ВЕРНУТЬСЯ

         Қасиетті  Құран-Кәрімде
айтылғанындай, Адам ғ.с.с.-ның 20 егіз (бір ұл, бір қыздан) ұрпағы  болған екен. Солардың ішінде ағайынды Абыл
мен Қабыл да бар. Бір күні Аллаһтан бұйрық түсіп, егіздер бірі-біріне үйленіп,
ұрпақ көбейтуге міндеттеледі. Абыл Қабылдың сыңары болған қызға үйленуі тиіс.
Қабыл -үлкені де, Абыл-онан кіші бауыры. Алайда шайтан азғырған Қабыл өзінің
сыңарын Абылға бергісі келмейді. - Егер үйленсең, мен сені таспен ұрып
өлтіремін,- дейді. - Өлтірсең, өлтір. Мен саған қарсыласпаймын,-депті бауыры.
Ақыры зұлымдық бойын билеген Қабыл бауырын өлтірген. Сол үшін ол Аллаһтың
қаһарына ұшырап, Адам Атаның теріс батасын алады. Міне, адамның адамды өлтіруі
содан басталса керек. Адамзат жер бетінде өмір сүрген  талай мыңдаған жыл бойы көптеген азамат
соғыстарын бастан кешірді және кешіріп те отыр. Соңғы мысал - Ирактағы қанды
қырғын...