ВЕРНУТЬСЯ

   Дүниеге келсең де сілкінгелі,

Сілкіндіре бердің-ау дүркін мені.

Биікпін деп мақтан ба,ғажап емес,

Жермен-жексен болуың бір
күндері.

Қасиетін кетірме кең өлкенің,

Бірі сірә, болсаң да көлеңкенің.

Көппін деп те мақтанба,қарқылдаған,

Қарғаның да ұмытпа
көп екенін.

Боратқасын
бетіне құм суырып,

Безінбеді өзіңнен кім суынып?

Байтақпын деп мақтанба,тap қуыстай

Ғажап емес қалуың қусырылып.

Шықтым деп те көк
белге,балшық белге,

Өктемдікті үлгі етіп таңсық
көрме.

Тереңмін деп мақтанба,қаһар төніп,

Талай терең айналған шалшық көлге.

Көрмедім-ау кезіңді
терең кеткен,

Соғысуға тек қана әрең жеткен.

Күштімін деп мақтанба,ойлап көрсең,

Жер бетінде күшті бар сенен де өткен.

Ойлан, толған!Тірлік кеш асыл жұрттай,

Тұрған
кезде ішіңнен жасын шықпай.

Өз иығын жұлмалап жұлып жеген,

Ақырында тынбаған басын жұтпай.