ВЕРНУТЬСЯ

Өмірін жалғыздықпен өткерген түз,Біз оған таңданумен шектелгенбіз.Бұл адам табиғатты қалай ұқсын,Бір-бірін түсінбейді көктем мен күз. Көктем тұрып: «Мен – өмір сәні» дейді,Күз: «Кәрілік – өмірдің мәні» дейді.«Жапырақ жасыл түсті» дейді көктем,Күз айтады: «Жапырақ – сары» дейді. Үзілмесе екен деп тоқтық әні,Бейбіт таңым, тағы да аттың әні.Көктем мен күз айтысып келеді әлі,Қыс келіп екеуін де жоқ қылады. Талайларды мәрттікпен ойландырдық,Аңғалдықпен талайды қайран қылдық.Талайлардың күзі жоқ,Көктемі де,Талайға арман болды қайран Бірлік.                             * * *Жапырақтар сұп-сұр күзгi бағында, шашылыпты.Жатыр оңың, солыңда.Жел ұйытқыса шыр көбелек ұшады,Айналыпты түк ұқпайтын тобырға. Құстар даусы қыстан қашып құтылды,Көлеңкем де сұп-сұр бұлтқа жұтылды.Сұлу едi таудың бұлты.Ал бүгiн,Алатаудың алжапқышы сықылды. Түн тұратын иығына шам асып,Шамға құмар шiркейлердiң бағы асып.Күзден басқа жан жоқ ендi көшеде,Аялдама адам iздеп адасып.Қазiр бәрi керiсiнше болғандай,Бақытыңды менсiнбейдi сормаңдай.Бүгiнгi адам кешегiден өзгеше,мiнездерiн терiс киiп алғандай. Бәрi өзгердi.Жап-жарық қып түн өзiн.Ана тiлiң танымай қап тұр өзiн.Бәрi өзгердi – күлкi, өлең, көлiк те,Тек зұлымдық өзгертпедi мiнезiн.                  * * *Алыста қалды анау қала, бақ,Мен жүрмін қалың ой қамалап.Көктемнің соғады самалы,Таулардың тағдырын аралап. Таулар ма ?Тау деген – тас айдын.Тастардан төзімді жасаймын.Шашылған тірлікті теріп ап,өмірдің мүсінін қашаймын. Ақыл-ой!Кел отыр қасыма.Ақ кіріп қалыпты шашыңа.Қытайдың қорғаны сияқты,Шаттықты жасайық асыға.Қиратып надандық түрмесін,Жасайық ұлылық іргесін.Келешек күндердің баласы,Бізді де кінәлап жүрмесін. Бабамның ақылы қандай деп,Кетіпті сара жол салмай деп.Өмірдің сықпыты мынау ма,Ал сонда өлімі қандай деп. Осынша даланы шырайлы,Мыңдаған бөлшектер құрайды.Даланың қиыршық тастары –Олар да тау сынды жылайды.Себебі – олар да тау болған,Ол таудан аса алмай жау қалған.Қартайды. Бала-тау өсірді,Өзгенің назарын аударған. Өсіңдер, тауларым, бата алып,Қалмасын тірліктің аты арып.Адам боп,Тау-тас боп – бәріміз,Жатамыз Жер-Ана атанып.