ВЕРНУТЬСЯ

     Күйдік, жандық, сүйіндік, 
Талай жолда
адастық,
Шашырадық,
жиылдық,
Достастық та,
жауластық.
Жеңілдік пен
қиындық
Өтті бастан
алмасып,
Отырмыз енді
иіліп,
Көнсадақтай шаң басып.
Осының бәрі,
ойласаң,
Бір тостаған тіршілік.
Тостағанға
тоймасаң,
Табақты іздеп
күрсініп,
Жүрген кездер талтаңдап.
Күнің озық,
ілгері Ай,
Тамақ таңдап, дәм
таңдап,
Көп тасынған
күндер-ай!
Оның бәрі енді
артта,
Керегі жоқ аһ ұрып.
Өзіңе өзің жүк
артпа,
Арттағыны
шақырып.
Аз қалса да
алдағың,
Артық болар көруге,
Бармай тұрып
қармағың
Су түбіне шөгуге.
Лактырып қал тағы бір,
Соңғы балық
ілігер,
Көнсадақтың жағы
бір
Тартылар да дірілдер.
"Ала өгіздей
мөңіреп",
 Атар соңғы жебесін,
Сен де, мерген,
еңірет,
 Оқ таусылды демесін...