып.
Торғайды басты
келіп атты қазақ,
Батырдың
қарауында әсер аз-ақ.
Қалаға кіре
алмай жау жанталасты
Келгенде
жасаймын деп ақтық азап.
Жағалай өртенді
ауыл маңайдағы,
Жазықсыз төгілді
елдің талай қаны.
Адамның адамға
істер айуандығын
Арқалап аза
кіндік жер айналды.
Бірауық
зеңбіректер қаланы ұрып,
Арада өкіл салып
ала күлік.
Ала алмай бітім
сұрап арпалысты
Аттатпай тұрды
батыр табалдырық.
Барлығы үш жүз
әскер кескілескен,
Жалғайды таңды
таңмен,кешті кешпен.
Көбісі
комиссардың далада жүр
Бұл жайдан ешбір
хабар естіместен.
Ызадан булықты
жау тілек болмай,
Күтпеген мықты
қамал, тірек сондай.
Түйілген тас жұдырық
секілденіп
Тұр қатып Торғай
қала, жаңа Торғай!
-Қайда ауыл?
Қайда ауыл
мергендердің
Ордасын көрсет
бізге өңшең иттің!
Деді жау.
-Әне! - деді
опасыздар.
Сол үннен дір
еткендей сескеніп түн.
Бір. Екі. Үш.
Үшты доптар жалын сүйреп,
Шу етті қалың
қопа қамыс күйреп.
Жөнелді аза
бойды тік тұрғызып
Күңіренген
төңіректі дауыс билеп.
Ұйлығып отырған
ел бір уыстай,
Қанатсыз ұша
алмаған тірі кұстай.
Үйітіліп от
ішінде қала берді,
Ақ үйлер
күтір-күтір шыны ыдыстай.
Азамат бәрі де
әскер қала ішінде,
-Жау жендет ал
да тала, ал ішіп, же! -
Омырауын ашады
оққа бір ақсақал -
Жалаңаш жан
есірік хал үстінде!
Жанады өрт -
жан-жақ енді самаладай,
Сан түрлі үнмен
ажал салады айғай.
Ішінен от
дозақтың зар шығады
Басылмай бала
шырыл, анада "ойбай".
Жас сәби өлген
ана сүтін еміп,
Жарыққа жалт
қарайды бетін беріп.
Ызыңдап нар
қамыстар өртенеді,
Ажалдың
сыбызғысы секілденіп.
Бір кезде қалың
жылқы дүр ете қап,
Жосылды жонға
шығып күрең қабақ.
Кісінеп, шұрқырасып,
кетті заулап
Соңынан
түскендей-ақ біреу сабап.
Тағы да
зеңбіректер қоса аңырап,
Болды ауыл жер
мен жексен,күл шаңырақ.
Қазаға жаназашы
секілденіп
Үй қалды қара
күйік бос сандырақ.
- Қой, жетер! -
деді қолын бір-ақ сілтеп,
Жау бастық көзін
басып, құлақ бітеп.
Содан соң қара
жолмен қайта жосып,
Дыбысы
жаңғырықты тұяқтың тек...
...Таң атты.
Сорлы ауылды жалаңаштап,
Жел сұмпай сұмдық
хабар ала қашпақ.
Адамның айтып
аузы шыдамайтын
Ауыл бір күйік
қазан, қара қаспақ.
Жат көріп, жауға
жорып, бір бөлектеп,
Қарамен өлген
есеп дөңгелектеп.
Әр жақтың
азғындары күлді алыстан
"Ауылына
мергендердің сол керек!" - деп.
Әнекей, түнде
қашқан жылқы құлап,
Келеді суат
бойлап ұбақ-шұбақ.
Құраулап кезінде
жас жұрт барады,
Жаңғырып
жағадағы жасыл құрақ.
О, ғажап, үн
келеді жылқы жақтан,
Сәбидей
жамырасып жылап жатқан,
Әр аттың
бауырында бір-бір бала
Таңулы, қалған
аман бұл апаттан.
Ауыл-ай, қайран
ел-ай, қан айқаста,
Мынау ой келе
қалған қалай басқа!
Білгізіп елдігіңді,
ерлігіңді
Сақтапсың ұрпағыңды
жоғалмасқа!
Қалдырып қайран
жұртты тағы да бір,
Арттағы тау
төбенің бәрі қабір.
Ауылы мергендердің
көшті алысқа
Боларын білді
дағы әлі дауыл.
Қапы күн
Атысты Торғай
атысқан сайын
бір күйреп,
Қырдағы қоңырау өзінен-өзі
күмбірлеп,
Көшенің іші
секірген доптан көрінбей,
Жортады жалаң
тақырда оқтар бүлкілдеп.
Қаланың халқы қалмастан
қару асынған,
Асынбай қайтсін,
ажалмен ойнап ашынған.
Бәрібір өлім
жастығын алып жатпақ ол,
Кету жоқ әсте
бораған оқтың астынан.
Көктемнің күні
шыға сап жайнап шығыстан,
Кірмейді шапшаң
кілкіген түтін, кіл ыстан.
Қан күрең көйлек
ол да бір батыр секілді
Жап-жаңа кіріп,
жыртылып шыққан ұрыстан.
Шаршады батыр
жалғыздық, демеу жоқтықтан,
Шаршады дұшпан
жауы оңай болмай соқтыққан.
Алынбай қала,
адырда тұрды түтіндеп,
Айнымай үйлер
қап-қара күйе шоқпыттан.
Айлаға басты
енді жау,
Алмасын біліп
қырғынмен.
"Соңыңнан
ерген ел мынау
Қажыды майдан
сүргіннен.
Ақ әскер кете
жөнелді,
Тұрақтап байыз
таба алмай.
Адасқан біздей
пендеңді,
Қалаға кіргіз,
қамамай!
Ағайын, бауыр,
туысқан,
Аз ғана топпен
біз қалдық.
Арамыз азып
суысқан,
Абыройыңды сенің
қызғандық.
Бар билік сенде,
соңыңнан,
Қарашы болып
ердік біз.
Қисаймай жақсы
жолыңнан,
Өзіңе ғана
сендік біз.
Қырылыса бермей
өзді-өзің,
Қадірлі Сардар,
қолыңа ал!
Көремін десе өз
көзің,
Шолушы жібер,
шолып ал!
Маңайда дұшпан
жоқ қазір,
Алдасақ, бізді
бауызда!
Ағайын басы оққа
әзір,
Ағайын сөзі
ауызда.
Бітімге, батыр,
батаға
Шақырдық сені құранмен.
Жайсаң ер сабаз,
жақсы аға
Жасайық жалғыз ұранмен!".
Осынау сәлемді
алып салтанатпен,
Ақ сәлде, аппақ
желең шапағатпен.
Көтеріп тебесіне
қалың қурап,
Кілең бір
үкілеткен ақ боз атпен,
Қалаға "игі
жақсы" кірді шалдар,
Атанған қадірлі
елге қажы-ишандар.
Сақалы белдеріне
түскен өңшең,
Аузында:
"Әлей, Сардар, Әлей, Сардар!'
Аттарын алаңға
әкеп қатар байлап,
Жаяулап, бас
иісіп, басып жайлап.
Тізілген
әскерлердің арасымен
Қозғалып келе
жатыр "А, кұдайлап!"
Қабағын қалың
түйіп, ауыр оймен,
Қарайды
карауылшы тағы үреймен.
Тоқтатты
қақпадан кеш үш қадам жер,
Мүләйім кіл
әулие сүмірейген.
Іш жақтан келді
бұйрық кірсін деген,
Сырттағы жан
болмады күрсінбеген.
Жөнелді
қалбалаңдап қайырсыз топ,
Адам жоқ жол
бойында тырс үндеген.
Қоршаған
жан-жағында комиссарлар,
Жарқылдап отыр
екен арыс Сардар.
Бір шолып өткір
көзбен өте шықты
Бәрі де кешегі
би, таныс шалдар.
Бәрі де
маңдайымен сүйкеп еден:
- "Уа,
Алла, қадір Сардар, уа пәуеден!"
Тәңірім,
азаматқа таупық бер,
Арыл құл, ада
нәубет, бұ пәледен!"
Қарайды бас
комиссар көзін алмай,
Бұл көзде әбжыланның
өзі бардай.
Қас қақты, жетіп
келді қос адъютант,
Батырдан бас
изесе сөз ұғардай.
Шалғыншы кетті
аттанып, суыт жүріп,
Шалдарды бөлек
үйге тынықтырып.
Кеңесті
комиссарлар бұл күн ұзақ,
Айласын азар
жаудың біліп тұрып.
Амал не
ойланбасқа, сарқылды әскер,
Жан-жақтан еш
хабар жоқ  ақылдас! - дер.
Тым-тырыс бұл не
ғажап?
Бар - дей ме
екен
Батырда
таусылмас қан, таусылмас тер?
Шолғыншы келді
қайтып ертеңінде:
-Бос қалған жүз
шақырым өлке мүлде,
Босқан жұрт
бозға шығып мал іздеп жүр,
Ауыл жоқ шұбалаңның
ертеңінде!
Бас шайқап қойды
батыр мол күрсініп,
Деді ме сорлы
тағдыр,сор тіршілік!
Шекесін жырта қарыс
қос қолымен
Аямай әлсін-әлі
отыр сығып.
Десе оған: -
Сенбе, көкем, сенбе,көкем! -
-Қашанғы қайран
жұртты сенделетем?
Бір тыным
болмады ғой,болмады ғой! -
Дейді ол, байлай
алмай белді бекем.
Дариға, оның осы
мұң-зарында
Бар еді-ау нәлет-қарғыс
кіл залымға.
Еш болып кеткені
ме, есіл еңбек,
Оны ұғып, оны
аяйтын кім бар мұнда?! -
Тұрды ол,
дүниені басқа тепкендей-ақ,
Бір сұмдық
тәуекелге кеткендей-ақ.
Кезінде жанды
сол кез ғажап жалын,
Сол жалын байтақ
жұртын өпкендей-ақ.
Арыстан ақырғы
рет ақырғандай,
Ащы үні асау
мылтық атылғандай.
Шайқалтып
қабырғаны шаңқ ете қап:
- Бар, кірсін!
Кірсін дереу
қапы қалмай! -
Өкініш өзекті
өртеп барады улап,
Жүгірді "А,
құдайлап" шалдар шулап.
Қақшиып қақ
ортада қалды батыр
Жүрегі бір
шайқалып, кетті тулап.
Дәуреннің көзден
ұшып бір мұнары,
Достары құшақтасқан
құрбылары.
Бетіне жан
келмеген көкесінің
Қасында үкім
күтіп тұрды бәрі!
Бір өзі елдей
ойлап, ес білетін,
Ер еді, оңай мұнша
түсті дер кім.
Жеңбеді ол -
алдау, арбау, опасыздық
Дүниенің қаптап
тұрған ескі дертін.
Бұл жалғыз, осы
сәтте бұл мықты емес,
Жалғызға жауыз
жалған кұлдық - демес.
Адамға соңғы
сенім арналды да,
Жүректе бітім
ұйып, тұншықты егес...
Күн батты,
дүниені артқа тастап,
Ал қазір қала
қақпа айқара ашпақ.
Тіршілік
дірілдейді сұм күдікпен
Тағдырдан, тас
таланнан қайда қашпақ?
Соңғы рет
бекінді штаб түнді тістеп,
Жұлдыздар ағып
көкте,жүгіршіктеп.
Қалтырап алыс
жолда Ай келеді
Зорға деп
шығарғандай біреу күштеп.
Алдына Алашты
ұстап,құранды ұстап,
Ылғи бір ала
сирақ,күрең қасқа ат,
Дутовтың
жендеттері жедел шауып,
Қалаға қатар-қатар
кірді ойқастап.
Қайғылы хабар
Жүр еді ол
Бағаналы, Найман жақта,
Ұлытау,
Сарымойнақ, Сайқалмақта.
Торғайдың
топырағы қанға бөгіп,
Батырдың бастан
бағы тайған шақта.
Тал түсте келді
хабар Құмкешуде,
Таянып қалған
мезгіл күн бесінге.
Үш атты аппақ сабын
ала құйын,
Тоқтады ақ боз
үйдің іргесіне.
-Хакімбек, көке!
- деген бір дыбысқа
Елеңдеп шыға
келді бұл да тысқа.
Еңіреп құшақтады
келген үшеу,
Күн жылап
қосылғандай күн батыста.
-Өртенді, құрыды
ауыл, күл боп ұшты,
Олардың
сүйектерін түн көмісті.
Қалмады қадірлі әке,
аяулы ана,
Қанданды асыл
бесік, жөргек үсті.
Бәрінен ұлы
қайғы жанға батқан,
Сардарды тас
түрмеге жау қаматқан.
Алдады арсыз,
тексіз сұм азғындар
Ант соққан, құдай
қарғап, құран атқан.
Ала алмай атты
қазақ ай бойында,
Ала аяқ, айла
түлкі салды ойынға.
Қалжырап, қару
бітіп, адам бітіп,
Сардардың
қамалады қайғы ойында.
Сүйеу жоқ,
сүйемел жоқ есіл батыр,
Сұмдардың сұм
кінәсін кешірді ақыр.
Қараса,
Қарасайдың табанынан
Бұлттай боп
қалың әскер кешіп жатыр.
Бармағын алды
батыр сонда тістеп,
Қайт деуге қарсыласар
қолда күш жоқ
Аздан соң туды
басқа заманақыр,
Бітімнен айнып
шықты алдамыш топ!
Тұмандап көздің
алды, айналып бас,
Шымырлап төбе
құйқа, байланып жас.
Әп-сәтте қан
салқындап, тамыр құрғап,
Секілді тұрып
қалды ол - бір құлпы тас.
Бар дәурен, бар
еткен жол тасыр, тайғақ -
Бір сәтке ауыр
бұлттай басында ойнап.
Көңілінің көк
аспанын кешіп келіп,
Лау етіп, жанып
жерге түскендей нақ.
Селк етіп,
түстен шошып оянғандай,
Онысын жүрек
айтып, ойы аңғармай.
Қапы өмір, қара
қанат құзғын қайғы,
Бұған да шулап ұшып
оралғандай.
Үн-түнсіз кетті
өкініш өлкесіне,
Асылып ауыр басы
ер төсіне.
Сан жорық
қуғын-сүргін кешкен бастан
Түсті ауыл,
түсті қайран еркі есіне.
Осының ақырғы
ойран сыбағасы,
Туды деп
қуанғанда бір ағасы.
Сенгенде қырып
берген серісі өзі,
Бар ауыл тек
өзінің садағасы.
"Жоқ! -
деді ол, осы ойынан үріккеннен,
- Күн құрсын,
кұрсын тірлік бүйтіп көрген.
Барам мен, қазір
барам, өлем бірге,
Әуелде-ақ бұл
басымды бір тіккем мен.
Азы не,
өкініштің көбісі өткен,
Бір жалын қалмас
оқшау тегіс өрттен.
Соншама ауыр
бейнет солай бітсе,
Қас тағдыр, мен
жеңілдім, сені сөкпен!
"Ежелден
қанталаған көзіміз көп,
Өзіміз, бәрін
құртар өзіміз!" - деп.
Сан жылап,
айтушы едің Сардар сабаз
Қалыпты-ау бізде
сөйтер кезіміз кеп.
Жә, солай, барам
қазір касыңа мен,
Жан-жағын өрт қамаған
асыл емен.
Сөкпе сен, сенен
қалып жұрт құра алман,
Демеймін әм
далада қашып өлем! -
Қоштасып
осылайша қалың елмен,
Үш бауыр азаматы
жанына ерген.
Күн бата шығып
кетті Торғай беттеп,
Қол бұлғап,
күңіреніп ел қалды белден...
Қаладан он
шақырым баянсуат,
- Тынықсын қажу
дене, жайылсын ат! -
Десті ерлер.
Хакімбектің көзі ілінді
Аз жатып азалы
ауыл жайын сұрап...
Бір шақта
сатыр-сұтыр көмді мылтық,
Зұлымдар жүрген
ұдай жолды күтіп.
Қуып кеп, аңдып
басқан жері осы еді
Атысты ер,
аңтарылды оғы бітіп,
Жалма-жан
Ақбұршаққа аяқ артып,
Жөнелмек болған
еді, қалды тартып.
Жұлынып қайран
тұлпар тілерсегі,
Жығылды дүрс
құлап, омақатып.
Алысты ол олжа
болмай он-жиырмаға,
Қапы жау,
қаптаған жау оңдыра ма? -
Әлдекім
"әп, бәлем!" деп жатыр байлап,
Қос-қостан
мылтық аузы төнді жана.
Соңғы рет
жоғалды үміт көзден ұшып,
Өкініш өзекті
өртеп, кеуде қысып.
Қапыда, қара
түннің ортасында
Қайран ер жау
қолына кетті түсіп...
Ақырғы түн, аза
"...Достың
жатыр кәззәптардың қолында,
Ауыр жаза, ақтық
үкім мойында.
Он жеті адам
атылуға бұйырылды
Жүргені үшін
азаттықтың жолында.
Қош, әжеке, қолыңды
бер, есен бол!
Бұзылмайтын тас
болаттай біздің тор.
Құрып сапар
кеткен мендей қозыңа
Ақ сүтіңді
мойнына артпай, разы бол!
Келді де кірді,
тас есік қақпа
 Адамдай сөйлеп айттыда мұңды.
Әлдене іште
сыңғырап сынды.
Қараңғы түкпір,
сызды бір ызғар,
Шіріген иіс мұрынды
қауып.
Әп-сәтте кісі
сүйегі мұздар,
Қақсатып бойдан
қаныңды сауып.
Аздан соң ар жақ
ала бір сәуле,
Төбеден, сонау
ернеуден түскен.
-Кім барсың
мұнда? - Кім болсаң, төрле! -
Деген бір дауыс
естіледі іштен.
Бір бөлме толы
ұйлыққан адам:
-Көкем ғой
мынау!
- Ойбай-ау,
сұмдық!
Не - дейді,
кәне!
"Жан
бауырым!" даған
Айқайдан кетті
айнала тұнып.
"Қап!"
- деді бірі ышқынып ұшып,
Сөйткенше құшып
құлады жерді.
Тастаған шайнап
бармағын қыршып
Тынымның ұлы
Омарды көрді.
Жатты сол бармак
еденде аунап,
Жаралы ердей жер
қауып түскен.
Өкініш сорлы -
қан болып саулап,
У болып тамып
өртеді іштен.
Күңіренді
жан-жақ, боздаған нарлар
Арысын танып
аңырады-ай келіп.
Ақырғы үміт,
ақырғы арман
Үзілді бырт-бырт
жалғана беріп.
Айтылды сабыр,
сүртіліп көз жас,
Қайнаған ыза
біртіндеп суып.
Әйтсе де әлі
іркіліп болмас
Әлдекім жасы
омырауды жуып.
Қараса туыс -
осында бәрі
Іні де туған,
аға да туған.
Нарымбай шалдың
үш бірдей нары,
Беліне бір кез
ақ алмас буған.
Бір туған бауыр
Мағау мен Ысқақ,
Әлгі де шықты
көзімен тізіп.
Құртыпты-ау
жауыз санаумен ұстап
Ауылдың жайсаң гүлдерін
үзіп.
-Жауларың қойды
сыртыңнан соттап,
Алаштың соты -
қан ішер сұмдар.
Қанша күн іздеп,
өзіңді жоқтап
Сұрайды жиі -
білетін кім бар?
-Әй, қырсық тәңірі-ай,тәңірі-ай
шебер,
Неге де келдің,
неге де келдің? -
Аман ең, көкем,
келмесең егер,
Не болды халі
еңіреген елдің? -
Қайта да кайта
солқылдап ерлер
Ет жүрек еріп,
шомылды жасқа.
-Батыр мен Таран
бір бөлек жерде.
Аман да жаман -
хабар жоқ басқа.
-Қойыңдар енді!
Қоймысың өңшең,
Бауыздап жатса
бақырып қалар!
Нешеуміз мұнда?
- Он тоғыз.
Ертең
Біреулер елге
құтылып барар.
-Кім білсін...
Енді дыбыс жоқ
қайтып
Басылды ерлер сәл
тыныс алып!
Тұрғандай
сөйлеп, басулық айтып
Тірліктей сонау
әлсіз бір жарық...
Әсем мамыр атты
таңы, құлпырып күн,
Білдіріп
тәттілігін тіршіліктің.
Аспанның хабары
жоқ жердегіден
Жатыр, - деп аман
айтып, түршігіп кім?
Сонау бір қызыл
үйде көк төбелі
Соңғы рет соғып
қорлап, зерттегелі.
Алдырды Хакімбекті
алаш соты:
-Сен едің енді бізге
жетпегені!
Қара мұрт, аппақ
семіз, қушық маңдай,
Тілінен
сөйлегенде у шыққандай.
-Айт! - деді ер,
айтарыңды арсыз мұндар,
Қуланып, құр
мысқылдап, құйыршықтанбай!
Сен итті жолдас
қылды-ау бала жасым,
Арамдап
ата-бабам адал асын.
Қанымды енді
менің көксеп тұрсаң
Жауыңның тын, зәнталақ,
ал да, басын!
-Ол рас, жиен
едің, құрдас едің,
Досың жоқ менен
басқа мұнда сенің.
Жүзіңді ақтық
рет көрейін деп
Шақырттым - әйтпесе
әуре қылмас едім!
Айтпақшы
Амангелді болды қаза,
Жаныңа жара
салар ол бір аза.
Қайтесің, қайыр
тіле қалғаныңа,
Мойнына асау
батыр қонды жаза! -
Мырс етті... Ұмтылғанда
ышқынып ер
Терезе сыңғыр
ете түсті бірер,
-Уа, жауыз!
Жауыз! -кеуде кең жарылып,
Сындырып жібергендей
тісті жігер,
Тулады ол тұла
бойын бұғау қысып,
-Иттікке,
корқаулыққа туған күшік.
Оллаһи, ант
етемін, ертең, ертең
Қаныңды сенің
дағы тынар ішіп.
Бәріңнің сүйегіңді
өртеп отқа,
Сенемін,
тастайды олар көр тамұққа.
Сенемін келеді
олар, келе жатыр
Өлсе де, батыр
өшпес бар тарихта!
Ал тездет,
опасыз оқ мені жұтсын!
Қанды кек
іле-шала сені күтсін! -
Соңғы сөз,
ақырғы айқай даусымен
Жаңғыртып өтті
сабаз жердің үстін.
Жылжиды баяу,
түн баяу,
Жылжыған сайын
қалтырап.
Арқалап ауыр мұң-қаяу,
Жылайды үнсіз
атырап.
Түрменің іші
жолаушылар
Ақырғы сапар
жиналған.
Дәмі жоқ жолға
ап шығар,
Дәм біткен,
жадау күй қалған.
Іңірде шешкен
аяқтан
Бұрышта жатыр
кісендер.
Бұғаулар қолды
қанатқан
Құлаған жерде
түсем дер.
Соңғы сөз жиі
айтылып,
Сүйіскен дыбыс
тынбайды.
Ащы жас көзде
сарқылып,
Ауызда таңдай
құрғайды.
Мекенін тастап
байырғы
Орманды жүрек,
ойнайды.
Жатырқап дене
жаюлы
Төсекке жуу
қоймайды.
Тік тұрған яки
сүйенген,
Бауырға басқан
бір-бірін.
Айнымас тірлік
сілемнен
Соңғы ұшы қолда құрғырың!
Жібермей соны
тырмысып,
Сіңір боп бітті
бар дене.
Миды бір ыстық
бу қысып,
Секілді кескін әлде
не!
Хакімбек қана
жарға бір
Жазады жазу шегемен.
Құсамен өткен
бар дәуір
Көлденең түсіп,
көлденең.
Жазбасқа және қоймайды
Арттағы арман,
мол қайғы.
Бар тұтқын үшін
ойлайды.
Бар тұтқын үшін
толғайды.
Ақын ед сабаз,
ол сарқып
Айтуға мұрша
жетті ме?
Қан майдан жорық
жол тартып,
Оқпенен айтып
өтті де.
Қанымен бармақ
жазылған
Жарда бір өлең
жол қалды,
Осы сөз кейін
табылған,
Осы сөз кейін
атадан
Балаға мирас
болған-ды.
Мына сәт қараңғысы
еді таңның,
Ұйқыда жатқан
кезі тірі жанның.
Он жеті, қолмен
санап шығарды айдап
Өңшең бір тілсіз
солдат, түрі малғұн.
Жөнелді кісен
бұғау шылдыр қағып,
Иісі май түнінің
мұрын жарып,
Қашанғы қапас
кеуде жанталасып
Жұтады таза
ауаны жұлып алып.
Барады баяу
жылжып қырға беттеп,
Сылдырай су
ағады жылғада ептеп,
Баяғы еркін
тірлік, ерке шабыс
Керемет кездерің
де біз бар ек деп.
Бәрі де куә
соның, бар аймақтың
"Бұл алқап,
бұл даламен талай шаптың.
Күткенің осы ма
еді сенің сонда
Бақытсыз сырлы
иесі Ақбұршақтың!"
Дегендей көңілге
ауыр жара салып,
Торғайдың енді
үйлері аласарып.
Батады қыр
басына бірте-бірте,
Ақ шеркеу
секілденіп аласа бұлт.
О дағы баяғыдай
қоңыраулатпай,
Биікте байлаулы
бір қалған аттай.
Қарайды мына
мылқау қара топқа,
Қоя ма соның бәрі
жанға батпай.
Күрсініп, келеді
ол жалын құсып,
Өмірде қанша у
болса, бәрін ішіп.
Үш ұлы
Нарымбайдың қол ұстасып,
Бір-бірін
жібермейді сағынысып.
Қарайды, қарайды
бұл қан жұтқандай,
Бұл сурет, аяныш
хал қажытқандай.
"Бір туар,
бірге өлу жоқ! - деген қазақ
Қалады мұны
көрсе қажып қандай!"
"Сұм
тағдыр!" - деді даусы шығып кетіп,
Қайтадан алды
бойын жинап бекіп.
Үнсіз жау екі
бірдей желкесінде,
Келеді
тоқтағанда мылтық жетіп.
Ұқты ол әдейі
арнап тапсырғанын,
Соларға өзің ал
- деп ақтық жанын.
Өзі емес, бой
шымырлап келеді естіп
Ұлдардың өксігенін,
аһ ұрғанын.
Тоқтады. Бір
терең сай бас айналар,
Еңіреп сол арада
босады Омар.
Жауларға өз
тілімен айтты Хакім -
- Мұрсат бер,
басың әзір болса да алар!
Басталды
күңіреніс "Қош бол!" даған,
Ажалдың қан
шеңгелі қос қолдаған.
Айқасып келе
жатты әне, міне...
Таң тұрды жаңа
ғана аспандаған.
Қарады ол осы
таңға биіктеп бір,
Сонау от
жанарымен сүйікті, өткір.
Алыстап арман
өмір, аяулы таң,
Қасына қырсық
өлім күліп кеп тұр.
Кеудесін соңғы
екініш қақ тілгендей
Қабағын болды
дағы шарт түйгендей,
Бар қаны ақырғы
рет бетінде ойнап,
Дүниеге ақтық
сөзін айтты именбей:
Ол сонда:
"Мен не
дейін, меңіреу жалған,
Ақырғы рет не
дәметтің?
Сау күнімде
сайран салған
Ұстай алмай сен
қор еттің!
Сен қор еттің,
сен ылайлап
Тұнық ем-ау,
бүлдірген сен.
Үлкен көрсем
ағатайлап,
Қалқам дедім іні
көрсем.
Мен сені бір
жақсылықтан
Салған сарай үй
- деп келгем.
Дос жүректен,
дос қылықтан
Ән арқалап, күй
бөктергем.
Бар тумысым, бар
тұлғамнан
Сенің көңлің
қалмасын - деп.
Менің атым
айтылғаннан
Тек алғысын
арнасын деп,
Қалып па еді
қимаған жан,
Қалып па еді
төкпеген тер,
Кетті бәрін
жиналған аң,
Кетті жалмап көк
төбеттер.
Менің абзал
арманымды,
Отқа жақты-ау
сатырлатып,
Ат-жөнімді
аруағымды
Аямады-ау атып
жатып,
Жақсы бір таң
өзім күткен
Осынау
елең-алаңдағы.
Кор соқырлар
көзі біткен
Қарамады-ау
саған дағы!
Саған неге
қарасын ол
Қасиетсіз қара
беттер.
Атып жатып
баласын ол
Анасына қарар ма
иттер?!
Жайна, асыл таң!
Шұғылаңа
Толсыншы актық
маңайым бір.
Ең болмаса
жығыларда,
Мен сүйеніп
қалайын бір!
Саған сүйеп
атты-ау мені,
Асыл арман,
арқалаған.
Тек сонысы
батты-ау, тегі,
Тек сонысы
батты-ау маған.
Он жеті адам, он
жеті өмір
Ауылдастар,
бауырластар.
Сұм дүниеден
суыт көңіл,
Түсер ұшып ғазиз
бастар!
Бауырластар
бітпес бірақ,
Біз емес тек
жеке батыр!
Анау қызыл
таңнан құлап
Арыстандар келе
жатыр!
"Қош!"-деді.
Азан-қазан болды
жан-жақ.
Құлады көз
алдында дүние аунап.
Өзі ме, дүние ме
кеткен құлап,
Енді ол ойын жұмсап
білмеді аңдап.
"Көкежан!"
Ақырғы рет деп
тіл қатып,
Сонау ел, сонау
ауыл, еркін уақыт.
Көзінің алдына
кеп жарқ ете қап,
Қара түн мұнарына
кетті батып.
Азат ауыл
Ап-ауыр дүниенің
бір обалы
Жасалды, жаһан
қарап тұра қалды.
Көрмеген көптен
бері мұндай сұмдық
Басылмай байтақ
дала жылап алды.
Күңіренді өзен
арна, көл сабасы,
Жұмылып көк
жиектің көз шарасы.
Алаптың әр
шөбінен жас тамшылап,
Соғылды
бәйтеректің тасқа басы.
Күйіктен күйреп
дала күмбездері,
Жоқтады
бүтіндігін бір кездегі.
Ат шаппай, адам
жүрмей аза тұтты,
Көктегі ұстап
жиі күн безгегі.
Білді жау енді
ғана не істегенін,
Жаңылып
жанталасты түс пен өңін.
Қалшылдап
қаһарлы кек, қанды үрейден
Тіл бүктеп,
тітіренді тістеп ернін.
Қорқаулар
бірін-бірі шайнап асап,
"Сен,
сен!" деп, алдап ұрып айлаға сап.
Куәні, көз
көргенді санап іздеп,
Ант алып, ізінше
тез атып тастап.
Бұлардың көріп
тұрып мына түрін,
Сезді де суық
кектің сұрапылын.
Дутовтың қалың
қолы қашты дереу
Естімей енді
ешкімнің "тұра тұрын".
Қаңқайып, қала
тағы қалды қаңырап,
Жалт беріп шыға
келді тағдыр аунап.
Шашылды нәлет
соққан сойқанды топ,
Жолшыбай
бір-бірінің жанын жаулап.
Жиналды азалы
ауыл, қалың құрбан,
Ерлердің сүйегі
де сағындырған.
Келді олар,
кескінінде кек жалындап,
Қайысып, қаулап
шығып қара қырдан.
Алдында ак шашты
ана алпыс асқан,
Қайғының
көкірегін даты басқан.
Жарқырап
маңдайына күн жығылып,
Жатқандай өз
көңілін айтып аспан.
Тоқырап қайырсыз
сай сағасына,
Тірідей қарады
ол баласына.
Таныды көк
мауытын қылыш кескен
Қып-қызыл шұға тұтқан
жағасына.
Қалтырап әлсіз
аппақ саусақтары,
Еңкейді,
сабырын-ай сол шақтағы!
Оятып алмайын
деп айқайламай,
Аңырап кете
жаздап, сәл тоқтады.
Содан соң аппақ
жібек масатымен,
Құндақтап, баяғы
асыл сол салтымен.
Кетеріп ақ
сәбидей алды жерден,
Бір атап, өзі
айтатын жақсы атымен.
Тағы да жиылды
ерлер тірі күндей,
Салмағы ел
қолында бір білінбей.
Жаңа таң, жомарт
күнді бетіне алып,
Ақырын қозғалды
топ, көп кідірмей.
Көк Торғай, көне
Торғай, өмірлі өзен,
Бар еді иығында
қоңыр кезең.
Көктемде шуы
естіліп жатар еді,
Аппақ сел, асау
толқын, жөңкіген сең.
Арулап, ақ
жуылып, қос обаға,
Қойылды қайран
алтын босағаға.
Тұншыққан күні
бойы улы жасқа
Асыл жар аңырады
осы арада:
- Сұлтаным,
менің сұңқарым,
Армандай ыстық
аяулым.
Тәтті бір сүттей
іңкәрім,
Самсаған топта санаулым,
Көп үшін туған көсемім,
Көгеріп өскен
терегім,
Көрерің бұл ма
ед көз сенің,
Осы ма тәңірім,
берерің?
Жарылқап едің
жасаған,
Баяны қысқа дерт
болды-ау.
Жаныма біткен
жас орман,
Басылмас мәңгі
өрт болды-ау.
Жойқын ер басы
жойылып,
Жоқтауға туған
сорлы екем.
Найзағай соғып,
жай ұрып
Таптауға туған
сорлы екем.
Арыстан ерім,
арысым,
Таусылған Күн
мен біткен Ай,
Мендей бір
бейбақ жан үшін
Қазаңның ауыр,
үлкені-ай!
Қайтейін,
әже-ау, жыламай,
Қайысып мынау
жеткен ел,
Жарқ етіп, қайтып
жоламай,
Маңдайға сыймай
кеткен ер,
Анау бір тұлпар
Ақбұршақ
Алтындап ерін
соқтырған,
Көзімнен тамған
жас құсап
Оны да тағдыр
жоқ қылған.
Қош, жаным,
құлын күнімде
Қалдырдың мені,
қош, ұлан!
Мақшарда сонау,
түбінде
Маздап бір қайта
қосылам!
Тынды ол, шек үзіліп
тынған күйдей,
Қасіреттен
әзер-әзер тұрған күймей.
Сабырдың
салмағына шыдай алмай,
Ананың кетті
жасы тимей-тимей.
-Құлындар, беу
боздақтар, қайтейін мен,
Самсатып бір
шығарып, қайта өлімнен -
Құтқарып алмаған
соң ана бейбақ,
Көз жастан не
пайда бар жай төгілген!
Қош перзент,
кешілді сүт, кешілді еңбек,
Жұбанам ел
баласын өсіргем, - деп,
Көп қуған
арманыңды, рақатты
Арттағы туған
ауыл - көшің көрмек! -
Деді ана, ақылды
өңін сабыр билеп,
Ақ шашын асыл
таңның самалы үрлеп.
Сол үнді қағып
алып, қайтара айтып,
Жаңғырып бара жатты
дала гулеп.
-Ол рас, ол
рас!!! - деп айтты жан-жақ:
Ауылдың мерген
деген аты қалмақ.
Қан сіңген
қасиетті бұл топырақ
Ұл туар
ерлеріңнің даңқын жалғап!
Гүлденер, күйге
басар дала шырқап,
Күңіренбес бала
жылап, ана сықтап.
Азат таң, ақ
әділет келер заман
Өртеңге өсер
қайта тамаша ұрпақ!
Жалма-жан жалт
қарады жабырқау ел,
Дегендей
кереметті таңырқа, көр,
Тірілді бұлдыр тұман
дала үстінен,
Самсады көзге
келіп сан қырқа, бел.
Сол жомарт мол
сәуленің арасынан,
Ал қызыл ту шыға
кеп жар астынан,
Артынша жер қайысқан
қаптап әскер, -
"Уралап",
жаңғырығып жалғасты ұран.
 
 
Салтанат, ғажап
келіс, әсем екпін,
"Мен
сендім, қайран жеңіс, бәсе, жеттің!"
Деді де,
қасіретті сілкіп тастап,
Қасқайып шықты
ауылы сарбаздардың.
Эпилог
Елу жыл, жарты
ғасыр содан бері,
Тамаша ылғи
мейрам, той күндері.
Торғайдың
алаңына жиналып жұрт
Еңбектің аты
азамат, әйгілі ері.
Жас ұрпақ ту
көтерген, дабыл қаққан,
Сондағы аман
қалған шаң-бұрқақтан,
Ақ шашты
партизандар, қаһармандар
Баяғы ескі
күндей салып аттан.
Ғажайып
салтанатпен тұрып сапқа,
Бар қала туы
қолда, гүл құшақта,
Келеді
туысқандар моласына,
Асыл салт, аппақ
ізет, ғұрып сақтап.
Сөйлейді
партизандар жорықты айтып,
Қиялмен алыс
күнге барып қайтып.
Артынша ант
береді оқушылар
Астында
жалаулардың жанып, шалқып.
Сол шақта
мергендердің аулынан,
Жетеді тағы бір
топ, салып ұран.
Алдында баяғыдай
абзал ана,
Жай тапқан жаңа
күннің жарығынан.
Қосылып Азат,
бақыт ән кетеді,
Сонау ән
аспан-жерді тербетеді.
Сонау ән естен мәңгі
бір шықпайды,
Еселеп талай ұрпақ
ер жетеді.
"Біздің
көкем айтпайтын,
Айтса, серттен
қайтпайтын,
Команда берсе
мың қолға,
Тізгінін ешкім
тартпайтын,
Тізгінін ешкім
тартпайтын!"