ВЕРНУТЬСЯ

Таң атар тағы да бiр күндi үйiрiп,Ал кешке ай туады түнге иiлiпқыс пен жаз кезегiмен алмасады,Табиғат бiр шешiнiп, бiр киiнiп. Бере алмай көңiлге нұр, жанға шабыт,Күз жүргенде күрсiнiп. . . далбаса қып.Аппақ қыс қыркүйекте жетiп келдi,Үйiр-үйiр боранын алға салып. Кеше ғана жаз едi мүсiнi өңдi,Қыс келдi де, қыр аппақ түсiне ендi.бiр-бiрiне қаңбақтар тығылысып,Қыр астында құйындар үсiп өлдi.Өткiр аяз жаныңды жарақаттай,Қар жауады өзi өзiн мараппаттай.Жалғыз терек жапанда елеңдейдi,iлесе жөнелуге қара таппай. Тайыз көлМұзға айналды жадағай қап,Мұхиты жоқ отырған ”келе ғойлап”,Ал қыстыңуақыты жоқ отыратын,Тайыздықтар жайында терең ойлап. Түнгi ай тұрсәулесiмен төккен жарық,Көңiл тұрқара зiлдей кетпен шалып.Ақ қаламға аман-сау оралса деп,Ақ боранда адасып кеткен шабыт.