ВЕРНУТЬСЯ

    Зорға тыңды,
Жаңа ғана
Таң сәріден,
Қызған айқас.
Шомғандай қан
Моншасына
Сүңгіп барад.
Күн ұяға.
Зор жеңіспен
Бітсе де егес,
Күңгір-күңгір,
Құлақ шулап.
Бүгінгі ауыр,
Қанды күрес
Көз алдымнан
Кетер емес.
Тоқта, тоқта,
Қалай еді?
Тұтқиылдан,
Найзасымен
Көкірегімді
түйрегелі
Менен бұрын,
Жау сермеді.
Сақтаулы еді,
Бұл кезде де,
Сағынышты ұланымның
Бейнесі
Өз жүрегімде,
Не ғып қиям,
Оны өлімге?! Шыр
еткендей,
Болды күнім,
Мен кім?
Өзі әкемін бе?! - деп, ұлымды
Қорғай бердім,
Оған төнген
Жауды сездім.
Жау найзасын
Қақтым төмен,
Толып кетті,
Көзім қанға,
Мазағына қалай
Көнем,
Салып өттім тас төбеден.
Ажалды сұм,
Құлап жатты,
Демек, ұлым!
Аман қалдың!..
Жау,
Көтермей жерден басты, өлді.
Иегін бір-ақ қақты.
Өмір шамым,
Жас нәресте,
«Рақмет, әке!»
Дегендей бір күлді
күндей
Жүрегімде, масаттанып,
Күлдім мен де:
Я, жеңіс.
Солай, солай.
Кенет сонша,
Неге ұйтқыдың?
Шіркін, жүрек,
Бұның қалай?
Тоқта
Мені мазаламай!
-          Анау кім ол!
-          Хат тасушы.
Болар, мүмкін,
Маған да хат?
Жазған шығар,
Ұлым, не
досы.
Демек,
Жүрек, сырың
осы?!
-          Маған бар
ма?
-          Бар, әрине!
-          Әкел, онда,
бер тезірек.
Шымыр етті,
Неге дене?
Сезгіш жүрек,
Соқтың неге?
Мен асығып,
Аштым хатты, дір-дір
қағып
Буындарым.
Көз алдымды
Тұман басты
Хат жүзіне
Төктім жасты.
Жасым тыйып,
Қайта үңілдім,
«Кешір,
Қайтыс болды ұлың...»
Жоқ, жоқ, қате...(Мен сенбедім).
Құндағында ол
Жүрегімнің.
Тек кеудеме
Түсті басым...
-          Шын ба, шын ба?
-          Қате, қате!
Жүрегімнен өшпек пе атың.
Ең аяулым асыл затым?!
Қазір ғана
Опырмап па
ем
Саған төнген
жау найзасын,
Жүрегімде сонда күлген,
Қарашығым,
сен емес пе ең?
Қолмен сүйеп
Маңдайымды,
Тек тұнжырап,
Отырдым мен,
Қарғадым,
Хат жазған жанды.
Қарауытып
Қөздің алды.
Секілді едім,
Осы кезде,
Мен жаралы
Долы арыстан,
От лаулап
Жүрегімде.
Өрт жалынға
Шомды дене.
Әттең, әттең,
Әттең сонда,
Ажалдың бір қарақшысы
Тұрса егер уысымда,
Қалмас едім
Еш арманда.
Оттан да өктем,
Өрт боп жанған,
Жүрегімді алып қолға
Неге,
Неге тастамағам?
Жау әлемін
Етер талқан...
-          Я, арман,
Шын өлген бе?
Көрші окоптан,
Көңіл айтып:
«Жоқ, жолдасым!
Қасіреттенбе,
Деді,- сақта
жүрегіңде!»
-          Дұрыс солай,
Мендік шешім:
Тірі ұлым,
Мәңгі тірі.
Мейлі өзгелер
«Өлді!» десін.
Жүрегімде сақтай берем
Оның жарқын
Жас бейнесін.
Отыр едім
Көзге жас ап,
Ду етті жұрт:
-          Старшина!
-          Әкелген ғой
Ыстық тамақ,
-          Құй көжеңді,
-          Бар ма шарап?
Ұсындым мен Флягімді,
-          Сыбағамды
Құйып жібер.
Жұбатайын көңілімді.