ВЕРНУТЬСЯ

      (Толғаудан үзінді)

       Бабам көрген,

атам көрген ескі бел,

Сағыныштан тұнжыраған кешті көр.

Жасқа толы жанардайын қарашы,

Күн астында мөлдірейді кешкі көл.

Аман-есен жатырмысың, ескі қыр,

Сырласуға арнап келдім кешті бұл.

Ескі адамдар жатқан ескі төбені,

Аймалап тұр, аялап тұр кешкі нұр.

Ескі тамның жанындағы ескі арық,

Өкпелетіп алғам жоқ па кеш барып.

Қариялар қой қайтарған құба бел,

Сендерді аңсап келіп тұрмын, кеш жарық.

Кешір мені, жұмбақты өңір,

сесті өңір,

Сағынышты жеткізе алман ескі өңір.

He айтасың сәбиіңе кешегі,

Тірлігіме толар емес еш көңіл.

Ескі әңірде тұрған бір кез ескі адам,

Көз жұмарда деген еді-ау кеш, балам.

Кеш барам деп ойлағам жок, кеш, бабам,

Жаңа жерде сені талай еске алам.

Бар қызықтан жырақ қалған ескі там,

Қабырғасы құлап қалған ескі там.

Қарттарыма тұрақ болған ескі там,

Шөлдегенге бұлақ болған ескі там.

Жалғыздықтан жыладың ба, ескі там,

Шулап тұрған құлағым ба, ескі там.

Әлде көмек сұрадың ба, ескі там,

Жауап берші сұрағыма, ескі там?..

Бала болғам мен де осында ес кіріп,

Көп нәрсені талайлардан кеш біліп.

Қарттарыммен бір кетіпті-ау, білмеппін,

Басыңнан бақ, айналайын ескі жұрт.

Кешір мені, кешір мені, кешкілік,

Қаперіме келмеуші еді еш күдік.

Қара шалдар қауын тасып, кемпірлер

Көрінбейді отыратын төс тіліп.

Ұмыттық қой барлығын да ер жетіп,

Төсек тартқан қайран шалдар бел кетіп.

Сырғанадық киіп сені қанша жыл,

Кеш болса да алғыс айтам, керзі етік.

Көкірегімде лаулап тұрған жастық бар,

Қайда қалды қауын салған қапшықтар.

Ұзақ жылдар басымызды сүйедің,

Апам тіккен, әпкем тіккен жастықтар.

Бар асықты көрші ауылға ұттырып,

Жүрген кез-ай көрсете алмай мықтылық.

Тоз-тоз бопты қалың бауда кешегі,

Жыластарын жейтін үске жұқтырып.

Ұнамайтын маған боран, қыс қана,

Таяқ жесем, әжем байғұс түсті ара.

Кештім сені мазақ етіп қыздарға,

Өн бойымды шымырлатқан ұстара.

Бар ауылға өзім жазған жыр тарап,

Жүрген кез-ай, дауылдатып бұрқап ап.

Біз қарызбыз жауратпаған аязда,

Әжелерге жасап берген ұлтарақ.

Жаңа өмірге жаңа көзбен қарадық,

Сол көзқарас алып шықты дара ғып.

Сіздерге еріп кеткеннен соң балалық,

Ескі жұрттан жан-жаққа біз тарадық.

Жан жұлдызым жарқырай ма, жана ма,

Нұрын шашып әлде ертерек аға ма?

Басымды ием құдіретіңе аяулы,

Аруана ана, ару ана, жан ана.

Туған жер ғой жарататын алып қып,

Жалаң аяқ қара жолмен жарыстық.

О, ескі жұрт, айналайын жарықтық,

Менің жырым бұдан былай халықтык.

Ескі өңірде жусан қандай, тау қандай,

Қара суы тіл үйірген саумалдай.

Өне бойым тітіркенді түп-түгел,

Ескі жұрттың мүңы маған ауғандай.

Жусанынды жүрегімде сақтадым,

Қайда барсам сендей дала таппадым.

Тағдыр солай, алыс кеттім мен бүгін,

Кешір мені, кешір мені, карттарым.