ВЕРНУТЬСЯ

     Қарашық анам, жағаңа келдік жиналып,

Қайғыға біздің қамыға ақтың қиналып.

Егіліп тұрып, Ерқанат сынды ұланды

Қойнына жердің беруге біздер қимадық.

Көрген жоқ ұлан сегізінші осы көктемін,

Қатыгез тағдыр, сонда да сені сөкпедім.

Қамыққан кезде, жабыққан кезде көрмек боп,

Қарашық анам, өзіңе қарай беттедім.

Төрехан үнсіз,

теңселді шыдап тұра алмай,

Көзінде жас жоқ.

Тіл қатсаң бірақ жылардай.

Дарбазадағы сәбилер жазған жазулар

Баспаханадан басылып шыққан ұрандай.

- Ерқанат, қош бол,

Ерқанат, сау бол, Ләззат, - деп,

Жазылған сөзді оқыды өзбек, қазақ кеп.

Қарашық анам, жағанда жатыр сол бала,

«Таза аққан едің, өтінем, тағы таза ақ», - деп.

Әділетсіздіктің қайыспай көтер салмағын,

Қайғысыз сенің жүзінді көру арманым.

Жұбату сөздер менен телеграммалардан,

Ерқанат,

Ұқтым мен мәңгі сегіз жасар боп қалғанын..