ВЕРНУТЬСЯ

Сұр дауылға шулай қашар көл ұнап,Таулар қалды өзiн бұлтпен көмiп ап.Ызың-ызың әнге салып қурайлар,Тiрiлердi мазақтайды өлiп ап.Құтырынып,шыдамыңды жүз үгiп,Жанды әлем жансыздарға сүрiнiп.Ашуланып шағала-үн шарт сынса,Тасбақалар тасын ала жүгiрiп. Ұлы дауыл мең-зеңдiктi қамшылап,Көңiлдердi құл-мiнезден аршып ап.Махамбеттей бiр ғасырды шайқаған,Екпiнiмен жалтақтықты жаншымақ. Қара бұлтты шапшаңдыққа боятып,Жалқаулыққа қалмағандай сая түк.Мен де айналдым астаң-кестең дауылға,Сөйлемдердi айқай салып оятып.Қара дауыл,Менi де сен жат көрме,Отырамын қиялдағы қақ төрде.Дауыл-өлең жазсам-ау деп армандап,Тыныштықтан мезi болған дәптерге. Мен де сендей,өзi өзiме күн бермей,Анаған да, мынаған да үлгермей.Күллi әлемнен өзiмдi iздеп әуремiн,Әлем де өзiн менен iздеп жүргендей.                        * * *Қиялда  өлең жатыр құла қасқа,Құла қасқа таптырмас бiр адасса.Көңiлдi тiк көтерiп жүрген шабыт,Уәдеңдi берiп кет құламасқа. Құла қасқа өлеңдi тап бассам деп,Тауларға қыран даусын жаттассам деп.Қайран жазым,ол да өтiп кетiптi ғой,Мен жүргенде жаңбырға жақтассам деп. Өлеңменен  өмiрдi танып келем,Құмырсқа iзiнен де шабыт көрем.Өлең болып өссем деп армандайды,Тақпақ та өзiнжаттап ап әлiппеден. Ертеңiңдi армансыз пайымдар ма ең,болдыра алмай арманды уайымдар ма ең?Бойын өлшеп көредi көк құрақ та,Қатарласып тұра қап қайыңдармен.Армандауды өмiр ғой ала келген,Сол үшiн де бәрiне сана берген.Пендешiлiк тiрлiктен озам ба деп,Толқындар да жарысар қара желмен. Сәттiлiктер, кел ендi жолық маған,Күндерiме қуат бер солықтаған.Қара тасты қақ жарып гүлдер де өстi,Қыс келсе өлем-ау деп қорықпаған. Күш аламын сол гүлге қарап мен де,Тiл табысам, сөйлесем алаппен де.Бiр күш келiп қиялды кернеп тұрад,Ұша алатын қанатсыз, қанатпен де. Кезем сосын шабыттың маң даласын,Маң даламды көрген жан, таңқаласың.Бәрi өтпелi жалғанның, қайран өлең,Менiменен қалатын сен ғанасың.                       *  *  *Төбелерiм, бересiң тек төрiңдi,Жусандар-ай, ұсынасың жолыңды.Әттең, мынау бiздiң митың тiршiлiк,Мәнсiздiкпен байлар менiң қолымды. Бiрақ көңiл шаршамауға бекiндi,Сәске келер, келер сосын екiндi.Тiрлiктегi барлық терең мәндiлiк,Мәнсiздiктен басталатын секiлдi. Күштiлердiң бағалайды күшiн кiм,Жанымыздан өтiп жатар мүсiн мың.Мән бермеушi ек,  ендi мәннiң құнын да,Мәнсiздiктер арқылы мен түсiндiм. Жолдар жатыр қиғаш-қиғаш, көлденең,Көңiл, сiрә,  жеткiзбейтiн көк дөнен.Түпсiз жатқан ғажап тереңдiктi де,Тайыздықты кешiп барып көрген ем.Келер күндер үздiк үмiт жастанып,Әр сәтiңдi сенiм ғана басқарып.Жартылардан бүтiн өмiр құралып,Қадамың да сүрiнуден басталып. Қара түнiң аппақ таңға ұласып,Тiкенектен қып-қызыл гүл бүр ашып.Келе жатыр қуаныш пен шаттық та,Сәтсiздiктiң бәрiнен жөн сұрасып. Шыбын-шiркей шағар, оған қайрылма,Шығып ал да төзiм деген айдынға,Сексеуiлдей балталаса сынбайтын,Сенiм деген құдыреттен айрылма. Үмiтiңе жармас қолға iлiккен,Сәл бақытқа мәз бол, қарсы ал күлiп кең.Өмiрге сен! Сенбесең ол саған да,қарайды екен одан да зор күдiкпен.