ВЕРНУТЬСЯ

Әкем өлген, жарым өлген-Сол «межеге» барып өлген...Қазан дейтін айым бар-Уайым жейтін жайым бар... Алаңдаймын қазан -айға –Тағы мені мазалай ма?!.Болар екен күнім не?..Қазан – айым, мұның не?.. Дертім бар ғой жанды жеген...Той-садақа қалды менен!..Той-садақам өзімде-Жүрегімде, көзімде!..Біреулердің өліміне-Қарай алман көңіліне...Көңіл- айнам-қараңғы...Ақыл да жоқ жарамды... Жасыл жазым еңсеріліп,Қара қазан төңкеріліп,Басып қалған күйесі-Мен сорлыға тиесі... Сөздерім де күйе-күйе...Келдім жардың жиегіне...Қара қазан, құтырма,Иманымды ұшырма!.                     Қыркүйек – 2008