ВЕРНУТЬСЯ

Күнге еркелеп сылқ-сылқ күлетін,Ақ бұлақ жоқ сыйпай ағар түн етін.Оқиғалар келе жатыр көшеде,Кітаптарға кіріп-шығып жүретін. Күнде көшіп жатқан сынды тамам ел,Көңіл – бәрін көтеретін қарагер.Көп ішінде жылғыздықтар адасып,Көліктерге сүрінеді қара жер. Қалада жүр алмас тілім мұқалған,Сонда да өлмей тек жақсылық күте алған.Тайыздықты татып-татып дәм сезбей,Жұтаңдықты жұта-жұта жұқарған.Мына заман сәл нәрсеге елеңдеп,Үркек атқа мінгендейін келем-бек.Жылнамалар тұру керек жерлерде,Жарнамалар жөн бермейді көлеңдеп. Жарнамалар танымадым түріңді,Ұсынасың қолдан жасап гүліңді.Мен де оларға айтпақ боп ем бір нәрсе,У-шу болып түсінбеді тілімді.