ВЕРНУТЬСЯ

   Таласта туып, тағдырмен таласқан ақын.

Ғалым Жайлыбай. рас,
мен Таластанмын,

Тайталасып
тағдырмен таласқанмын.

Армаңдағам көгіңде
жұлдыз шашқан

Бірі болсам деп
менде жаңа аспанның.

Тұрмағасын есігін
айқара ашып,

Таласқанмын
тағдырмен тайтапасып.

Тағдыр кейде ақшыңнан
оқ боратса,

Құтыласың сол
оқтан қайда қашып?!

Жаратсам
да қаншама сезім-өрттен,

Жанға ұқсаймын мен кейде өші кеткен.

Жүрегіме үңілсең шұрық тесік,

Оқтар қанша зуылдап тесіп өткен.

Кірмегенім болмаса көрге менің,

Тіршілікте жоқ
шығар көрмегенім.

Жүзіп келем, мұз
жарғыш ақ кемедей

Тартып алып тағдырдың бермегенін.

Ақын қанша болсам да елге сенер,

Мен  тірімін, апайда, өлмесе өнер.

Жағасынан тағдырдың неге алмаймын,

Сыбағамды сырғақтап бермесе егер.

Қара қоңыз секілді қайдан да өрген,

Сұм жаңдарды көргенде сайтанға ерген.

Майдаңдаспай жүрмеймін жауынгердің

Ұлы, сірә,
болғасын майдаңда өлген.