ВЕРНУТЬСЯ

     Қалт етсе қол,

жусанды қырға асығам,

Жүзім шайып, жұтуға жылғасынан.

...Сыр іздеймін күрсінткен талайларды

Дірілдеген қыздардың сырғасынан.

Ойландыра алмастан жас адамды,

Қып-қызыл боп Күн қырға тасаланды.

Батқан күнге телміріп тұрып-тұрып,

Сосын қайта қолға алам Қашағанды.

Атын жайған бұл елге сарандығы

Қыздарбектің қыздардай таранды ұлы.

Бұтыменен бұт болып джинси шалбар,

Ысқыра ән caп жамылды қараңғыны.

Көз алдымда сырға тұр дірілдеген,

Бір нәзік жыр туғандай бүгін менен.

Ақ кимешек әжейге елендеймін,

«Шүкір, шүкір, шүкір» деп

күбірлеген.

Қандай күш қарт әжейді күбірлеткен,

Тым мазасыз боп кеттім бүгін неткен.

Қараңғыда бір сыр бар бізге мәлім,

Қараңғыға қараймын інім кеткен.