ВЕРНУТЬСЯ

    Алтыннан -жағаң болсын,

Күмістен - тағаң болсын!

Ел-жұртың қадір тұтар -

Халқыңа
бағаң болсын!

Сүрінсең,
сүйеп қалар

Алдында
- ағаң болсын!

Жығылсаң
- тіреп қалар

Артыңда -
балаң болсын!

Адассаң,
ақыл айтар

Аулыңда -
данаң болсын!

Амандық-саулық
сұрар

Жақын
мен жаран болсын!

Достарың
көбейсін де,

Дұшпаның
тамам болсын!

Бақыттың
құсы болса -

Ұшып
кеп, саған қонсын!

Денсаулық-
басты байлық,

Ауру-сырқаулардан

Отбасың
аман болсын!

Әумин!

Күндерің
- күміс болсын!

Түндерің
- пүліш болсын!

Қыдырдың
бірі дарып,

Үйіңе
Ұлыс қонсын!

Замана
- құбылмалы,

Дүние
тыныш болсын!

Ақыл
- дос!

Ашу
- дұшпан!

Көңіл-күй
дұрыс болсын!

Жиналмай
дастарқаның

Үстіне
- ырыс толсын!

Әумин!