ВЕРНУТЬСЯ

    Атты гвардеец
Есенбай Жұмагелдиевке
Мейірімсіз қанды
майдан,
Жер көлкілдеп
қанды лайдан,
Қызыл өрт боп
жанады аспан.
Сай-саламен тасаланып,
Жау сүлдесін
қашады алып,
Артқа айналып қарамастан.
Сол тобырдың алдын орап,
Құйындайды бәйгі
тор ат
Ер гвардеец қысса
тақым.
Көкте үйіріп алдаспанын,
Шабуға әзір жандасқанын...
Келді айқасар тұсқа
жақын.
Көк шинельді генералдың
Алқымынан алып
жанын,
Ақ алмасын
көтергенде:
Берілдім деп жау бір көнген.
Кенет, міне,
маузер төнген:
Гүрс етті оқ от
өрді де.
Оқ иықты жанап өтті.
Ах, солай ма,
қара бетті,
Арбап па едің,
заңғар, күшік?!
Кезендірмей бұдан
әрі
Қия шапты бұғананы
Құшты ат жалын шабдар ұшып!
Қалды үзіліп бас сабырда,
Кеуде кетті ат жалында.
Жасаурап та
кетті-ау көзің.
«Мейірімсіз ғой, соғыс атың!
Неге
адамзат, соғысасың?
«Жо, жо... Жебе
кекті төзім!
«Емес бұ жай
төбелесің.
Жауды аясаң сен
өлесің...»
Көтерді де ол алдаспанды,
Тор төбелге тақым қысып,
Заулай берді тағы да ұшып,
Баудай турап арбасқанды.
Мая-мая өлік жатты,
Талай сұмдар елім
тапты
Жігіт қылыш
сермегенде.
Талай бастар домалады...
Жанарына ол шоқ алады
Бойын ашу кернегенде...
Уа, гвардеец, сақтан, сақтан.
Түтеген оқ
автоматтан:
Дәл жүрекке
қадалғаны.
«Байқа,- деп ем,- Байқа, досым...»
Ер қасына басты ол төсін,
От жарқ етіп жанардағы.
Қан, асау қан шашырады,
Қан күреске
шақырады
Әділет сүйер
адамзатты!
Арттағы ерлер күш ап белде,
Бейне дүлей ұсап
желге
Қалың жауға
араласты.
Дем алғызбай көкірегі,
Бозғылт тартқан
от іреңі,
Сезді ол бойдан
әл кеткенін.
Бірақ қолға қысып
алған,
Жат жерліктің
сұсын алған
Тастаған жоқ наркескенін.
Көз алдында мұнарланып:
Жылап тұрды
Шынар ғарып -
Сүйіктісі жалын жары.
«Сақтан бейбіт жылың үшін...
Сақтан,- деген,- Ұлың үшін...»
Есіңде ме
жалынғаны?!
Бұдан әрі кілт жат тұман.
Жылағандай бір жас ұлан...
Ат жалында ол шайқалады.
Ернін тістеп, жұмған көзін,
Тек бір бұлдыр,
бұлдыр сезім.
Өзге ешнәрсе байқамады.
Балатон, 1945