ВЕРНУТЬСЯ

     Ех, Стамбул, асылым,

Бүкіл түркі дүниесімен қолдасқан,

Иір-қиыр тарам-тарам жол қашқан.

Түркістаным деп толғаған тар кезде,

Қазақтарға пана мынау болды аспан.

Көз жетпейтін жағасында Мәрмәрдің,

Алыстағы елімді ойлап сандалдым.

Есіме алдым екі көзім жасаурап,

Ерліктерін Хақ Назардай хандардың.

Ех, Стамбул, түрік елі, жыр елі,

Маңдайдағы бағың сенің бір елі.

Арыстандай айға шапқан аяулы,

Жүрегімде Мұстафалар тұр еді.

Екі Мұстафа: М.Ататүрік, М.Шоқай.

Ex, Стамбул, асқақ шаһар, паң қала,

Азашыңды тыңдап тұрдым таңдана.

Түркілердің жоғын жоқтап алыста,

Дүниеге қарап тұрсың шамдана.

Ех, Стамбул, махаббаттың қаласы,

Жазылмады-ау жүрегімнің жарасы.

Ақ сағымды сағынышын жолдады

Алыстағы Алашымның даласы.

Ех, Стамбул, бақша-бауың жайқалған,

Теңіздерің көкірегімде шайқалған.

Болмысыңнан айналайын, Ұлы ел,

Бізге туыс екендігі байқалған.

Төңірегім көрінбейді гүлдерден,

Сырыңды ұқтым жұлдыз аққан түндерден.

Ех, Стамбул, тағы оралдым жоғалтып,

Сонау жылы ағамды мен бір келген*.

Ех, Стамбул, Құранменен нұрланған,

Көкейімде Шоқай айтқан тұрды арман.

Кенесары, Махамбетпен, Кейкілер,

Кімнен кейін қалмас дейсің бұл жалған.

Жағамнан ап сілкіледі бұл жалған,

Билік маған қыр көрсетті сұрланған.

He айтамын бұдан басқа езіңе,

Ех, Стамбул, Құранменен нұрланған