ВЕРНУТЬСЯ

    Ай
қарайды тау жақтан қимасымдай,

Ол
енді шұғыласын жинасын жай.

Жетелеп,
кетіп бара жатыр түнді,

Қара
жол қара түннің бұйдасындай.

Қара
түн - жыр, Ақ таң - ән. Дауыс қандай!

Қара
өлең Ақ өлеңге ауысқандай.

Қара
нар желідегі түрегелді,

Қара
түнді өзі ішіп тауысқандай.

Тауысты.Таң
келді енді таусылуға,

Уақыт
солай есігін қаусыруда.

Түс
болды. Кеш те келді апыл-ғұпыл.

Түн
шашына көмілді тау сұлу да.

Уақыт-ай,
қуар едім, жоқ қанатым,

Таңды
ұрлап әкелер ме шапқан атым.

Осы
болды-ау «дүние - кезек» деген,

Қара
нарды жұтты енді қап-қара түн.