ВЕРНУТЬСЯ

   -      Не тындырдың, айтшы, - деп, - расында?

Менен
де бір әлеумет сұрасың
да.

Есеп
беріп көрейін
ел алдындй

-      Бітіргенім мынау, - деп, - бұ
ғасырда!

Жарты
ғасыр жол жүріп,
бетім бұрдым,

Жазғаным
жоқ түбіне
жетіп жырдың!

Із
қалды ма артымда, қалмады ма,

Шынында
да осы мен не тындырдым?

Ал,
тыңдасаң, әлеумет,

Есеп берем!

Қос
жауым бар:

өтірік,
өсек деген!

Тұлпар түгілі
Космос дәуірінде

Жүрдім
бе деп
қорқамын есекпенен!

Жүйткімедім
"Жигули",

"Волгаменен",

Баяғыша
жаяулап жолда келем...

Белгісі
жоқ жылжыған мимырт тірлік:

"Есеп
бер!" деп сұрайды ол да менен.

Рас,
рас, осы мен не бітірдім,

Тиген
жоқ па кесірі "пері" тілдің?

Тірлігімнің
мәні мен мағынасы

Қалды
ма әлде қойныңда сері түннің?!

Ғасырымның
сырына бойлағым кеп:

-      Кім болам? - деп ұдайы ойладым көп.

Еңбек
еттім... Қоғамдық борышымды

Өз
мүддемнен жоғары қойғаным жоқ!

Өнер
қуу - қызға да, ұлға міндет,

Өнерімді
жүргем жоқ бұлдағым кеп.

Домбыра
да тартамын...

Өкінем
тек:

Құрекеңдей
жұлдыз боп тумадым деп!

Таныта
алмай өз атын көпке, бейне

Жүрген
адам тағдырға өкпелей
ме?!

Сурет
те саламын...

Өкінем
тек:

Микеланджело
болмадым деп те кейде!

Жігіт
болсаң - жеті өнер...

Аз
ба міндет?

От
боп жанып, тұрасың маздағың кеп.

Өлеңді
де жазамын...

Өкінем
тек:

Махамбетше
бір өлең жазбадым деп!

Құйылады
ойласам - от көмейге:

Өтті
ме деп өмірім
текке кейде?!

Солай
өткен жылдарым бар да шығар,

Кемшілігім
басымда жоқ демеймін...

Жұбатпасам,

Таппасам
дос көңілін,

Өткені
ме далақтап босқа өмірім?

Олай
деуге хақым жоқ...

Өкінем
тек:

Бүтінделмей
қойды-ау деп, көш-көлігім!

Ер
жігітке бола ма жүз өнер көп?

Өнерліні
айтады ел: "Қыз елер" - деп.

Өкініш
кеп өмірде...

Келем
бірақ:

Ерте,
кеш пе түбінде түзелер деп.

Сенсін
маған әлеумет -

Байтақ
әлем!

Осы
сезді сан рет қайталар ем.

Бір
сілкініп алайын шаң-тозаңнан,

Есебімді содан соң қайта берем!