ВЕРНУТЬСЯ

Ұйғыр қыз гөзал жазсаң, «шер» дейді екен,Шерлі жас көзден шықпай, сенбейді екен.Беу, мынау безбүйрек шәр бетін бұрып,Мұңлығым, бізді де бір көрмей ме екен?! Уа, бұл – ұйғырлардың топырағы,Шошайып көрінетін шоқылары......Ясиннің қайғысына ортақтасып,Нусрат жасын төгіп отырады. Мінезін мінсіз емес, «шәлкес» деген,Нәзік бір жанарынан нәркес көрем – Хайыргүл қайырымды жан боп шықты,Әкесін әулиедей әлпештеген. Жаны да қайратыңды жыр-қылышқа,Тұмарын туған жердің ту қып ұста.Намазын бес уақыт қаза қылмай,Мүлгиді мүмін кемпір бір бұрышта.Аспанға телмірумен ай қысқарды,Бұл кемпір – бұйығы емес, жайлы, ұстамды.Күйеуін күткен әйел сондай болар –Балаша мәпелейді байғұс шалды. Алла өзі айқын жолын нұсқап жүрген,Құпиясын білуге құштармын мен:Ондаған сырқостардың ортасындаОтыз күн оразасын ұстап жүрген. Жасаған жақсыларға жақ босын да,Иншалла, иманды ерге тап босын да.Шоң бастық, оқалы шен Ялқын ағаБір емес, екі келіп жатты осында. Кеудемді керіп мұнда жүре алмадым,Кейбірін көп жұмбақтың біле алмадым.Ғұсмани – жүзі жылы дүңген бала,Бұл-дағы – сыйы шығар бір Алланың.Жүрегің жүз суынып, жүз қайнап та,Қылымсып күлгендей ме қыз бейуақта?!Күніне екі келіп, күлкі шашып,Әдекам әзіл айтар біз бейбаққа. Апырмай, ана қыздың сайқалын-ай,Арланбай, арлы-берлі шайқауын-ай!..Уаң деп атын қойған емші қытай – Ұйқысыз еңбек етер қойторыдай. Сезімтал, сергек қимыл, жүрісі өнер,Майталман маман екен тілі шебер.Уаңның түскеннен соң уысына,Уайымсыз жұмысыңа кірісе бер! Пенде үшін тартар мехнат тарқамайды,Азабын Алла берген арқалайды.Сәлима деген сәнқой ұйғыр қызы:«Жаман, - деп, - Қазақстан», шалқалайды.Орнына қалпақ киген орамалдыңНесіне сен бір керім бола қалдың?!Сәлима – сәл ақылы кемдеу құрбым,Саған бір сәтті күні оралармын. Ал мұнда аздап елдің тынысы бар,Найман мен керей, уақ ұлысы бар.Қаптаған хансулардың арасындаАйгүл қыз ағайындай жылы ұшырар. Уайым тереңіне ұйлықтырып,Жабықсаң жаныңды ауыр күй бұқтырып;Шипалы қолдарымен Бақыт ағаШиратып жібереді, ширықтырып. Қадалып қарағанда оқырлана,Қазаққа, хансуға да өтімді аға.Ержан-дүр «Әпенді» деп атын қойғанЕң соңғы Қожанасыр секілді аға.Ниетінен дімкәс көңіл мият тауып,Барамын мұңымды оған жиі ақтарып –Даудағы дарабозым тәрізденіп,Жаудағы жалғыз үйім сияқтанып. «Немене жоқтың күні бар қасында?!Ауыр жүк қалушы ма ед нар қасында?!».Аңырып айдалада қалған кездеАлла өзі алақанға салмасын ба?! Жарлыдай жалғыз қалған жар басындаКөңілің көбеңсиді алғашында.Бәкең мен Гүлжан жеңгей сыйлаған гүлҚурады аурухана ауласында. Бұлт басқан біз келгелі жырым-жырымБұзылып ауа-райы ырың-жырың;Анвар мен Айгөзелдің сезіміндейАспаны бір жарқ етті Үрімжінің.Жалынып-жалбарынып, тақ тұрғанда,Жасаған Жаббар құлын жат қылған ба?!Алтайдың Қабасынан келген асып,Санардай сабазыңа тап қылды Алла. Аға бұл адасқанда ақыл салар,Жат жерде жаныңызға жақын санар.Көмейі көрінетін аузын ашса,Әмейі біреу емес ақын Санар. Ал мұнда асықпаған ақыл екен,Асылы, артын күткен мақұл екен.Сунь-қытай суық күліп тұрғанымен,Жүрегі, жүзі жылы пақыр екен. Шинь осы – не десеңіз, о десеңіз,Еркіңіз – еркін елге теңесеңіз.Қалбақтар қандасыңдай қатпа қара,Тек «Тілі түсініксіз» демесеңіз.Уа, бізге күн де нұрын төкпей қойды,Тәңірдің тартуы осы жетпей ме енді?!Қолынан Мудан жеңгей ішкен асымСоңынан таңдайымнан кетпей қойды. Көп шаруа бітіргендей көңілді ғып,Көпіріп сөйлейміз бір төгілдіріп;Ержан мен Сержан бауыр – егіз тұлпарЕкеуін алма-кезек жегіп жүріп... «Расында бақыт бізге кеш келді-аумен»Қасыңда қарсы желдей ескен дәурен.Осында Оспан батыр орда тігіп,Басында аялдамай, көшкен дәурен. Беу, менің қандастарым, андастарым!Тамырың тамырыммен жалғасқаным.Қарқылдап қарға-құзғын сарып жатыр,Жарқылдап сілтене алмай алдаспаның.Мейлі, жұрт «жасық» десін, жала жапсын,Демеймін: «бережақсың, алажақсың».Бір жарым миллион қазақ – қайран елім,Қайтейін, жұтылып сен бара жатсың. «Айрылған өз елінен оңбайды екен»,Айдаһар-өңеш ешбір толмайды екен.Хансудың айыр-бөліс атажұртыҚазаққа қайыр-қоныс болмайды екен. Шың елі!Шыңнан биік көкірегің,Құдайдың сүйген құлы өкілі едің.Ұлы Цинь,Қанатыңды кеңге жаймай,Осылай тұра тұршы, өтінемін! Уа, ұлы ел!Жауласқаннан не табамыз?!Ырыс емес, ұрысқа бет аламыз:Жылжыған сайын бері шекараңыз,Бір жылан өткендей боп екі арамыз.Сыйынар періште де Алласына,Тартады тасбақа да таңбасына.Ай, мұнда сіңіп кету қиындау-ау,Біртүрлі адам түгіл, арбасы да. Жоғалтқан нем бар мынау жақта мұнша?!Кіріптар қылсын Құдай Хаққа құлша –Ауасын аурухана жұтқанымша,Дауасын дертіміздің тапқанымша. Көрмей-ақ қойған жақсы ед көргенімше,Өз елің ыстық екен өлгеніңше.Үрімжі,Ал мен кеттім, аман боп тұр,Қайыр-хош қайта айналып келгенімше!..2010 жыл, 11 тамыз.Үрімжі.