ВЕРНУТЬСЯ

    Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрінде ен-таңбаның
ерекше мәні болған. «Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды», «Ақ найзасы
болмаса, ерді қайдан танырсың, ен-таңбасы болмаса, малды қайдан танырсың» деген
мәйекті сөздердің шығу тарихын қадым заманғы көшпенділердің қоғамдық-шаруашылық
жүйесінен көреміз. Шынында да, әр рудың өз таңбасының болуы ғана осы бір
қоғамдық-этникалық бірліктің заңдылығын айғақтаған. Ал төрт түлік малға ен салу
- бабаларымыздың көне салттарының бірі.

Ұрпақ жылнамасы - уақыт көшіне бүгінгі күн биігіне көз
салсақ, отау үйге қара шаңырақтан енші берілуі (жер, мал, үй, т. б.
жиһаз-жабдықтар)- халықтық педагогиканың танымдық-тәрбиелік маңызын көрсететін
құбылыс. Жалпы «енші» сөзінің тәлімдік мағынасы өте кең. Кейінгі жастарға
ақыл-өсиетін айтып, өмірде кездесе беретін түрлі қиындықтарды жеңуге
көмектескен ақылгөй даналар туралы ел аузында айтылып жүрген мақал-мәтелдер аз
емес. Соның бірі:  «Жақсы кісі езуінен
енші береді».