ВЕРНУТЬСЯ

    Лаулап жанған от басында 
Отырмыз біз
ойнап-күліп,
Қара көздер
арбасуда,
Кірпігі оқтай
жүрек тіліп.
Жатыр шапшып жалындары,
Көгілдірлі көкке
сүңгіп,
Самсап сансыз
жұлдыздары
Тұр төбеде аспан
мүлгіп.
От басында лаулап жанған
Тірі жан жоқ,
бізден өзге,
Жапырақта тына
қалған,
Жоқ қой тіпті
ескен жел де.
Жалбарынам: ұялмашы,
Ас мойныма
білегіңді,
Саған ғана
арнаған ем,
Алшы, алшы
жүрегімді.
Енді бірер сағаттан соң
Рауандап таң да келер,
Шапаққа алтын
бөленсе жөн,
Лаулап жанған от
та сөнер.
Қоштасармыз аздан кейін,
Жамылып таң нұр
шапағын,
Құшақташы, соған
дейін,
Келші, сүйші, сәулетайым.
Аттанғалы тұрмын ертең
Бет алысым долы майдан.
Жасыңды төгіп
қаларсын сен,
Мен теңіздей
кешермін қан.
Мүмкін біздер бұдан кейін
Ажырармыз ұзақ
жылдар,
Көріспеспіз көпке
дейін,
Тағдырдың не
тартуы бар?
Лаулап жанған от басында
Отырмыз біз
күліп-ойнап,
Жетті сағат
қоштасатын,
Келеді алтын таң
арайлап.
Алматы, июлъ, 1942.