ВЕРНУТЬСЯ

    Лаулап жанған от
басында, 
Отырмыз біз үнсіз
ойлап,
Қой қорада, қос
қасында,
Қотан күтіп жатыр
мойнақ.
Тік шаншылып ұшқан жалын
Көгілдірлі көкке
сүңгіп,
Биікке іліп
жұлдыз шамын
Тұр төбеден аспан
мүлгіп.
Табиғат та тыныс алған,
Еш адам жоқ
бізден өзге.
Жапырақта тына
қалған,
Жоқ қой ескен жел
де.
Мұңайма сен, жас
жұбайым,
Мойыныма
білегіңді ас.
Ел қорғауға
достың дайын,
Кірпігіңді
жумасын жас.
Енді бірер сағаттан
соң,
Рауандап таң да
келер.
Шапаққа алтын
бөленсе жөн,
Лаулап жанған от
та сөнер,
Қоштасармыз аздан кейін,
Жер шұғыла
жамылғанда.
Құшақташы, соған
дейін,
Еске алайын
сағынғанда.
Аттанғалы тұрмын ертең
Бет алысым долы майдан.
Жасың төгіп
қаларсың сен
Тек азат бол,
уайым ойдан
Мүмкін, біздер бұдан кейін
Ажырасамыз ұзақ жылдар.
Көріспеспіз көпке
дейін,
Тағдырдың не
тартуы бар...
Лаулап жанған от басында
Отырмыз біз үнсіз
ойлап,
Қош, ие бол көз
жасыңа,
Келеді алтын таң
арайлап!
Алматы, 1942