ВЕРНУТЬСЯ

Әр қыстауынТарих қып жаратқаным,Маңғыстауым –Күллi әлемдi өзiне қаратқаным. Аңызы бар iшiнде қауғаның да,Түйелердiң iзiнде маң-маң қылық.Қайсар гүлдер өседi тауларында,Тастарды таңқалдырып. Ебелектiң етегi бүгiледi,Жиналсақ,Бiз де орман құраймыз деп.Тоқтамастан құйындар жүгiредi,Тоқтасақ құлаймыз деп. Тағдырына шынығып мұз қарыған,Жұлқылап оятады тектi желi.Маната тау өзiнiң құздарынан,Пойыздарды арқалап өткiзедi.Ал халқы ше?Өзiнен қонағы көп,Салтын бұзбай келедi аялы елiм.Қазақ деген осындай болады деп,Көрмелерге апарып қояр едiм. Апарып қояр едiм,Көрмелерге сөйлейтiн өңге тiлде.Тұрар едiң нұр ойнап келбетiңде.Әттең,Сен сиятын көрме жоқ жер бетiнде.             * *  *             Бәйшешектер жиырма күн ғана өмiр сүредi дейдi.Қыс таусылды.Қалды алыс сары жiбек күз.Ертең-ақ құлпырады үлбiреп түз.Келiп қалған көктемнен зәресi ұшып,Шатырдан құлап өлдi су жүрек мұз. Шуағына тәнті боп өрт аспанның,Ақ бұлақ таңдай қағып қолпаштар мың.Маужырап күн шуаққа жонын тосар,қартайған қу сүйегi жартастардың. Көктем келдi көгiлдiр.Жылыды бақ.Тiршiлiкке жүгiрдi тiрi бұлақ.Кемiредi ақ күшiк жоқшылықты,қоғамның бiр бұрышына тығылып ап. Өттi-ау өмiр!Тоқтамас ағыс мүлде,қысқа ғұмыр қарайды алыс күнге.Күлiп тұрып және де жылап  тұрып,Бәйшешектер билейдi қар үстiнде.          *  * *Үзіледі шарасынан,Уыс-уыс түндерім.Саусақтардың арасынан,Сауылдайды күндерім. Бұлт құшақтап бозаң айды,Тарқатты наз-өрімін.Күздің даусын аралайды,Жаңбыр-жаңбыр көңілім. Сен де кеттің сары шілде,Құс даусы да азайдың.Келе жатып таң ішінде,Жапырақтан жаз ойдым. Қос жағаны мекендеген,Жасыл құрақ, қайдасың?Жасыл күн де кетер менен,Ұрлап жастық айнасын. Айналды қос жаға мұзға,Арасында сал қайық.Екеуміздің арамызда,Сағыныш жүр сарғайып.