ВЕРНУТЬСЯ

Күзгі дауыл – табиғаттың жендеті,Жапырақпен жауып жатыр жер бетін.Қарақшы – уақыт шешіндіріп кеткесін –Жасыл бақтың сарғайыпты келбеті. Жапырақтар жанарында жас тұнғанДірілдейді аяғыңның астында.Долы дауыл екілене соғады –Табиғаттың кәрі ауруы асқынған. Жарқын жаздың бір белгісін көре алмай,Көзім көрген суретке де сене алмай,Кеудем – дауыл, жаным менің – жапырақ,Тұрып қалдым, төрелігін бере алмай!..                                                   1967 ж.