ВЕРНУТЬСЯ

   Май,
Қызғалдақ,
Қызыл гүл.
Бірақ та,
Шын гүл ме
бұл?
Көк шұғаға
тамған
Қан тәрізді
Жасыл жапырақ
арасында
Ол жалғыз тұр.
Үңіліп гүлге,
Мұңайып әлде неге,
Ағаш бұтағында
Сайрайды бұлбұл.
Мүмкін бұл -
Қанға шыққан гүл?..
Мүмкін, қазақ жерінде,
Менің туған елімде,
Дәл осы бұлбұлдай
Батыстан көз алмай,
Сарғайып талайлар
Қүңірентеді жыр.
Вена, 1945