ВЕРНУТЬСЯ

Бозторғайдың әуенінен аспан ап,Жусан жатыр қырды жасыл шашқа орап.Бір келген соң кетпейтұғын ешқашан,Қара тастар – даладағы тас-қонақ. Тас-қонақтар ұйықтап жатыр оянбай,Өздерінің тау-мінезін баяндай.Біз де – қонақ бұл өмірге келетін,сосын бірақ кетер аз-маз аялдай. Иә, біз де – қонақ, бірақ жолды іркіп,Қала алмаймыз.Рух жолын салдыртып,аттанамыз көз ұшында баратқан,бабалардан қалған ізді жаңғыртып. Кие – солар, замандарға төзген мың,Иесі олар сөнбес рух-көздердің.Иесі олар сөйлемдердің бойымен,қашықтыққа жүгіретін сөздердің. Мың ғасырлық қашықтық ол, жебе – мың,Толқынымен жарға ұрса да кеме-күн,Көз жазбауға, адаспауға сол ізден,Ақ қағазда суыт жүріп келемін.