ВЕРНУТЬСЯ

  Қой, қой енді, қой енді...

күрсінбе, ұлым,

Ойыңа алма, ажалдың бұл сұмдығын.

Жігіт шақта жабырқау ұят саған,

Құшағында еліңнің жүрсің бүгін!

Уландырма санаңды сары уайымға,

Ақ көбейсе көбейсін самайыңда.

Қиналған бір кездерің... ол да бақыт,

Тек  АДАМДАР болса
екен маңайыңда...

Сызын бүркіп, кетпесе басыңнан бұлт,

Кей пенделер жымыңдап, қасын қағып:

-  Бұқтыра түс!

-  Сұға түс! - деп
ымдаса,

Келеді ОЛАР көмекке досың болып!

Әке сағын сындырар жасық бала,

Ар-ожданнан бір сәтке қашықтама.

Мұнда келсең... ештеңе көре алмайсың,

Жарық күнде көзіңді ашып қара!