ВЕРНУТЬСЯ

 Діріл
бар, апа, үніңде,

Омырауды
жаспен жуардай.

Әз
Ана мұндай күнінде,

Жылай
ма екен қуанбай.

Жылдардан
сұрапыл жасыған,

Жаныңа
сенің батар ма ой.

Шаттықтан
нұры тасыған,

Шақыртқан
мені Отан ғой.

Солдат
бол, дейді көгімде,

Салтанаты
үшін халқымның.

Кезегім
келді менің де,

Бақытын
қорғар әр күннің.

 

Жырақта
жүрсем жырымсың,

Жасыма
ана жылдарға.

Күрсінбей
көзің ілінсін,

Күзетте
ұлың тұрғанда.

Екі
жыл!

Борыш
біткені

Еліме
бағыт алармын.

"Құлыным"
деуші ең, күт мені,

Құлдырап
келіп қалармын.