ВЕРНУТЬСЯ

Ән жоқ едi ол кезде жер бетiнде,әнсiз тiрлiк әзiр-дi керi кетуге. Бiрақбiр күнi бiр үмiт оянды,Бүкiл Еуразияны құшақтап,миллион жыл ғұмыр кешкен баянды,Ұлы Татис мұхиты:- Өлер күнiм таянды,осы күннiң келерi өзiме де аян-ды.Қойнымдағы байлығымды,ендi қайда қоям-ды? -деп жылағанда,Тәңiрден дәрмен сұрағанда,Тәңiрiқара жердi саусағымен шұқып қап,осы жерден шұңқыр жасап бергендей.Сосын оныақар-шақар тауларменен өргендей.Маңғыстау мен Қарақия ойпатыөмiрге осылай келгендей. Ұлы Уақытмұхитты бөлген кезде сан аралмен,келер шаққа деген жорамалмен,бұл жерде өмiр өз әнiн бастады.Ол әннiң аспанышәйдай ашық та болған жоқ,Өмiр мен өлiмнiң арасықашық та болған жоқ.Өмiр мен өлiмнiң арасыалыстасын деп шарықтап,бойына Тәңiрден сұрап шабытты ап,Татис толқындарының үнiнәнге айналдырып алып қап,қорған сап,арманынан орман сап,Ұлы Татис мұхиты кепкен кезде,оның бүкiл байлығыМаңғыстаудың ойына шөккен кезде,Сол ойпаңға барыпата-бабамыз орын тепкен кезгеалғыс айтам мың да бiр. Сол Татистiң мол байлығынтопыраққа тоқтатып,ұлы мұхиттысарнай ескен сардар желге жоқтатып,Мұз тауларын тас таулар ғып сақтатып,Бұлақтарын таудан тауға аттатып,Адыраспанның орманын,адыр-адырға қаптатыпжiберген.Содан берiнелер замандар көштi түнерген.Үн-түнсiз жатып,жылдардың тұңғиығына батып,хабарсыз жоғалып кеткенғасырлар көп қой.Солай ма, айтшы, Уақыт? Мына аптап желгеқанша ғасырдың көйлегi кептi екен?Тағы да кiмдер арманда кеттi екен?Татис сынды ұлылар көп пе екен?Тарихтың көзiне көрсетпейөзiнiң шексiздiгiнолар қайда апарып төктi екен? Жер шарында дау шығып,ұлы мұхиттай шексiз ұлттар да таусылып,Одан су жаңа ұлттар өсiп,олай да былай көшiп,қалатындай жетiм,қайтадан пiшiп картаның бетiн,таласты кеп,жер шарына көйлек тiккендей,сол алып көйлектiң етегi,бiздi орап барып бiткендей.Сол таласта бiр ел жеңсiз қалды,Бiр ел белсiз қалды.Бiреу төрсiз,Бiреу көрсiз қалды.Бiреу жансыз,Бiреу арсыз қалды. Ал бiзге астында байлық,Қашықтығы атпен жүргенге,бәленбай айлық,өр құйындыжер бұйырды. Одан кейiн де өттi заман не түрлi,қазақтың да сыбағасы талай рет кетiлдi.Соның бәрiн бастан кешкен Маңғыстаукөп сөйлеудi ұнатпайтынғұлама адам секiлдi. Ата-баба рухытiстiмен тiстесiп,бiлектiмен алысып,жүректiмен табысып,осы жердi уысында ұстап қалған,оны бет қаратпас аптаппентыстап та алған.Шикiлiктiң бәрiнсол аптапқа пiсiрiп,Жеңiлтектiктiайқай желiне ұшырып,салмағы барды сақтап,арманы барды баптап,жiгерсiздi құмына таптапмықтыларына ғана бата берген.Содан берiқазақтың таңы бұл жерде деарайлап ата берген. Небiр сұмдық көшкiндердiң азасы,тереңдiк пен санасы,қасиет пен киесiүркiп келiп,“Мен – қазақпын!” дегеннiң жүрегiнентұрақ тапқан шамасы. Көкiрегiнде ескi мұң,Ескiлiгiмен оқытыпғаламат ойдың кескiнiн.Көне кiтаптай сарғайып,Құмынсенiң мұңыңмен араластырып,өзiңдiсарнаған желмен жағаластырып,Сосынтып-тымық түннiң көзi саған қадалып,ойға шомдырып,Сап-салқын жұлдызымен тоңдырып,Құйындардағы аңғал қылық,Иесiздiгiмен таңқалдырып,Бас бiлмейтiн осы далада сындыбар мәндiлiк. Баяғының адамы осы жергеөзiнiң табан iзiн,сарғайған жүзiн,иесiз түзiн,күлкiсiнiң сыңғырын,домбыраның күмбiрiн,ақшыл құмын мың бұрым,төзiмiнiң тасын,көз жасын қалдырып,өздерi жаңа ғанабiр жаққа шығып кеткендей,кеткенiнесүт пiсiрiм уақыт қана өткендей.Ескi таулардың бұғылы әнi,көзге бiрден ұрынады.Жұрт жаңалыққа құнығады,Бiрақ...көненi сағынып жүргенiн,осы далаға келгенде ұғынады. Аңыздың кейiпкерлерi,Осы далада әлi де тiрi жүргендей.Қазақтың табаныныңтағы бiр бүрi жүргендей. Сағыныш деген сезiмосында жаратылғандай,Сөйтiп жер шарына таратылғандай.Келiңiз,боласыз бұл дүниеге жаңа туғандай.Бұл даладаешкiм ешқашан өлмегендейУақыттың желiешкiмдi де көмбегендей.Миллион жылдан берiiздеп жүрген киең сияқты,мәнiң мен жүйең сияқты.сен оның иесi емес,ол сенiң иең сияқты. Бiз де сарғайып,жапырақтай күйемiз.Адамбыз ғой -бүгiн бар да ертең жоқ,әлемдiк айналыста жүрген жүйемiз.Бiз өмiргекелiп, кетiп жүре берейiк,Тiршiлiк, БІЗГЕ арқа сүйеңiз!Текаман болса екен,Туған жер деген Иемiз!