ВЕРНУТЬСЯ

      Столынды саусақпен сырт еткізе қатты ұрып

Қиғаш тастап
картасын, қырын қарай лақтырып

Қолы жүріп
бергенде күлмең қағып Түмекең

Әндетеді-ау
дейсің бір арғымақ жал ат мініп '

Айналамда келесі
caп тыйылып жаңағы ән,

Абыржып-ақ қалады
әлгіндегі нән ағам.

Ойыны гой картаның,

Карта
деген бұл итің

Кімнің
ғана, Құдай-ау, көңіліне
қараған!

Қойнына кеп кіргендей сиықсыздау бір кемпір.

Қалмайды енді ағамда әлгіндегі түрден түр.

Әлденені күбірлеп, күрмеле ме, қайтеді,

Қара тастың өзін де қиып түсіп жүрген тіл.

Карта дейтін шіркінге қандай ғана дауаң бар,

Қарап тұрып
көкемнің қабағынан жауар қар.

Мәткені де, валетті алып жатар қос-қостан,

Қалып жатыр жауапсыз қаншама бір сауалдар.

Карта дейтін пәлеңіз қарамайды беделге,

қарамайды, кайтесің Тұманбаймын дегенге. -

Шарықтатып біресе шың басына шығарып,

Домалата салады тағы бірде төменге.

Қарамайды бұл
итің талантыңа, дарынға,

Құлағына
кірмейді күйінгенің, зарың да-

Алып та қал сондықтан, шалып та қал,

Түмеке, қолың
жүріп тұрғанда, көзіріңнің барына

...Кезегімен
картаңыз айналғанда тағы бір

Түмекеңнің
қайтадан жанып беріп бағы дүр

Әндетсе де түнімен, әр кетсе де түрінен,

Ұтып шығар
түбінде Сәкенінді бәрі бір.