ВЕРНУТЬСЯ

Неше түрлі өнер кешіне қатынасу әдемі әуен, тәтті күй
тыңдап, тұрмыс күйбеңімен, әбігермен қасаң тартқан жаныңды, шаршаған жүрегіңді
нығайтып, жібітіп,
балқытып қайту - мына дүниеде бармын деп жүрген адамдардың
аса бір бақытты сағатгары болып саналады. Абай айтқандай, «іштей жаңарып,
жуынып» қайтасың. Сол ән, саз кештерінің
ішінде де тамаша бір кештер болады. Мен солардың бірі есебінде «Шәмшінің кеші»
деген кешті атар едім. Шәмші Қалдаяқов - қазақ ән-өнерінде тұтас бір жатқан
дәуір, эпоха. Советтік дәуірде, яғни 70 жыл ішінде жиырмасыншы, отызыншы,
қырқыншы, әсіресе соғыс жылдарында сол уақытты бейнелейтін әндер шықты. Оларды
өте ірі таланттар шығарғаны даусыз. Сол әндер қазақтың өте бүлбүл әншілерін
дүниеге әкелді. Ал соғыстан соңғы дәуірде, әсіресе елуінші жылдар. да, бейбіт
емір, бақытты махаббат, ерке жастық, ақ бесік, ата-ана бақыты тақырыбында әдемі
әндер қазақ өнерінің жаңа дәуірін ашты. Тамаша сазгерлердің жаңа ұрпағы, жас
буыны сахнаға шықты. Міне, дәл осы кезеңнің, дәуірдің басында Шәмщі Қалдаяқов,
егізінің сыңарындай ағасы Әбілахат Еспаев екеуі ғажайып әндердің бірінен соң
бірін шығарыд
халқымызды қарқ қып тастады. Бұларды
бүкіл бір дәуір дейтін себебім - сол кезде
консерватория бітіріп, маманданып
шыққан сазгер болсын, әншілер болсын,өнерлерінде ұлттық әшекей, әр, нәр, дауыстарында
қазақы үн өте кеміп кеткен дәуренде, өрі қазаққа, әрі Еуропаға, орысқа да етене
жақын қазақ музыкасының ерекше мінезді, өзгеше лепті шығармалары дүниеге келді.
Әдетте, қай өнерде болсын «дәуір» деген сөзді оп оңай айта беруге болмайды. Ол
әлгіндей біртұтас тасқын есебінде ескі көл арнасын кеңітетін, таза үнмен жаңғыртатын
ірі құбылыстар болғанда ғана айтылады. Шәмші әндерінің нашарын көрген күніміз
жоқ, бәрі өз орнында, тақырыбы да тамаша. Ия, бәлкім, ол сәтсіздерін халыққа
үсынбайтын болар. Соның өзі өнерпаз есебіндегі биік талапкерлігін, азаматтық
жауапкерлігін сезгендік болып табылады. Қарапайым айтсақ, өзінің «Шәмші» деген
есімін қорғау. Қысқасы, баяғы Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Мүхит, Сегіз серілерден
соң қазақтың әнге жарыған, молайған тұсы - осы Шәмшінің дүниеге келуі десек -
артық
емес. Шәмшіні баяғы Штраусқа
теңеп, «вальс патшасы» деп атап жүрміз. Ол бағаның қадірін білу үшін қазаққа алдымен
«вальс» дегеннің не екенін білдіру керек қой. Ол - әрі ән, әрі би деген сөз.
Арагідік болмаса _ ертедегі қазақта бүл вальс - тұтас жанр есебінде жоқ болған
нәрсе. Осы түрғыдан қарағанда да - Шәмші әлгі «дәуір» деген сөзге тағы бір
дәлел қосты деген сөз. Ал «вальсті» Шәмші шырқата көтерді десек - ол қазак, музыкасының
Еуропа деңгейіне көтерілді деген сөз боп шығады. Шәмшіні - «таза қазақы
композитор» дегенде, осы жағын естен шығармау керек. Шәмші туралы өте көп
айтуыма болар еді, өйткені мен оны кезінде де осылай бағалап келгенмін. Біз екеуміздің
«Ана туралы жырымыз» да қазақ музыкасы мораль, эстетика, адамшылық тәрбие
мәселесіне косқан үлесі болып табылады. Жәй айтсақ, ол міне кырык жылға жуық ән
анасы есебінде, гимн есебінде айтылып келеді. Оны анаға дейтін себебіміз -
өзінен соң ана туралы қаншама ән тобы қаптады десеңші! Қазір санына жетпейсің.
Шәмшінің «Анасы» қазақ баласын ана сыйлауға тәрбиеледі. Сонымен қазақтың XX ғасырдағы
музыкасының маржаны есебінде халық жадында кала береді. Оған менің де үлесім
барына мақтанамын. Шіркін, Шәмшінің мына Нүрғали үйымдастырған үлкен кешіне
қатысуға осы тұстағы мәдени оқиғалы, тарихи мәнді сапарлар қол тигізбейтіні
өкінішті. Мен Шәмші рухынан да, Нүрғалидан да, көпшіліктен де кешірім сұрап,
олардың бақытты сағаттарына тілектестік білдіремін. Қазақтың ұлы композиторы,
халықтың сүйікті перзенті Шәмші Қалдаяқовтың есімі мәңгі жасасын!