ВЕРНУТЬСЯ

Анау терекке қарашы,Құмға сiңгендей бағасы.Нәр бере алмадың бiзге деп,Жапырақтары тастай қашқан-ау шамасы. Шөл қысқан терек - Құм-адам,Бұтағын созып, ажалын көктен сұраған.Өле алмай тұр ол.Сергелдең жанға ұқсайды,О дүниесiн ұрлатып алып жылаған. Жылама, терек, басса да сенi құм-аршын,Асқан ерлiктiң белгiсi сынды тұрарсың.Құмда өсiп нең бар дей алман,Орман етсем дептәуекел қылған шығарсың. “Ел қондырсам” деп Махамбет,Азаттық өмiр сүруi керек жаhан деп,Тап осы жерде олар да жүрген түн қатып,Бостандық таңы атар деп. Сен шығар, бәлкiм, сол ерлiктердiң жалғасы.Көктем келiп тұр.Көктем дегенiң жол басы.Батырлар басын кессе детастап кетпеген екен бұл жердi,Сен де ендi, терек,Орманға кетiп қалмашы.                    *  *  *Қала мынау ерке күлкi, сан қылық,көлiктердiң айқай-шуын ән қылып,ию-қию жүгiредi көшелер,ақыл-ойын үйде ұмыт қалдырып. Көңiл-дөнен көрiктi ойдан жұтап бар,өлеңiмнен орын iздеп бұтақтар.Дүкендегi сөрелерден қарайды,Тұра-тұра iшi пысқан кiтаптар. Iшi пысқан кiтаптар тұр нешеме,Кейiпкерi кетiп қалған көшеге.Көлiктерге қол көтерiп тұр, әне,Жаяу қалған маңдайдағы пешене. Шыңдар анау ақша қармен ұшталып,Тiрлiк мынау жоқшылыққа ұсталып,Сонда да. . . жол жұбанышпен қысқарып,Өмiр-кiтап үмiтiммен тысталып. Керуендей кетiп жатыр мақпал күн,Баласы - бiз түсiнiксiз шақтардың.Қанағаттың көрпесiнен үй тiгiп,Жылынамыз аязына ақпанның.