ВЕРНУТЬСЯ

         Бірақ еліміздің бұрынғы аумағында осыдан 90 жыл бұрын
басталып, төрт жылға созылған ғаламат сұмдықты, бауырды бауырдың аямай
өлтіргенін ештеңемен салыстыруға келмес, сірә?!

Жалпы қай соғысты да ақтауға болмайды. Ал азамат соғысы-
соның ішінде ең қанқұйлысы және ең зардаптысы болып табылады.Өзіңіз ойлап
қараңызшы, күні бүгінге дейін орыс тарихшылары азамат соғысында « толық емес
деректер бойынша өлгені, жараланғаны, аурудан және аштықтан өлгені бар 13
миллион адам опат болды» деп санайды. Кейбіреулері шетелде өлгендерді қоса
есептесе, шығын онан да көп болғанын тілге тиек етеді. Бұл осы өмірдегі ең
құндысы- адам өмірін есепке алғандағы деректер. Басқалай заттай, мәдени, рухани
құндылықтардың қайтарымсыз жойылғанын айтпағанның өзінде...